Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет110/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Үл кен Жезқазғанның қазынасы мақтаулы Аме риканың әйгілі 
мыс кендерін қанжығасына байлап кетеді!», «Қазақстан жерінің 
қымбат қазынасы – Отан игілігіне!» деген тәрізді айшықты 
сөздер үлкен әріптермен терілген. Бәрінің де түп мақсаты – Ұлытау 
қойнындағы мол қазынаға жұртшылықтың назарын аудару!.. 
Әлбетте, қызу әзірлік барлау алаңдарында жүрген. Ең үмітті 
деген қабаттарға қойылған станоктар геологтар ұстанған ғылыми 
концепцияға сәйкес айғақтар іздеп, талай қолатты қайыра 
тексерген. Бір ғажабы, барлау аса сәтті жүріп, Жезқазған 
жанкүйерлерінің қоржынын құнды деректермен толтырудан 
жаңылған жоқ. Әсіресе соңғы екі-үш айда!
Күзге таман Ұлытау геологтары кен орнының осы уақытқа дейін 
барланған қорына тағы бір мәрте есеп жасап, ЦКЗ-ның қарауына 
табыс еткен. Бұл жолғының ерекшелігі – кен құрамындағы 
қорғасын, мырыш, күміс және сирек металдар қорының дарала-
нып көрсе тілуі. Оның да түп мақсаты: Жезқазған – мыс қа ғана 
емес, басқа да түсті металдарға бай екен дігін таныту; соған орай 
геологиялық тү сініктеме ұсынылды; бұл – ғылыми сес си яда жаса-
латын баяндаманың дәйектемесі...
Жезқазғанның мыс пен қорғасынға құ нар лы кен өзектері аса ұзақ та 
күрделі жолдармен түзілген. Оның күмбез сипатты дөң ге лек бітімі терең 
қабаттан магма сұйығы көтерген ортадан, яғни көпіршіген газ бен ыстық 
ерітіндінің суынуынан пайда болғандығы күмәнсіз. Солар жоғарыға қарай 
лықсыған жолында үстіңгі қабаттағы кеуек тә різ ді құмдауыт белдеуде өз 
бойындағы металл «жүктен» сүзілгені анық, басқа кен орнында кездеспейтін, 
тек қана Жезқазғанда байқалған бұл ерекшеліктің мәні – айрықша зор. Әлгі 
«жүктер» ауыр металдардың сыбағалы салмағының әсерімен өзара байла-
нып, яғни қат-қабат «күлшеге» айналған. Оларды біз кені құнарлы қабаттар 
дейміз.
Кен қабаттары қоймалжың тартып, «жүк тері» тұнбаға айналған кезде, 
сірә, жыныс қатпарлары күшті қозғалысқа ұшырап, әр қай сысы түрліше 


266
Медеу СӘРСЕКЕ
тектоникалық сығымдалуға түскен, нәтижесінде терең жарықшақтар, 
құрдым оппалар пайда болып, ақыр аяғында металл тұнбалары әлгі қуыстарға 
құйылған деп шамалаймыз...
Осы айтылғандардан мынадай мәнді тұжырым туа ды: қарапайым геолог 
Қ.И. Сәтбаев ғылыми жаңа теория ұсынып отыр; талабы – оңды ма, талқылау 
үстінде, ғұламалар алдында мәлім болады... 
Қор комиссиясы барлаушылар ұсынған жаңа есепті өзгеріссіз 
бекітті. ЦКЗ қарарында мынадай дәйектеме бе 
рі 
лген: «Жез-
қазғанның есептелген қоры, оған қоса берілген геологиялық 
түсініктеме, сондай-ақ комбинат қарауындағы... барлау бө-
лімі аз күшпен сәтті орындаған зерттеу жұ мыстары мен іздеу 
әдістемесі ешқандай кү мән туғызбайды, өйткені мұның барлығы 
жан-жақты және өте тиянақты жүр гізіл ген...»
* * *
Қазақстанның геология қауымы, ал олар сол күнде ат тө-
беліндей азаң топ болатын. Сол жайсаңдар шыдамсыздана 
күткен академия сессиясы қараша айы ның (1934 ж.) оныншы 
жұлдызына шақы рыл ған-ды. Төрағалық еткен академик А.Н. Са-
мойлович КСРО ҒА-ның үшінші құрыл тай ын ашық деп жария-
лады да, талқылауға екі мәселе түсетін дігін хабарлады: «Үлкен 
Жезқазғанның және Үлкен Алтайдың өндіргіш күштері...» 
