Мультимедиялық проекторлардың негізгі өндірушілер қатарына
келесілер жатады: Aser, BenQ, Epson, InFocus, JVC, LG, NEC,
Optoma, Panasonic, Sony, Viewsonic, Vivitek жəне кейбір басқалары.
4.2.3.
Проекциялық аппаратты таңдау
Қазіргі уақытта нарықта проекторлардың жүздеген үлгілері бар.
Үлгіні таңдау кезінде бірқатар сипаттамаларды ескеру қажет.
Жарық ағынының жарықтылығы мəні бойынша проекторлар
мына топтарға бөлінуі мүмкін:
500 ... 1 000 лм — жарық түспейтін бөлмеде жəне фильмді үйде
қарау үшін қолданылады;
1
000 . 1 500 лм — күндізгі жарықтың енуінің ең аз деңгейі бар
бөлме, аудиториялар үшін қолданылады;
1
500 ... 2 000 лм — жарықтылықтың жеткілікті дəрежесіне ие,
жақсы жарықтандырылған бөлмелерде үлкен өлшемді кескіннің
проекциясын қамтамасыз етеді;
2
000 лм жəне одан аса — өте жарық проектор, күндізгі
жарықтың көп мөлшері түсетін конференц-залдарда үлкен
экрандарда нақты кескін түзу үшін өте
жақсы келетін орындаудың
жоғары сапалы шағын немесе жартылай шағын проекторларды
береді.
Проектордың жоғары ажыратымдылығы кескінді толықтай
көрсетуге жағдай туғызады.
Қазіргі уақытта ажыратымдылықтың келесі түрлері бар:
■
Кескін пішімі 4:3: VGA (640 х 480), SVGA (800 х 600), XGA
(1 024 х 780), SXGA (1 280 х 1 024), SXGA+ (1 400 х 1 050),
UXGA
(1 600 х 1 200), QXGA (2 048 х 1 536);
■
Кескін пішімі 16:9, 16:10, 15:9 немесе оған жақын: W XGA
(1 280 х 768 немесе 1 280 х 780), HD720 (1 280 х 720), W VGA
(864 х 480), W SVGA (1 024 х 576), Full HD (1 920 х 1 080), WUXGA
(1 920 х 1 200), HD 4K (4 096 х 2 400).
Сонымен қатар көп таралмаған проектор матрицасының
ажыратымдылығының басқа да пішімдері кездеседі.
Power Point көмегімен дайындалған компьютерлік тұсаукесерлер
үшін SVGA, XGA ажыратымдылықты проекторлар қолданылуы
мүмкін. Орта сапалы бейне жəне
фильмдерді пайдаланған
тұсаукесерлер үшін диагоналі 3 м дейінгі экранға проекциялаған
кезде — SVGA, WVGA, WSVGA қолданылады.
153
Excel-де дайындалған кестелері бар тұсаукесер XGA, SXGA
ажыратымдылығы кезінде жақсы көрінетін болады. Интерактивті
тақтамен жұмыс немесе интерактивті режимдегі жұмыс XGA, W
XGA, UXGA, Full HD ажыратымдылықтарын талап етеді.
CAD/CAM
қосымшалы, машина- жəне аспаптар жасау сызбалары
бар тұсаукесерлер үшін SXGA, SXGA+, Full HD ажыратымдылықты
проекторларды қолдану керек. Үлкен экранда DVD- фильмдерін
қарау, кескіннің жоғары сапасын қамтамасыз ету кезінде жоғары
анықтықты теледидарлар SXGA, SXGA+, UXGA,
Full HD
ажыратымдылықты талап етеді.
Проектордың
ажыратымдылығын
таңдау
кезінде
оның
қолданылатын ДК монитордың ажыратымдылығын мақұлдау
ұсыналады. Олардың ажыратымдылығы үйлескені жақсы. Көптеген
қазіргі заманғы проекторлар олардың ажыратымдылығынан өзгеше
кіру сигналдарын айырып тани алады.
Проектор таңдау кезінде салмақ маңызды фактор болуы мүмкін.
Проекторлар салмақтары бойынша келесі категорияларға бөлінуі
мүмкін: стационарлық — салмағы18 кг аса; тасымлады — 9 ... 18 кг;
шағын — 4,5 ... 9,0 кг; ультрашағын — 2,25 ... 4,5 кг; микрошағын
—2,25 кг кем; класс Palm («алақанмен») —1,4 кг кем; класс Pico —
0,5 кг кем; класс Pocket — ұялы телефон өлшемдері.
Өндірушілер кіріктірлген видеопроекторлармен жабдықталған
ұялы телефондарды шығаруды жоспарлауда, ол
мобильдік
байланыс бойынша алынған теледидарлық сигналдарды шығаруын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: