Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет153/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205
Акмеология

298
299
лармен байланысты болады, онда акмеологиялық жағдайлар – 
тұлғаның жəне жас мамандардың іс-əрекетте жоғары кəсібилікке 
жетуге байланысты болатын маңызды жағдайлар болып саналады, 
ал акмеологиялық факторлар – бұл адамның кəсіби іс-əрекеттің 
шыңдарына, яғни жоғары жетістіктерге өзіндік қозғалысын 
негіздейтін объективті себептер болып саналады. 
Жас мамандардың акме-креативті əлеуетін дамытудың фактор-
лары ретінде, тұлғалық кемелдену, өмірдің саналылығы, өзіндік 
маңыздануға ұмтылыс, мінез-құлықтың флексибильді формаларына 
бейімділік алынады. 
Жас мамандардың акме-креативті əлеуетін дамытудың шарттары 
ретінде гуманитарлы акмебағдарланған технологиялар алынады. 
Акмебағдарланған технологиялар əдістер, тəсілдер мен техни-
калардың жиынтығы ретінде қарастырылады, олардың көмегі арқы-
лы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудың шыңдарына деген қозғалысы 
ұйымдастырылады, жүзеге асырылады. Технологиялардың ерек-
шелігі ретінде олардың гуманизм принциптеріне сүйенуі, адам 
дамуының жоғары деңгейлеріне бағдарлануы, сонымен бірге кəсіби 
іс-əрекет саласындағы жоғары жетістіктерге бағдарлануы алынады. 
«Əлеует» ұғымы адамды психологиялық зерттеудің дəстүрлі 
пəнінің шекараларын кеңейтудің мүмкіндіктерін қамтиды; сонымен 
бірге, тұлғалық сапалардың адамның жəне оның əлеуметтік-мəдени 
ортасымен динамикалық өзара əрекеттестігінде дамитынын жəне 
көрінетінін қамтиды (В.Н. Марков).
Кəсіби іс-əрекетте адамның акмебағдарланған траектория бой-
ынша өзінің тұлғалық жəне тұлғалық-кəсіби əлеуетін жүзеге асы-
руы, кəсіби іс-əрекеттің кеңістігінде акмебағдарланған ортаны 
құруға əкеледі, оның ішінде тұлғалық жəне тұлғалық-кəсіби дамуға 
əкелетін, қатысушылардың арасындағы құндылықты-мағыналық ал-
масу жүзеге асады (Н.В. Марков, И.А. Беспалов).
Практикалық-бағдарлы білім беру ортасының акмебағдарланған 
мəні адамзат тəжірибесінің əрекеттік, қайта жасаушы жəне шы-
ғармашылық сипатын ескеріп, студенттің өзіндік дамуын детерми-
нациялауында жəне оның болашақ кəсіби іс-əрекеттің жағдайлары 
мен ерекшеліктеріне сəйкес, кəсіби құзырлылықтарды оқыту бары-
сында меңгерген интеграция есебінен, тұлғалық жəне кəсіби өзіндік 
жетілдіруіне дамуын детерминациялауында көрініс табады. 
Практикалық-бағдарлы білім беру ортасын құрудың міндетті 
принциптерінің бірі ретінде (əрі қарай ПББО) оқу үдерісін ұйым-
дастырудағы сызбалық пен шарттастықты алмастыратын, кəсіби іс-
əрекетті сипаттаудағы дəлдікке қол жеткізетін шынайылық принципі 
алынады. 
Аталған принципті жүзеге асыруды əртүрлі тұрғыда ғалымдар-
дың қарастыратын акмебағдарланған технологиялар қамтамасыз 
етеді. 
Атап айтсақ, арнайы жинақты жəне дидактикалық шарттардың 
əдістерін, формаларын, тəсілдерін анықтайтын психологиялық-
акмебағдарланған бағдарлардың жиынтығы» ретінде, қайта құру-
шы психотехнологиялардың қалыптасуы мен дамуына бағытталған 
əдістердің жиынтығы ретінде (А.А. Деркач, Е.В. Селезнева) 
қарастырылады. 
Оқытудың акмебағдарланған технологиялары – бұл, ең ал-
дымен, студенттің кəсібилігін жəне бейімдеуші мүмкіндіктерін 
арттыруға бағытталған ішкі əлеуеті мен тұрақты мотивациясын да-
мыту есебінен, оқытуда жетістікке жəне жоғары нəтижелерге же-
туге бағытталған технологиялар. Нəтижесінде, акмебағдарланған 
технологиялардың негізгі міндеті ретінде болашақ мамандарға 
кəсіби білім мен біліктерді беру ғана емес, сонымен бірге, ең алды-
мен студенттердің санасында өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі жүзеге 
асыру қажеттілігін қалыптастыру мен бекіту, яғни тұлғалық жəне 
кəсіби «Менді» өзіндік жетілдіруді қалыптастыру жəне бекіту алы-
нады. 
Жоғары оқу орнының оқытушысы өзінің іс-əрекетін акме-
бағдарланған технологиялық принциптерді ескеріп құруы керек, 
яғни оны студенттердің кəсіби жəне тұлғалық даму траектория-
сын құру дағдыларын қалыптастыруға бағыттауы керек. Мұнда 
педагогтің алдында оқытудың инновациялық əдістерін кең қолдану 
мүмкіндігі жəне сабақты жүргізудің белсенді формаларын аса кең 
қолдану мүмкіндігі ашылады. 
Практикалық-бағдарлы білім беру ортасын ұйымдастыруда 
студенттерге кəсіби құзыреттілікті практикалық-бағдарланған 
конструкт ретінде тиімді дамытуды қамтамасыз ететін келесі 
акмебағдарланған технологияларды қолданған дұрыс. Осы 
акмебағдарланған технологиялардың маңызды сипаттамаларын 
қарастырайық: 
• Модульді-рейтингілік акмебағдарланған технология;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет