232
233
Көптеген авторлар атап көрсеткендей (Г.В. Залевский, П. Фресс,
М.С. Роговин), икемділік өзін қайта құруға деген белгілі даярлық,
«туындайтын мəселелерді есепке алып, өзінің іс-əрекетін болжау,
тəжірибені шығармашылықпен қабылдау жəне сыни тұрғыда
бағалау» қабілеті ретінде, вариативті, адекватты мінез-құлықтың
негізінде болады, сонымен бірге тұлғалық-кəсіби қалыптасудың
сапасы ретінде анықталуы мүмкін. Тұлғаның əлеуетіне қаратылған,
қазіргі білім беру үдерісінде, қатаң реттеудің мүмкіндігі болмайды,
нəтижесінде, жүзеге асырылатын іс-əрекетте құндылықтар
жүйесімен өзара байланыстың икемді формалары үлкен рөл
атқарады, сонымен бірге оларды өмірдің өзгермелі жағдайларына
сəйкес алмастыру мүмкіндігі үлкен рөл атқарады.
Кəсібиліктің жалпы акмеологиялық инварианттары болып
табылатындар (А.А.Деркач, В.М.Дьячков):
• дамыған антиципация, олар іс-əрекетті орындау үдерісінде пай-
да болатын жағдайлардың дамуын дəл, «алыс» жəне сенімді болжау
шеберлігінде көрініс табады;
• өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі, ол өзінің қалпын басқару
шеберлігінде, жоғары еңбекке қабілеттілікте, стреске қарсы
тұрақтылықта, шұғыл əрекеттерге тұрақты дайындықта, қажетті
уақытта өзінің ресурстарын жұмылдыру қабілетінде көрініс табады;
• шешім қабылдау шеберлігі, атап айтсақ, шешім қабылдаудағы
батылдық, шешімдердің сенімділігі, олардың дəлдігі жəне нақ-
тылығы, стандартты болмауы жəне тиімділігі;
• креативтілік, ол жоғары шығармашылық əлеуетте ғана емес, со-
нымен бірге кəсіби іс-əрекетті орындаумен байланысты міндеттерді
шығармашылықпен қоюға жəне шешудегі арнайы шеберлікте
көрініс табады;
• жетістіктердің жоғары жəне адекватты мотивациясы.
Жоғары деңгейдегі кəсіпқойларда бұл инварианттар, басқа
мамандармен салыстырғанда біршама дəрежеде дамыған. Іс-
əрекеттің тиімділігін факторлы талдау, дəл осы сипаттамалардың,
орындалатын іс-əрекеттің жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің
факторларының жиынтығы «салмағына» ие болатынын көрсетті
(Е.Н. Богданов, В.Г. Зазыкин).
Адамның күрделілігі бойынша артатын міндеттерді қоюы, өзін-
өзі дамыту қабілетін, өзінің мүмкіндіктерінің шекарасына шығуға
ұмтылысты көрсетеді.
Өзін-өзі реттеу жүзеге асырылатын іс-əрекеттің жағдайларын
есепке алып, өзінің мінез-құлқын алдын ала құру жəне қайта құру
шеберлігін білдіреді;
• іс-əрекетке енгізілу, тұлғаның кемелденуінің белгілерінің бірі
ретінде қарастырылатын жұмсалатын күш-қуаттың қарқындылығы;
• өзінің дамуының қарама-қайшылықтарын саналы түрде жою,
өзінің өткен тəжірибесіне қатынасты сипаттайтын дамудың қырлары
арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
• өзін-өзі дамытуға жəне өзін-өзі жаңартуға тұрақты дайындық,
өзінің шекарасынан шығуға дайындық, өзінің кəсіби жолын инте-
грациялау, тəжірибені реттеу, кəсіби қалыптасудағы перспективалар-
ды көру шеберлігі.
Шындығында, адам өзіндік рефлексивті мүмкіндіктеріне сүйе-
ніп, өмірдің жағдайларын жəне өзіндік өмір сүру əрекетін, өмір сүру
салтын жəне белсенді түзету субъектісінің позициясын бағалауға
қабілетті болады, алайда бұл тұлғадан күш-қуатты жəне энергияны,
белсенділікті талап етеді, сондықтан мұның бəрі қалыпты күйде
өзін-өзі ұйымдастырушы ашық психологиялық жүйенің алуан түрлі
көрінісі болып табылады.
Осыған сүйеніп, тұлғалық-кəсіби қалыптасудың акме-
бағдарланған үдерісі, өзіндік қалыптасудың «шыңдағы» сатыларына
қозғалу үдерісі ретінде, өмір салтының құндылықты-мағыналық
негіздерін ұсынып, адам əлемінің қалыптасатын бейнесін
алмастырудың ерекше үдерісі ретінде көрініс табады, олар өз
кезегінде «шың» өзін-өзі жүзеге асырудың мотивациялық негізде-
месі қызметін атқарады. Акме-бағдарланған үдеріске енгізілу,
əлемнің бейнесін алмастыру үдерісінің маңызды буыны болып
табылады, адам əлемінің бейнесінің мазмұнды, құндылықты-
мағыналық құрамының бірлігін қамтамасыз етеді.
Осылайша, тұлғалық-кəсіби қалыптасудан кейін, адамның
қалыптасу мəселесін мүмкіндіктен болмысқа шынайы жүзеге
асырылатын өту ретінде көруге болады. Тұлғалық-кəсіби қалып-
тасудың дара нұсқалары, көпқырлы əлемнің қол жеткізілген
деңгейлері тұрғысында қарастырылады. Бұдан басқа, тұлғалық-
кəсіби қалыптасу адамның көпқырлы əлемінің сипаттамасы жəне
көрсеткіші болып табылады.
Əлемнің кəсіби бейнесі мұнда жүйелі жаңа құрылым болып
табылады, ол көрқырлы əлемді безендіру үдерісінде қалыптасады
жəне мағыналар, құндылықтар арқылы көрсетіледі.
|