Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет117/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   205
Акмеология

228
229
ұғым жоғары кəсіби білім беру жағдайында болатын өзгерістердің 
көпқырлылығын жəне күрделілігін ескеруде қолданылады. 
Осылайша, кəсіби қалыптасу өмір сүру əрекетінің жаңа құры-
лымы мен тəсіліне əкелетін, адамның өзіндік ішкі əлемін белсенді, 
сапалы қайта құруын қамтиды (Л.М. Митина, А.К. Маркова,
Е.И. Рогов жəне т.б.).
90-жылдардың ортасынан бастап, психологиялық əдебиеттерде 
кəсібилік туралы ұғымдардың өзіндік кəсіби іс-əрекетті практика-
лық қайта құрудың пəніне айналдырудың мүмкіндігін негіздейтін, 
психологиялық сипаттамаларға алмастыру үрдісі байқала бастады, 
яғни мұнда маңызды сипаттама ретінде сананың, кəсіпқойдың 
əлемінің біртұтас бейнесін, оның өмір сүру ортасын, əлемді 
қабылдау таптаурындарын, тұлғаның əлеуметтік типін белгілі 
жүйелі ұйымдастыру алынады (Е.А. Климов).
Адамға өзін-өзі дамытудың субъектісі болуға мүмкіндік беретін 
маңызды шарт ретінде, тұлғалық өзіндік сананың деңгейіне 
жету алынады, ол өз кезегінде өмірдің өзіндік тəсілін анықтауға 
мүмкіндік береді (С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.Н. Леон-
тьев, А.Г. Асмолов, Д.А. Леонтьев жəне т.б.). Адамның өзін-өзі 
ұйымдастырушы, психологиялық жүйе ретінде, оның болашақ 
кəсіби іс-əрекетінің əрекеттердің құндылығын жəне мəнін түсінуге 
қажетті əлемнің бейнесіне сəйкестігін білдіретін, кəсіби іс-əрекеттің 
мазмұнын құрайтын интегралды сипаттамасы ретінде, кəсіби өзін-
дік сана алынады. 
Е.А. Климов кəсіби өзіндік сананың құрылымын айқындайды, 
оның төмендегі құрамдастарын ажыратып көрсетеді: 
• өзінің кəсіби қауымдастыққа қатыстылығын ұғыну: білім, 
өзінің кəсіби эталондарға сəйкестік дəрежесі, өзінің кəсіби «рөл-
дер» жүйесіндегі орны, қоғамдық қағидалар «шкаласындағы» орны 
туралы пікір;
• адамның кəсіби топтағы икемділік дəрежесі туралы білімі;
• адамның өзінің күшті жəне əлсіз жақтары туралы, өзін-өзі 
жетілдірудің жолдары, жетістіктер мен сəтсіздіктердің мүмкін 
болатын аймақтары, табысты əрекетінің дара тəсілдері туралы білімі;
• өзі туралы жəне өзінің болашақтағы жұмысы туралы ұғымдары. 
Жоғары кəсіби білім беру жағдайындағы іс-əрекетке қатысты, 
«болашақ кəсіпқойлардың қандай сапалы əлеуетті жинақтайтыны-
на қарай, өмірдің қандай стратегиясын жүзеге асыратынына қарай, 
«акменің» дəл сондай алғышарттарын құратынын» атауға болады 
(О.И. Жданов).
Осылайша, тұлғаның кəсібилігін анықтайтын акмеологиялық 
категория, кəсіби өзіндік дамудың қайнар көзі ретінде кəсіпқойдың 
əлемінің бейнесі (кəсіби іс-əрекеттің барысында кеңейтілетін жəне 
тереңдетілетін) жəне кəсіби іс-əрекеттің құндылықты-мағыналық 
мазмұны (онда іс-əрекетке деген қатынас өзін-өзі жүзеге асыру, 
өзіндік қозғалыс ретінде алынады) арасындағы үздіксіз қайта 
жаңғыртылатын сəйкестік алынады (О.М. Краснорядцева).
Адамның шынайы өмірі жағдайында тұлғалық-кəсіби қалып-
тасу (жоғары кəсіби білім беру жағдайында) əлемнің кəсіби бейнесін 
құрастыруда көрініс табады, ол өз кезегінде орындалатын іс-
əрекеттің өзі жəне қоғам үшін мəнін жəне құндылығына арналған 
міндеттерді шешумен, адамның ойлауын бірте-бірте кəсіби ойлауға 
қайта құрумен анықталады (оған тəн дара ерекшеліктерге сəйкес), 
ол таным формасы болып, өзіндік тұлғаның шығармашылық 
өзіндік дамуының жəне əлемнің қалыптасатын кəсіби бейнесінің 
тұтастығын жəне жүйелілігін қамтамасыз етуге қатысады. 
Жоғары кəсіби білім беру үдерісі, «акмеге» жетудің мүм-
кіндіктерін ұсынатын, өзіндік кеңістікті, өзіндік шынайылықты 
құруға, құрастыру жағдайларын құруға бағытталған, білім беру 
үдерісінде пайда болатын психологиялық жаңа құрылымдарды 
жəне адамдағы адамдықтың қалыптасуының сатыларының 
сабақтастығын ескеріп, «дамудың жəне қайта құрудың дара 
формаларының жəне мүмкіндіктерінің» көпшілігі ретіндегі білім 
беру үдерісін алмастыру түрінде көрініс табады (В.А. Гуружапов). 
Жоғары кəсіби білім беру жағдайында, сапалық өзгерістердің 
детерминанттары ретінде, мұнда акме-жағдайлар – ілгері дамушы
тұлғалық-кəсіби қалыптасу тəуелді болатын маңызды жағдайлар 
жəне акме-факторлар – адамның жаңаруын, қайта жаңғыруын, қайта 
құруын, өркендеуін анықтайтын көпқырлы əлемнің сипаттамасы 
алынады. 
Тұлғалық-кəсіби қалыптасуды санасы, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі 
жүзеге асыру тəсілін меңгерген адам үшін адекватты түсіндіріп, оны 
тұлғаның өмір сүруінің саналы ұғынылған тəсілімен байланысты-
руға болады. Бұл тұлғалық-кəсіби қалыптасуды кəсіби білім беру 
сатысындағы тұлғаның өмір салтын анықтаушы ретінде айтуға 
мүмкіндік береді, ал адамның көпқырлы əлемі өзінің құндылықты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет