234
235
А.А. Бодалев бұл тұрғыда былай атап көрсетеді: «акмеология
педагогикамен бірлесіп, өте күрделі міндетті шешуі қажет:
адамның өмір жолының əрбір сатысында микроакмесінің қандай
ерекшеліктерінің болуын айқындау, оның жетістікке жететін үлкен
акмесінің қалыптасуы. Шағын акме – бұл адамның макроакмесінің
алғышарттары».
Адамның өмір сүру əрекетінің əртүрлі кеңістігінде жоғары
жетістікке жету мүмкіндіктерін қамтитын жəне жүзеге асыратын,
акменің əмбебап феномен ретінде түсіндіруге сүйеніп, дербес
ғылыми саланы – жоғары кəсіби білім беру саласын ажыратып
көрсету мүмкін болды, сонымен бірге оны психологиялық-
акмеологиялық үдеріс ретінде қарастыру мүмкіндігі пайда болды.
Психологиялық жүйелер теориясы тұрғысында қарастырылатын
тұлғалық-кəсіби қалыптасудың ерекшеліктері адамның өзін-өзі
ұйымдастырушы жүйе туралы ұғымдарын беретін жəне акменің
жетістіктерін көрсететін, білім берудің сапасының өлшемі болуы
мүмкін.
Болашақ мамандардың кəсіби «Менін» психологиялық танудың
проблемалық өрісі, үш негізгі бағытты қамтиды:
Бірінші бағыт. Кəсіби «Меннің» тұлғаның кəсіби маңызды
сапаларымен,
жоғары
рухани
ұмтылыстарымен,
базалық
сенімдерімен, мағыналармен өзара байланысы.
Екінші бағыт. Кəсіби «Меннің» жəне іс-əрекеттің тиімділігінің,
қарым-қатынас пен танымның өзара əсері; кəсіби іс-əрекет
шығармашылық үдеріс жəне оған болашақ мамандардың
шығармашылық дайындығы ретінде, кəсіби «Менді» құрылымдық
ұйымдастырудың, іс-əрекеттің тиімділік деңгейлері мен фактор-
лары арасындағы өзара тəуелділік; жоғары-, орташа жəне аз
тиімді болашақ мамандардың кəсіби «Менінің» мазмұнды си-
паттамаларының айырмашылығы.
Үшінші бағыт. Болашақ мамандардың кəсіби «Менінің» креа-
тивті даму үдерісін оңтайландыру (қиындықтарды талдау, өзін-
өзі жетілдіру резервтері, дағдарыстар мен кедергілерді жеңу
жолдары); зерттелетін үдерісті психологиялық-акмеологиялық
қамтамасыз етудің алгоритмдерін құрастыру; кəсіби іс-əрекетте
болашақ мамандардың өзін-өзі жүзеге асыруға шығармашылық
даярлығының шарттарын айқындау; кəсіби «Менді» рухани «Мен»,
əлеуметтік «Мен», экономикалық «Мен», шығармашылық «Мен»,
денелік «Мен» креативті даму корреляттарын құру; жоғары тиімді
мамандардың өмірлік тарихын талдау; болашақ мамандардың кəсі-
би «Менін» креативті дамытудың акмеологиялық ортасын құру.
Кəсіпқойдың тұлғасының қалыптасуы, адам өмірінің бойында
үздіксіз жалғасатын біртұтас үдеріс ретінде қарастырылған зерттеу-
лер маңызды мəнге ие болады. Мұндай тұғыр С.Л.Рубинштейннің
«адамды барлық ішкі жағдайлардың жиынтығы ретінде қарастыру
қажет» деген қағидасына сүйеніп, негізі қаланған. Мұндай
жиынтықты ғалым іс-əрекетте белгілі бейімдеуші функцияны
орындайтын өзгеше қасиеттердің синтезі ретінде қарастырды.
Əрі қарай Б.Г. Ананьев адамды тұтастық ретінде зерттеудің
перспективасын тəжірибелік тұрғыда дəлелдеді, ол «адамның
даралығын оның сипаттамасының толық жинағы жағдайында
ғана түсінуге болады» деген жайтты атап көрсетті. Ғалымның
пікірінше, «даралық тұлғаның қасиеттері мен іс-əрекет субъектісінің
бірлігі жəне өзара байланысы ретінде түсіндірілуі мүмкін, оның
құрылымында адамның индивид ретіндегі табиғи қасиеттері қызмет
атқарады».
А.А. Деркач, В.Г. Зазыкин, А.К. Маркова бойынша, кəсіпқойды
дамыту тұжырымдамасының негізін, кəсіпқой, тұлғаның кəсібилігі,
тұлғалық-кəсіби даму сияқты категориялардың мəні туралы
акмеологиялық ұғымдар қалайды. Авторлардың анықтамасы
бойынша, кəсіпқой – бұл жоғары көрсеткіштерді игерген кəсіби
іс-əрекеттің субъектісі. «Еңбек адамының кемелденген тұлғасы
үшін кəсібилендіру үдерісін дараландыруға қатысты артатын үрдіс
тəн болады: əрбір жеке адамның қайталанбас кəсіби тəжірибесі,
тұлғаның қалыптасқан сапаларының, жинақталған кəсіби білімдері
мен біліктерінің, меңгерілген кəсіби міндеттердің дара өзіндік
үйлесімін құрады».
А.К. Маркова кəсіпқойға келесі анықтама береді: «Кəсіпқой деп
кəсіби іс-əрекеттің, кəсіби қарым-қатынастың нормаларын меңгер-
ген жəне оларды жоғары деңгейде жүзеге асыратын, кəсіби шеберлік-
ке жеткен, кəсіби этиканы сақтайтын, кəсіби құндылық бағдарлар-
ға сүйенетін; өзінің тұлғасын жəне даралығын кəсіптің құралдары
арқылы өзгертетін жəне дамытатын, кəсіпке шығармашылық үлес
қосуға ұмтылатын, кəсіптің тəжірибесін байытатын адамды атауға
болады».
Əртүрлі мамандарды жүзеге асырудағы жоғары кəсібилігі жəне
|