Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет232/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Кеншілер қалашығында кандидатпен кездесу болды. Өзі-
міздің сүйікті Қанекең! Кездесуге халық көп жиналды. Кен-
шілердің мәдениет сарайына сыймаған жұрт дәліз ден де анта-
лап тұрды...
Сол күндері ол кісіні қонаққа шақырушылар да көп еді, бәрі де 
ескі таныстары  Үлкен Жезқазғанның іргесін көтеріскен жұ-
мыскер достары, барлаушылар. Көп үйлерді өзі аралап, қарттар-
ға сәлем берді. Ақыры дәмге шақырушылар тіпті көбейген соң 
Қа некең өзі: «Бәріңе барып үлгермеспін, бір жер ге жиналыңдар, 
бір кеш бірге болайық»,  депті. 


608
Медеу СӘРСЕКЕ
Амал бар ма, солай істедік. Кеніштегі мей рамхананы иемденіп, 
қазақша дәм әзір ледік. Кілең егде кеншілер, барлаушы карттар-
дан қалғаны жоқ. Қанекең аса көңілді отырды. Бір мезетте мені 
қасына шақырып:
 Гүлжан қайда, неге келмеген?  деді.
Қисынсыздау сылтау айтып едім, күлді де: «Алдаеке, келінді 
алып кел. Гүл жан ның күміс көмей үнін сағындым»,  деді. Амал 
қанша, үлкен кісі мен мейрамханада дуылдап отыру ұят болар 
деп ертпей кеткен зайыбымды алып келдім. Гүлжан сол күні 
бірталай ән айтты... Қанекең де қолына домбыра алып, әнге бас-
сын! Шір кін, даусы қандай еді?!
Ғалымды мен Қарсақбайдан білемін. Пар 
 
тия, кеңес жұ-
мысында жүргенімде талай-талай мәжілістес болғамын, ака-
демик Бардинмен келгенде де киіз үй тігіп, қарсы алғамыз. Көп 
жыл білсем де өте-мөте көңілді отырған кеші маған сол күнгі 
сияқты көрінеді. Сөйт сек, қайран Қанекең бейдауа сырқат екен 
ғой. Кім білген?.. Нет кен рухы күшті, мейірімді жан десеңізші! 
Жан берісер ескі достарымен соңғы рет бас қосып отырғанын біле 
тұрып, бір жанға сездірмей, ерекше көңілді болу? Жоқ, бұл кере-
мет қайратты кісінің, дәті берік адамның ғана қолынан келетін 
қисапсыз ерлік...
Ертеңінде Қанекеңді пойызға шығарып салдық. Жұрт көп жи-
налды. Қала басшылары, ескі жұмысшылар тіпті көп. Ғалым 
салон-вагонның баспалдағына көтерілген соң бізге қарап:
 Уа, Жезқазған халқы! Ескі достар, қи мастарым менің! Осы 
жердің астындағы мол қазынаға кейбіреулер мұрнын шүйіріп, 
барлауды тоқтатып тастайтын қиын күндер естеріңде ме? 
Не деп едім мен сонда?.. Әне, сол! Үлкен Жезқазған атанып, 
жер астындағы қазынасы жария болып, сән-салтанатымен бой 
түзеп, көз алдарыңда жатыр! Кені анау  эшелондар тынымсыз 
жүйткіген, қаласы мынау аспанға бой созған! Ағайын, өтінемін 
сіздерден, ел байлығын көздің қарашығындай сақтап, қа дірлеп 
ұстаңдар! Жез қазған қазынасы мол болғанмен, шексіз емес. Ал ол 
құрметтей білсең, талай ұрпағыңды жарылқар мол дүние!  деп 
қолын бұлғады да, іле ішке кіріп кетті. Көңілі босады-ау деймін, 
соң ғы сөздерін зор тебіреніс пен айтқаны есімде...»
Жезқазғанға соңғы келген сапарында ғалым ізбасар 
шәкірті, 1941 жылдан беріде кен барлау экспедициясын тап-


609
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жылмай басқарып келе жатқан, жасы сарыкідір тартқан кек-
се геолог В.И. Штифановқа бірауыз ескерту жасаған:
– Вася, тым жақсы тұрмысқа үйреніп қалған сияқтысың, – 
деген-ді. – Жұмысқа бүйтіп тоқмейілсіп қарауға болмайды!..
Ұстазынан мұндай сөз естіп көрмеген Шти фанов шоқ басқан-
дай безектеп қалады.
– Сен, немене, Жезқазғанның мысы мың жыл қазса да таусыл-
майды деп жүрсің бе? Аузыңды аңқайтып қойып, кеншілер ойы-
на келгенін істейтін болыпты, мысы құнарлы қабаттарды ғана 
қазуға дәндеп алған. Кедей кенге менсініп қарамайды дейді. Бұл 
не сұмдық? Қыс қасы, сол кесепатты білмегенсіп отырғаның маған 
ұнамайды, табиғат қазынасына аялап қарау керек! Құнары тө мен 
кендерді қазатын етіп заңдастырып бермесең – Жезқазғанның 
жағдайы күндердің күнінде мүш кілге айна лады, ойлан, тегінде. 
Таусылмайтын кен жер жүзінде жоқ!
Содан бір жыл бұрын, академияның көш пелі ғылыми сессия-
сын өткізе келгенде де ғалым осы жайында тебірене сөз еткен-ді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет