614
Медеу СӘРСЕКЕ
Алматыдан ғалым 1963 жылдың қараша айының 19-жаңасын-
да аттанған. Бір купеде үшеу. Жиені, археолог Кемел Ақышев
және көмекші серігі Бөпежан Аяпбергенов. Мәс кеу де бірталай
жұмыстары бар-тын. Ертерек барып, дәрігерге қаралу да ойында
бол ған. Бірақ, барған бетте соған мұршасы келмеді...
Сол қарсаңда СОКП Орталық Комитетінің желтоқсан плену-
мына әзірлік басталған. Онда химия өнеркәсібінің жай-күйі, же-
дел өркендету шаралары қаралмақ. Химия шикі заты аса қорлы
Қазақстанның рөлі бұл мәселеде ерекше,
Ғылым академиясын
басқарушы әрі іздеуші геолог атағы жұртқа мәшһүр академик
Сәтбаевтың пікірі келелі кеңесте өзгеше құнды болмақ. Әсіресе
қабылданар қаулының жобасын әзірлеп, жиынның бағыт-
бағдарын анықтауда... Қыс қасы, Қа ныш Имантайұлы талай күн
талмай отырып, СОКП Орталық Комите тінің химия өнеркәсібі
бөлімінің басшылығымен үлкен жиынның дайындық комис сия-
сында еңбек етеді...
Желтоқсан пленумы да сол күндегі
барлық жиындар сияқты
үлкен дүбірмен өтті. Іле-шала КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы
басталды.
Сол қарсаңда Мәскеуге Таисия Алексеевна да жеткен. Уәде бо-
йынша, сессия біткен күннің ертеңінде екеуі Кисловодқа демалуға
аттанбақ. Емдеу жолдамасы – қолдарында, жол билеті де әзір...
ІІІ
Шаңқай түс мезгілі еді. Академиктер асханасында отырған
ғалым кенет жайсызданып орнынан тұрып кетеді. Арғы түптен,
тереңнен қозғалған ащы запыран демін тұншықтырып, бойын
жайлап, әл-қуатын алып бара жатқандай. Бірақ президенттің
кабинетінде өтпек төралқа мәжі лісінен қалған жоқ.
Тек ұзақ оты-
ра алмады. Рұқсат сұрап шығып кетуге мәжбүр болды.. Лоқсуы
мейманханаға жеткен соң да басылмады. Қан қысымы көтеріліп,
халі сағат сайын ауырлай берді. Ақыры, таң ата жедел жәрдем ка-
ретасы науқасты Кунцеводағы үкімет ауруханасына жеткізді...
Консилиумдар едел-жедел шақырылады. Бірі операция жасау-
ды мақұлдаса, екіншісі науқастың үстелден тұрмайтынын ашық
айтқан. Ең соңғысы қаңтардың екінші жартысында жиналған-ды.
КСРО Денсаулық сақтау министрінің пәрменімен шақырыл ған,
әлденеше академиктер мен ірі профессорлар қатысқан білгірлер
кеңесі бұдан арғы көмекке дәрменсіз екенін мойындаған...
615
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алғаш жығылғанда-ақ елден бірнеше адам ұшып келген-ді.
Солардың алдыңғы легінде немере қарындасы Райхан Әбікей-
қызы Сәт
баева мен тұңғышы Ханиса –
екеуі де медицина
ғылымдарының докторлары. Одан соң қыздары – Шәмшиябану,
Мейіз, Мә риям, інілері мен күйеу балалары, жекжат-туыстары.
Сыр қаты жайынан хабарланған соң-ақ ежелгі дос тары да топта-
на келіп жатыр. Көпшілігі «жұмыспен жүрміз» деп сылтаура-
тып келеді де, қасында бірер күн отырып, қинала қоштасып елге
қайтады. Мәскеу ғалымдары, әсіресе геолог әріптестері де күн
құрғатпай жиі келген...
Бәрі де сырқат қозғалысын шектеп, аурухана төсегіне «бай-
лап» қойған кіріптар халін жеңілдетіп,
кірбең тартқан көңілін ау-
лау септігін тигізген. Әйтсе де... Өз күйтін ойлап өмір сүрмеген,
ес білгелі күллі ғұмырын «Ең бек, тек қана игі еңбек!» деумен
өткізген, адуын заманы да сөйтуге мәжбүрлеген бейнетқор
тұлға сол күндерде де бой дертін күйттеп тыныш жата алмады.
Көңілі хош көрген, араласуы қажет-ау деп білген үлкенді-кішілі
жұмыстардың бәрімен де аста-төк шұғылданады.
Достарыңызбен бөлісу: