629
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Маймөңкесіз
айтқанда, Қаныш ғұламаның еңбегіне, асыл ру-
хына жасалған соншама қиянаттың түп себебі – «тоқырау зама-
ны» атанған уақытта ел билігін ширек ғасыр қолында ұстаған
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстан тарихында дара
тұлға атанып бір өзі тұрып,
өзгелердің елеулі еңбегін, есімін де ел
жадынан сызып тастамақ болған өзімшіл ерсі әрекетінен өрбігені
анық.* Бұл жерде оны қайталаудың жөні жоқ. Шындығында
нақ осы келеңсіздік жайында, ҚР Президенті Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
1999 жылдың 25 қараша күні Павлодар қаласында Қ.И. Сәт-
баевтың жүз жылдық мерекесіне байланысты шақырылған
мәжілісте:
«Өздеріңізге мәлім, дарындыларды күншілдер қудалап,
кемеңгерлерге күн көрсетпеген кертартпа қоғамда өмір сүрдік.
Қ.И. Сәтбаевтың басынан кешкен түрлі сүргіндер, жазалаулар,
ең аяғы ұлы еңбектің лайықты бағасын алмау себебі де осын-
да. Сондықтан да біз келешек ұрпаққа ұлағат ету үшін оның
ғылыми еңбектерін, асыл сөздерін, ғұмыр жолын кеңірек на-
сихаттауымыз қажет, жас жеткіншектер біздің халықтан
осындай алып тұлға туғандығын білуге тиіс... – деп өткен өмір
шындығын бадырайта айтқаны жұртшылыққа мәлім. Елбасы сол
күнгі мәжілісті былайша түйіндеген:
– Менің кәміл сенген ойым-
ша, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – кешегі Кеңес Одағының ұлы
адамдарының бірі ғана емес, жылнамаға көшпек ғасырдың ұлы
тұлғасы. Данышпан перзентіміз Одақ көлеміндегі ең озық геоло-
гия мектебін берік қалап кетті. Қазақ қауымынан мұндай биік
деңгейге көтерілген одан асқан тұлғаны мен білмеймін!..»
Бір жайт шүбәсіз анық: ғалымның өмірі алпыс бес жылмен
шектелсе, мәңгілік ғұмыры туған халқымен бірге жасап келеді,
әмсе солай жалғаса берсе игі!..
Иә, Қаныштай шын асылдың үлгі-ұлағаты ел жадынан өш-
пейді. Ғалымның шәкірті, Қазақстан
геологтарының екінші
толқынының аса дарынды өкілі, академик Шаһмардан Есенов 1969
жылы:
«Жыл артынан жыл өтер, уақыт керуені тоқтаусыз ілгері
Достарыңызбен бөлісу: