315
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жете меңгерген талантты барлаушы. Ізденіс жолында ол бірнеше кен
көздерін ашты. Бұл кісіге әрдайым қолғабыс етіп, көмек жасап отырған жөн
болар еді...» – деген лебізді, сірә, бекер жазбаған...
Геологтың жанкүйер достары, тілеуқор адамдары әр ауылда болған.
«Бір жолы кең седегі дүйім жұрт таңғалған оқиғаға тәнті болдық, – деген
куәлік айтыпты Федор Пас ту хов 1974 жылы, бейдауа дертпен ауырып жүріп
Жезқазған кен-металлургия ком бинатының тарихи-өндірістік мұражайы-
на тапсырған, сүйікті ұстазы Қ.И. Сәтбаев туралы көлемді естелігінде. –
Ертеңгілік мезгілде ақ сақалды қарт кісінің төрдегі
кабинетке кіріп бара
жатқа
нын көр
генбіз. Әлден соң әлгі қарт жыртық күпісін қолтығына
қысып, үстіне Қаныш Иман тайұлының шолақ қара тонын киіп шық ты...
Бізде үн жоқ, бір тонның бір жылқы ға бағаланған қат кезі; оның үстіне да-
лада қақаған қыс; Қанекеңнің кеуде дімкәстігін де біле міз; әрі ол дамыл-
сыз сапарда жүретін адам... Біраздан соң кеңсеге Таисия Алек сеевна келді.
«Тася, үй жаққа барсаң ме нің кү пәй кемді ала келші!» – деген дауыс естілді
төр ден. Мән-жайды біліп реніш білдірген жұбай ына Қаныш Иман тайұлы-
ның түсіндірмесі мынау болды: «Қай тейін, үлкен кісі екен, үсті-басы жүдеп
кетіпті. Кіргеннен-ақ менің тонымнан көз алмай қарай берді, сонсоң жаным
ашып, еріксіз сыйладым...»
Жақсылықты,
тегінде ол кімге болсын, пайда көремін деген
күй кі есеппен жасама ған. Бақай есеп – Қа ныш жайсаңның жа-
ратылысына жат құбы лыс. Әрине, қарапайым халық оған кең
пейілмен қарап, ауылына келе қалса, өрістегі малға шауып,
үйіндегі бар асын алдына тосып бәйек болып, қайткен күнде кө-
ңілінен шығуға құлшынып баққан.
Соның бірі – Терісаққан өзенінің жоғарғы саласында болған
оқиға: Көпқазған маңын (Атбасарға қарай шығатын жолда) ара-
лап жүріп, Сәтбаев
тобы бейтаныс бір ауылға соғып, жол сұраған.
Бұдан әрі баратын жері – терістік беткей, құм жалдары басқан
елсіз қиыр. Ащылы маңы. Ауыл адамдары геолог тарды алыстағы
құдасы келгендей-ақ шын пейілмен күтеді. Бірақ сұрап отырған
жер іңе жете алмайсың, жол білетін кісіміз – дүкендегі ұстамыз
еді, кеше кеште ол байғұс жара
қат
танып қалды деседі. Жол
сұрамақ болып Қанекең ұстаға барады. Науқастың халі ауыр
сияқты, қолын күйдірген
киізбен орап ал ған, төсек тартып жатыр.
Мән-жайды естіген соң ұста киіне бастайды. «Шынымен Қаныш
болсаң, елсіз далаға қалайша қаң ғы тып жібе ре мін? Сендей ел
азаматына бір бармақ түгілі, жан пида!» – деп, әуелі Қарсақбайға
апарып, дәрігерге көрсетейік деген ақылға да көнбей, өмірінде
тұңғыш көріп тұрған геологтар тобын ауылынан екі жүз шақы-
рым шөл далаға бас тап кете барған...