ған, – депті Қазақстан делегаты, республика Халкомының тө-
рағасы Ораз Исаев жиын мінбесінен. – ...Алдағы уақытта кен
орнын шөл далада, тасымалға қиын деген ән шейін желеумен
кейінге ысыруға тыйым салып, оның қымбат та аса қа жет
262
Медеу СӘРСЕКЕ
қазынасын тезірек игеруге дайындық жасауымыз қажет. Сөйтіп,
осы бесжылдықтың аяғында Жез қазғанда мыс қорыту комбина-
тын салуға кіріскеніміз жөн». Ал БКП(б) Орталық комитетінің
есебінен «Түсті металлургиядағы өрес кел жолсыздықтарды же-
дел реттеу» қажеттігін ескерткен сөздерді оқығанда, Жезқазған
барлаушылары соңғы жылдары өз дері кешкен ауыр бейнеттің түп
себебін ұқ қандай болып, алдағы күндерге үміт пен қараған. Бірақ
зарыға күткен түбегейлі өзгеріске бұл жылы да жете алмады.
Бәрі де құрғақ сөз қалпында қалды...
Соған да жаны күйзелген Жезқазған жоқтаушысы қиыла
өтінуші болуды доғарып, белсенді әрекетке көшу қажеттігін түсін-
ген. Сірә, БКП(б) Орталық комите тіне ұжым атынан хат жолдау
қажет. Әлде Мәс кеу ге барып, Саяси бюро мүшесі, Ауыр өнер кәсіп
наркомы Г.К. Орджоникидзенің қа был дауына сұранған жөн бе?
Ақылдас қан білгіштер соңғы амалды құптады.
Ақыры, көктемнің жаймашуақ күндерінің бірінде Жосалыға
жетіп, «Мәскеу-Ташкент» пойызына отырды.
Жолың оңғарыларда істің орайы өз-өзінен тумағы да – өмір
заңы. Мәскеуге келген күні-ақ ауыр өнеркәсіп наркоматынан ол
оқу бітір гелі көрмеген (бі р ақ хат-хабар алысып тұратын) сүйікті
ұстазы М.А. Усовты кезік тірді. Ыстық қауы шып, аман-саулық
сұрасқан соң-ақ, Михаил Антонович шәкіртінің былтырдан бергі
кә
сіби дағдарысынан хабардар екен, «Ал, не бі
тірдің? Мұнда
неғып жүрсің? Ақтар сырыңды!..» – деген.
Қаныш қазіргі жай-күйін бүкпеді. Нарко матқа үміт арта кел-
ген себебін де айтты. «Ойың дұрыс. Мүлт баспас үшін тек асық -
па. Сен маған екі-үш күнге мұрсат бер... – де ді ұстазы. – Серго
жолдасқа жету қиын болмас. Тек не дей тініңді, қалай айтуыңды
ойлану керек, Қаныш шырақ...»
Содан бір күні шәкіртін Түсті металдар институтының профес-
соры В.А. Ванюковтың кафедрасына ертіп барды. Сірә, Қаныштың
көкейкесті шаруасын алдын ала түсін дірген сияқты. Владимир
Александрович ауыр өнеркесіп наркоматында ғылыми кеңесші
боп еңбек еткен, Серго Орджоникидзеге сөзі өтімді ақылгөй екен.
– Жас жігіт, сізді маған кіріптар еткен істің жай-жапсарын аз-
дап білемін. Тым тереңдеп кеткен, көптеген лауазым иесі қатыс-
ты күрделі мәселе бұл. Сол себепті оның шиеленіскен түйінін
тек қана Григорий Константинович шеше алады. Бір деңіз, – деді
Ванюков бірден-ақ тура сөзге көшіп. – Сізге тегінде Жезқазған
263
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тағдырын бұдан әрі сөзбұйдаға салмайтын бұлталақсыз мықты
шешім керек. Солай ма? Екі делік...
Геолог жігіттің түпкі ойын түсінгенін мақұлдап бас изегеніне
жымиған профессор сөзін одан әрі сабақтады:
– Бұл үшін, Сәтбаев жолдас, Жезқазғанның орасан зор мүм-
кіндігіне Сергоны шүбә сіз илан дыру қажет! Онсыз, сірә, ештеңе
бітіре алмайсыз...
– Григорий Константиновичтің алдына жете алсам – сендірер
едім. Айғақ жеткілікті, барлау материалы толық. Орталық қор
комиссиясының былтырғы актісі де портфе лім де, бұл – мемле-
кеттік ресми құ жат!..
– Жоқ, қымбаттым, толық деп отырған деректерім әлі де
шикі деп есептеңіз. Көңіліңізге келмесін, оны әлі пісіру керек!
Айталық, үлкен бір беделді мекеменің ғылыми кеңесінде талқыға
салып, әбден пысықтап, ғылыми апробация жасап алып: «Міне,
Серго жолдас, мен ғана емес, мы надай кеңес те бізді жақтап отыр!»
десеңіз – сөзіңіз де, өзіңіз де өтімді боласыз... Ал наркомға кіру
жөнінде қам жемеңіз. Сіз үшін, қадірлі Михаил Антонович өтініш
еткен соң, амал қанша, Григорий Константиновичке мансұқ ісіңіз-
дің мәнін түсіндіріп, бірауыз сөз айтуға әзір мін, қымбаттым.
Қаныш Имантайұлының ойына келмеген шаруа. Мемлекеттік
актімен бекіген іс, көп жылғы барлаумен дәлелденген жайт-
ты қайыра талқылау қажет деп ойласайшы. Өзінен жауап күтіп
отырған наркомат сарапшысына таңдана қарады.
– Сенің халқың, Қаныш, мәтел сөз ге өте әуес. Және соны
өте ұтымды қолданады, – деді Усов шәкіртінің күмілжіген жа-
йын аңдаған соң. – Мысалы, «Жығылсаң – нардан жығыл!»
дейді. Қандай мәнді сөз!.. Мен де саған солай демекпін. Сірә,
тәуекел деп Ғылым академиясына сұрану керек! Басқа мекеме,
институттардың ғылыми кеңесіне сенім жоқ. Сенің мақтаулы
Жезқазғаныңды олар білмейді. Білмеген соң басын қатерге тігіп
қолдауы – неғайбыл нәрсе. Ал академияның арнаулы сессиясы
Үлкен Жезқаз ғанның қисапсыз мыс қорын мақұлдаса, оның қау-
лысын теріске шығарар Одақта бірде-бір ме кеме болмай-ды...
– Академия бізбен сөйлессе, тым үлкен орын. Ал біздің ин-
женерлердің бірде-бі р ін де ғылыми дәреже жоқ, атақ-беделіміз
де мәз емес... – деп күмілжіді Сәтбаев өзінен қилы жас үлкен қос
профессорға алма-кезек мұңая қарап.
– Ал сөйлесе қалса, сөзіңіздің өтеріне се німдісіз, ә?!– деп қар-
қылдай күлді Ванюков.
264
Медеу СӘРСЕКЕ
– Асылыққа жорымаңыз, Владимир Алек
сандрович, кәміл
сенімдімін. Жиған-терген деректі жайып салып, ағы мыздан жа-
рылсақ, ойлаймын, шынайы ғы лым ие лері даулы істің ақиқатын
айтуға тиіс және ол біздің пайдамызда болады! – деді Қаныш кенет
сенімді үнмен.
– Бәрекелді, мына шәкіртіңіз қияға самғайтын жігіт, қадірлі
Михаил Антонович! – Ванюков сыпайыгершілікті қойып, қазақ
геологінің арқасынан қақты. – Қысқасы, сессия қарағандай болса,
Үлкен Жезқазғанның мыс кенін қорыту мүмкіндіктері хақында,
несі бар, зерттеп жүрген мәселе, ғылыми баяндама жасап беруге
мен әзірмін!
– Былай болсын, – деді ақырында Михаил Антонович. – Бұл
жайында кеше мен қадірлі ұстазым Владимир Афанасьевич
Обручевпен ақылдастым. Ол кісі бұл идеяны бірден ұнатты, ба-
рынша қолдауға уәде етті. Тек Жезқазған ғана емес, Кенді Алтай
регионын да тыңғылықты әзір леп, екеуін бірге талқылау керек
дейді. Және соны академияның Қазақстандағы базасы көтергенін
жөн көре ді. Қысқасы, Қаныш, саған базаның төрағасы, академик
Андрей Дмитриевич Архангельскийге жолығу керек. Бәл кім, рес-
публика басшыларынан көмек сұ рай сың. Келістік пе? Сөйтіп,
сен – Қазақс тан да, біз – Мәскеуден қаумалап көрсек, ойлаймын,
Үлкен Жезқазған тағдырын талқылау дан академия басшылары
бас тарта алмайды... Ал ғұлама білгірлер алдында сөзі ңнің өтімді
болуы – өзіңе, тек өзіңе ғана байланысты. Тыңғылықты дайында-
лу керек, тал қыда бақ иә бедел емес, Жезқазғанның мыс көмбесін
көрсете білсең – тығырыққа тірелген гәпті, шырақ, сол шешеді!..
Ақыры солай болды. ҒА-ның төралқасы сол көктемде-ақ Үлкен
Жезқазған мен Кенді Алтайдың кен қазбалар жайын жан-жақты
қорын талқылауды қоңыр күзде қарауға қарар қабылдады.
ІІІ
1934 жылдың жазы мен күзі қызу әзірлікпен өтті: кен
орнының тағдыры, Ұлытау геологтарының көп жылғы ізденісі
тұңғыш рет салауатты талқыға түс пек. Және қандай? ҒА-ның
ғылыми сессиясында, есімдері әлемге әйгілі академиктер
дің,
геология білгірлерінің алдында. Безбен табағына Жезқазғанның
келешегі тартылмақ, келешек қана ма? Өздеріне имандай сеніп,
екі жылдан бері адам төзбес қиыншылық көрсе де тындырымды
еңбек етіп келе жатқан жанкешті жандардың үміті мен сенімі
де...
265
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сол үшін де Қарсақбайдағы ат төбеліндей іздеушілер тобы күні-
түні, айлар бойы тынымсыз жұмыс істеп, баяндамалар әзірледі.
Әзір болғандарын әлденеше мәрте тексеріп, өзара талқылап, бірін-
бірі аяусыз сынап, кереғар сұрақтармен пысықтап, жан-жақты
дайындықтар жасаған.
Қаныш Имантайұлының өзі де өресі жеткен баспасөз бетінде
Ұлытау қойнындағы қисапсыз мол, әлемде теңдесі жоқ ерекше
мыс көмбесі және басқадай да қазба байлықтары туралы мақалалар
мен сұхбаттар нөпірін (ұзын саны – 46!) тоғытып баққан. Бәрінің де
шекесіне не жуан ортасына «Үлкен Жезқазғанға – даңғыл жол!»,
Достарыңызбен бөлісу: |