Арнайы шақырылғандардың жалпы қа 
рамы төрт жүзден 
астам, ғылыми құрамы да олқы емес; Одақтағы барлық геоло-
гия, тау-кен жұмыстарымен шұғылданатын, оның ішінде Қазақ-
станға қатысы бар ғылыми, өндірістік, жобалау және қоғамдық 
57 мекеменің маңда йалды өкілдері; мәжіліс залында еңбектері 
дүйім елге мәшһүр атақты ғалым-геологтар, көрнекті инженерлер, 
салауатты геологтар отыр. Академиктер ден А.Д. Архангельский, 
А.А. Байков, Н.С. Волгин, Д.Н. Прянишников. Бұлардың бәрі де 
Жер және оның қазба байлықтары, табиғи қорлары жайындағы 
ілімнің кәнігі білгір лері. Бір ғана академик Владимир Афанасьевич 
Обручевтің өзі – үлкен институт тың ғылыми кеңесіне тең түсер 
ғұ лама. Мұнай іздеудің асқан білгірі Иван Михайлович Губкин, 
Днепрогэсті салу 
шы, су маманы Борис Ев 
геньевич Веденеев, 
Хибин апатитін ашушы Алек сандр Евгеньевич Ферс ман...
Мінбеге ұзын бойлы, ат жақты, көмірдей жылтыр қара шашы 
кейін қарай толқын дана жығылған, үлкен көзді, сұлу да аққұба 


267
ШЫҒАРМАЛАРЫ
өңді қазақ жігіті көтерілді. Жете білмейтін адам нұрлы шы райына 
қарап, отыз беске келген сақа геолог деп ойлауы екіта лай. Әлде 
ұяң, әлде жаратылысы солай – өзіне телміре қадалып, тым-тырыс 
тынған көпке жасқана көз тастады. Сонсоң тамағын кенеді.
– Қадірменді қауым! Ғылым иелері және геолог әріптестер! 
Жезқазған кенінің қоры мен келешегі туралы дау бүгін туып отыр-
ған жоқ. Бұл жөнінен ол – сақал-шашы ұзарған ескі дау, кеніштің 
өзі де дүйім жұртты мезі қылған бақытсыз кен!.. – деп залға барлай 
қараған, әзілін қауым қабылдаған тәрізді, бірталай кексе езу тар-
тып қозғалақтап қалды. Сол да демеу болғандай, одан әрі бөгелмей, 
кібіртіктемей көсіле сөйледі. – Жезқазған қыртысында әр түрлі 
уақытта көптеген геолог бар лау жүргізген; оның кен үлгісін талай 
білімпаз ту алысқа жәшіктеп та сып, қызыға қараған; тіпті шеттен 
келіп, мұхиттың арғы бетіне алып өткендер де болған... Алайда
тап бүгінге дейін Жезқазған аймағы келелі талқы, түпкілікті кесім 
естімей, қиыр даланың қалтарыс бір түкпірінде елеусіз жат қан, 
геологиялық жөнінен табиғаты мәлімсіз, жа ратылыс-тегі жұмбақ 
кеніш болып танылмай келді. Ал бүгін Обручев, Архангельский, 
Байков, Самой лович тәрізді қадірлі академиктеріміздің тікелей 
жәрдемімен, жезқазғандық кен іздеуші қарапайым геологтардың 
өтінішіне ынта қойып қалтқысыз демеуімен тұңғыш рет беделді 
зор жиын алдында ғы лыми талқыға түскелі отыр. Бұған да біз зор 
ризашылықпен тәубе дейміз!..
Бұдан әрі баяндамашы бостағай сөзді қойып, залға жиналған 
зиялы қауым ның көпшілігі есімін тұңғыш естіп отырған Жез-
қазған-Ұлытау өңірінің таңғаларлық қазба байлықтары, оның 
қазіргі күнге дейін барланған кен қоры мен ғажап мүмкіндіктері 
туралы егжей-тег жейлі әңгімеге көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет