Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Алтыншы буын процессорлары



Pdf көрінісі
бет28/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Алтыншы буын процессорлары 64-разрядты жүйелік шинаны 
жəне көппроцессорлы жүйелердің жұмысын сүйемелдейді. 
Intel фирмасының алтыншы буынының алғашқы CPU Pentium Pro 
деген атқа ие
Pentium-мен салыстырғанда 
Pentium 
Pro 
процессорларында деректерді бестен 14-ке дейін конвейерлік өңдеу 
кезінде сатылардың артуымен екі емес, төрт конвейер, өтулерді 
болжаудың жетілдірілген технологиясы болады. Pentium Pro CPU 
ерекшелігі болып аналық тақтадан CPU-ға орын алмастыру салдарынан 
CPU ең көп жиілікте жұмыс істей алатын екінші деңгейлік 
интеграцияланған кэш-жады табылады. Pentium Pro CPU мықты 
есептеуіш құралдарымен жұмыс істейтін пайдаланушыларға арналған. 
Pentium II процессоры ММХ технологиясы бар Pentium Pro 
архитектурасын үйлестіреді. Pentium II CPU тактілік жиілігі 
233 бастап 
450 МГц дейін диапазонда болады, ал оның аналық тақтаның жүйелік 
шинасының тактілік жиілігі — 66 бастап 100 МГц дейін.
53 


Pentium IІ алмастыратын Pentium III бейнелерді, аудио- жəне 
бейнедеректер ағынын, сөздерді түсінуді өңдеу мүмкіншіліктерін 
кеңейтеді, процессордың тактілік жиілігі 600 МГц астам болады, ал 
жүйелік шинаның тактілік жиілігі 1,33 ГГц. 
Celeron туыстасының CPU пайдаланушыларды процессорлардың 
жаңа буынына өту процесін жеделдетуге арналған Pentium II нұсқасын 
білдіреді. 
AMD 
фирмасы AMD K6-2 туыстасының процессорлары 
үшөлшемді графика нұсқаулықтарын, аудио- жəне видеодеректерді 
жеделдетіп өңдеу үшін конвейерлік құрылымымен ядрода CPU 
модульге ие болады, ол 266 бастап 450 МГц дейін тактілік жиілікте 
жүйелік шинаның 66, 95 жəне 100 МГц жиілігінде жұмыс істейтін 
процессордың өнімділігін арттырады. AMD K6-3 процессорының 
ядросына процессор жиілігінде жұмыс істейтін екінші деңгейлік кэш- 
жадының 256 кбайт интеграцияланған, ал аналық тақтада көлемі 512 
бастап 2 048 кбайт болатын үшінші деңгейлік кэш-жадысы орналасады. 
Жетінші буын процессорлары 1 ГГц астам жеке жиілігіне ие жəне 
тактілік жиілігі 400 МГц дейін болатын жаңа жүйелік шинасын 
сүйемелдейді. AMD корпорациясының CPU K-7 Athlon деп аталады. 
Бірінші буындағы CPU Athlon технологияның 0,22 мкм негізделген 
жəне тактілік жиілігі 700 МГц болады, ал екінші буын 0,18 мкм 
технологиясына өту кезінде 1000 МГц жиілікті құрайды. 
Intel корпорациясының Pentium IV (Willamate) СPU сөздің 
шындығына келгенде Pentium Pro жаңартылуы болып табылады. 2,6 
ГГц дейін тактілік жиілікке ие жəне тактілік жиілігі (100 МГц х 4 = = 
400 MD
J
,) бір такт ішінде деректердің 4 пакетін бере алатын Quard 
Pumped жүйелік шинасын қолданады. Екінші деңгей кэш-жадысының 
көлемі 256 Кбайт құрайды. Процессордың ядросы 0,18 мкм 
технологиясы бойынша орындалған. 
Pentium IV(Northwood) СPU оның ядросы 0,13 мкм технологиясы 
бойынша дайындалуымен ерекшеленеді, тактілік жиілікті 3,06 ГГц 
дейін арттыруға мүмкіндік жасады, 512 кбайт дейін жəне жүйелік 
шинаның тактілік жиілігін 533 МГц мобильді қосымшаларға 
бағытталған. Intel Pentium M процессоры мобильдік ДК-де қолдануға 
бағытталған. 
Intel Celeron процессоры Pentium IV нұсқасының қысқартылған 
нұсқасын бейнелейді. Алғашқы Celeron процессорлары — екінші 
деңгейлік кэш-жадының қымбат микросхемаларының болмауымен 
ерекшеленген Pentium II аналогтары. СPU Celeron шығарылымы 
Pentium III жəне Pentium IV пайда болғаннан кейін де жалғасты. 
Олардың тактілік жиілігі — 2,88 Ггц дейін; жүйелік шинаның жиілігі 
— 400 МГц дейін; екінші деңгейлік кэш-жадының көлемі — 256 кбайт; 
технология — 0,13 жəне 0,18 мкм. 
54 


Intel Celeron D СPU негізінен үй мультимедиалық қолданысқа ие, 
0,065 жəне 0,09 мкм технологиясы бойынша жасалған, тактілік жиілігі 
3,2 ГГц дейін, жүйелік шина жиілігі 533 МГц жəне екінші деңгейлік 
кэш-жадының көлемі 512 кбайт дейін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет