Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет127/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

ТАҒЫ ДА АЙҚАСТА
І
1937 жылдың 18 ақ панында Серго Орджоникидзе дүниеден 
қайтты. Елудің өріне енді ғана іліккен қайраткер тұлға ның ке-
неттен қайтыс болуы көп жұртты, әсіресе өнеркәсіп адамдары-
ның қабырғасын қатты қайыстырған. Со лардың бірі – Қаныш 
Имантайұлы. Қайғылы хабарды радиодан естіген сәтте-ақ көзіне 
жас алып: «Серго жолдастың арамыздан мез гіл сіз кеткенін, сірә, 
біз әлі-ақ сезінеміз. Асқар тауымыз ғана емес, пана боп отырған 
қорғау шымыз құлады. Біз үшін бұл – ешқашан да ор ны толмас 
қаза!» – деген-ді.
Арада он күн өткен жоқ, Түсті металдар басқармасы қаһарлы 
жеделхат жолдапты: «Биылға бөлінген барлау қаржысы елу па-
й ыз ға кемиді. Ешқайда арызданып, қаржы сұрамауыңызды қа-
таң ескер те міз!..» 
Бұл енді бірден-бір қамқоршыңнан айырылдың, мазасыз 
қазақ геологы, араныңды теже деген ескерту... 
Күні-түні жер тесіп, Жезқазған ғана емес, Қияқты мен 
Байқоңырда, Атасу мен Атбасарда, Қорғасын кенінде, Жезді мен 
Най за таста, Қарсақбайдың өз басында жұ мыс істеп тұрған станок-
тарды барлаудан қалай тежейсің? Алдағы жазға жоспарланған 
кен барлауды қайтпек? Елу пайыз қаржы мың қаралы адам ның 
қақ жартысын қысқартып, өз жө ніңді тап деп қаңғытып жіберу!.. 
Жоқ! Жез қазған ның барлау тобы бұдан да зор құқайды көрген, 
келеңсіз қиянатқа биыл да қарсы тұрады. Орджоникидзе жол-
дас жоқ болған мен, мем лекет мүддесін қорғай білетін, бұл өңір-
дегі барлаудың пайда-залалын айыратын қайраткер Серго 
ны 
ауыстыруға тиіс. Қалай да ізден бей тоқтамайды!..
Мәскеуде ол ең алды мен бас басқармаға барған-ды. 
«Сәтбаев жолдас, бізді әбден басынып ал ғансыз, кімнің арқасы 
екенін білеміз» бол ды ес тіген жауабы. – Сіздің ұжымға жарым-
жартылай қаржы қалдырғанымызға тәубе деңіз. Анығында қар-
жыға аса ділгер бүгінгі ауыр жағдайымызда сіз он жылдан бері 
осы өңірден іздеп тапқан қисапсыз мысыңызды қазып алсақ теріс 
болмас, тегінде. Ең әуелі темір жолды жет кізіп алайық, комбинат-
ты қаз тұрғызу да – басты міндет!.. Ал барлау содан кейін де өріс-
тейді. Жезқазғанда мыс барын білеміз. Барлауды біршама тежей 


317
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тұрсақ та, еш теңе бү лінбейді. Түсінікті ме, жолдас? Сондықтан 
біздің де, өзіңіздің де қымбат уақытыңызды зая етпей, ұтымды 
ақылға құлақ асыңыз!..»
Құлақ аспасқа шарасы да болмаған. Көңіліне бекем санап, сеніп 
келген адамы – «Темір наркомның» бірінші орынбасары, уәдеге 
бекем қайраткер, кәнігі инженер – Ю.Л. Пятаков еді. Сөйтсе ол 
Серго жолдас опат болардан бір апта бұрын «аса қырағы» НКВД-
ның құрығына ілініп, «Кеңес өкіметіне қарсы қылмыскер топ 
құрған» деген қаралаумен түрмеге алыныпты (Бертінде ресми 
жарияланған деректерге қарағанда, С. Орджоникидзенің өзіне 
қол жұмсауы осы азаматтың тағдырына ара түсіп, И. Сталинді 
иландыра алмауынан болған). Амал не, бір емес, екі бірдей 
қамқоршысынан қапылыста айырылған Қаныш Имантайұлы 
одан әрі арызданудың өзі үшін де қатерлі екенін сезіп, барлауға 
көмектің өзге жолын қарастырған: сөзі өтімді Алтын барлау тресі-
не барып, шартқа отырып, қаржы дорба ларын біршама қағады 
да, жаймашуақ жаз күндерін тиімді пайдалануды ойлап, Жез қаз-
ғанға қайтып кетеді (Сөйткені, кейіннен ойласа, пайдаға шыққан: 
37-жылдың атышулы науқанында бір ғана Қазақстаннан ондаған 
ауыр өндіріс жетекшілері – Текелі қорғасын комбинатының қос 
басшысы Оразалы Жандосов, Мерғали Қадылбеков, Зырянов кен 
басқармасының директоры Жұмажан Тәттібаев, Балқаш зауытын 
жүргізуші, атақты өндіріс білгірі В.И. Иванов, осы комбинаттағы 
кен байыту фабрикасының директоры Ж. Төленов және солар 
сықылды ауыр өндіріс нояндары «Пятаков ұйымдастырған жа-
уыз топтың белсенді мүшелері» санатында бас еркінен айырылып, 
көпшілігі сол жылы ату жазасына кесілген...).
ФЕОДОР ПАСТУХОВТЫҢ естелігінен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет