Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет161/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205
Акмеология

314
315
Контексті оқыту білім, білік жəне дағдылардың студенттің 
белсенділігіне бағытталуы тиіс пəн ретінде емес, маманның іс-
əрекетінің міндеттерін шешу құралдарына бағдарлануды қамтиды. 
Контексті оқыту оқу мен еңбекті іс-əрекеттің түрлері ретінде емес, 
генезистегі іс-əрекеттің дамуының екі сатысы ретінде қарастырады. 
Оқытудың жаңа жəне дəстүрлі формалары, əдістер жүйесі 
арқылы жүзеге асырылатын, контексті типтегі оқу-тəрбие үдерісінің 
негізгі сипаттамасы ретінде, болашақ кəсіби іс-əрекеттің пəндік 
жəне əлеуметтік мазмұнын белгілік құралдар тілінде модельдеу алы-
нады. Арнайы пəндерде шынайы кəсіби жағдаяттар жəне өндірістің 
үзінділері, ондағы адамдардың қатынасы қайта құрылады. Осы-
лайша, студентке оның кəсіби еңбегінің контурлары ұсынылады. 
Оқытушы мен студенттің жұмысының бірлігі ретінде, пəндік жəне 
əлеуметтік бір мағыналық емес жəне қарама-қайшылықтағы жағдаят 
алынады. Дəл осы жағдаятты, іскерлік жəне оқу сабақтарын (ойын-
коммуникациялар, манипуляциядан ойын-қорғаныстар, интуицияны 
дамытуға арналған ойындар, ойын-рефлексиялар жəне т.б.), талдау 
барысында, студент маман ретінде жəне болашақ ұжымның мүшесі 
ретінде қалыптасады. 
Контексті оқыту технологиясы іс-əрекеттің базалық үш фор-
масынан құралады: дəрістер мен семинарлардың жетекші рөлі бар 
оқу іс-əрекеті; ойындарда, арнайы курстарда, арнайы семинарларда 
жүзеге асатын квазикəсіби іс-əрекет; оқу-кəсіби іс-əрекет (СҒЗЖ, 
өндірістік практика, шынайы дипломдық жəне курстық жобалар). 
Іс-əрекеттің осы үш формасына үш оқытушы модельді қарсы қоюға 
болады: семиотикалық, имитациялық, əлеуметтік. 
Семиотикалық оқытушы модельдер, белгілік ақпаратты қайта 
өңдеуді жəне мəтінмен жұмысты қамтитын тапсырмалар жүйесінен 
құралады. Мұндай типтегі модельдерде іс-əрекеттің пəндік саласы, 
нақты оқу формаларының көмегі арқылы кеңейеді, оның аясында 
оқытылатын материалға тұлғалық қатынасты талап етпейтін тапсыр-
малар орындалады. Студенттің жұмысының бірлігі ретінде, сөйлеу 
əрекеті – тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу алынады. Жұмыс құралы ретінде 
МƏТІН алынады. 
Имитациялық оқытушы модельдерде, оқу тапсырмалары сту-
денттің белгілік ақпараттың шеңберінен шығуын, оның болашақ 
кəсіби іс-əрекетпен арақатынасын, білімді саналы ұғынуын қамтиды, 
бұл студенттің белгілі кəсіби міндеттерді шешу жағдайында енгенде 
жүзеге асады. Бұл жағдайда жұмыстың бірлігі ретінде заттық əрекет 
алынады, оның негізінде практикалық пайдалы эффектіге жетуге бо-
лады. Жұмыс құралы ретінде – КОНТЕКСТ алынады. 
Əлеуметтік оқытушы модельдерде тапсырмалар оқу үдерісінің 
қатысушыларының жұмысының бірлескен, ұжымдық формаларында 
орындалуы қажет. Мəселені шешудің осындай бірлескен ізденістері 
болашақ кəсіби ортадағы ұжымдық жұмыс тəжірибесін береді. Бұл 
модель іскерлік жəне оқу ойындарында, СҒЗЖ-да, кешенді курстық 
жəне дипломдық жобаларда жүзеге асырылады. Студенттің іс-
əрекетінің бірлігі ретінде, студенттің кəсіпті мəдениеттің бөлігі 
ретінде меңгеретін, өзінің еңбекке, қоғамға, өзіне қатынасын саналы 
ұғынатын əрекеттері алынады. Тұлғаның еңбекке, адамдарға жəне 
табиғатқа құндылық қатынасын қалыптастыратын жұмыс құралы 
ретінде ПОДТЕКСТ алынады. 
Контексті оқыту технологиясында мамандарды даярлаудың 
мазмұны екі қосындыны қамтиды: пəндік мазмұн, ол маманның кəсіби 
құзыреттілігін қамтамасыз етеді; əлеуметтік, ол ұжымда жұмыс істеу 
қабілетін, азамат болу қабілетін қамтамасыз етеді. Пəндік мазмұнды 
базалық деп атайды, ал əлеуметтік мазмұнды – фондық мазмұн 
деп атайды. Фондық мазмұнға этиканың, экологияның, тарихтың, 
мəдениеттің мазмұны жатады, яғни маманның дүниетанымдық жəне 
əлеуметтік сапаларын қалыптастыратын мазмұндар жатады. 
Осылайша, оқу үдерісін контексті оқыту технологиясы негізінде 
құру, студенттердің оқу іс-əрекетінің мазмұнын жəне үдерісін 
болашақ кəсіпке барынша жақындатуға мүмкіндік береді. Оқу 
іс-əрекетінің алуан түрлі формаларында болашақ мамандықтың 
мазмұны бірте-бірте құралатын болады, бұл өз кезегінде болашақ 
түлектердің жалпы жəне кəсіби дамуын тиімді жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді. 
Белгілік-контексті оқыту тұжырымдамасына сəйкес, студенттер 
оқыту үдерісінде іс-əрекеттің үш негізгі формасын жүзеге асыра-
ды: оқу іс-əрекеті, квазикəсіби іс-əрекет жəне оқу-кəсіби іс-əрекет; 
мұнда бір формадан екінші формаға өту, оқыту мазмұнның контексті 
кеңейтудің логикасына негізделеді. Іс-əрекеттің осы формаларын жо-
балау, ұйымдастыру жəне жүзеге асыру негізінде оқу үдерісі немесе 
дидактика құралатын, оқытылатын ғылымның тарапынан талаптар-
ды ескеруді ғана емес, сонымен бірге кəсіби іс-əрекетке қатысты, 
білімгерлердің белсенділігін əлеуметтік реттеуді қамтиды. Кəсіби іс-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет