Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет17/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   205
Акмеология

30
31
Акмеологиядағы шебер — шеберлікті меңгерген маман, ол 
тəжірибені меңгерген тұлғаның қасиеті ретінде, белгілі салада 
кəсіби біліктердің жоғары деңгейі ретінде қарастырылады. Кəсіби 
іс-əрекетте шеберлікке қол жеткізу үшін қабілеттер, арнайы 
білімдер, біліктер, дағдылар, мотивация сияқты маңызды «бастапқы 
мүмкіндіктерге» ие болу қажет. Мəні бойынша бұл «акмеге» деген 
қозғалыстың базалық сатысы болып саналады. 
Қазіргі кезде «шеберлік» ұғымы «кəсібилік» ұғымымен 
теңестіріледі. Мұнда кəсібилік кəсіби іс-əрекеттің жоғары стандарты 
ретінде қарастырылады (кəсіби жасалған, өз ісінің маманы, шебері 
жəне т.б.). 
Кəсібилік мамандардың еңбек іс-əрекетін жəне оның тиімділігін 
зерттейтін акмеологиялық зерттеулерде базалық ұғым ретінде алы-
нады. Кəсібилік – педагогикалық құзыреттіліктің аса жоғары деңгейі. 
Бұл кəсіптің мағынасын, кəсіби тұғырларды, кəсіптің гуманистік 
бағыттылығын, еңбектің жоғары үлгілерін (шеберлік), жаңалықты 
іздеуді (жаңашылдық) меңгеру болып саналады. Сондықтан 
педагогикалық құзыреттілік – бұл кəсіби тұғырларды меңгеру, осы 
тұғырларды құралдармен, «техникамен» бекіту. 
Педагогтің кəсібилігінің нөлдік жəне жоғары деңгейлері 
ажыратылады. Кəсібиліктің нөлдік деңгейі – «стажер», яғни кəсіби 
тəртіпке енуші, кəсіби педагогикалық қарым-қатынасты игеруші. 
Педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі – жаңашыл-мұғалім. 
Оның басты мақсаты − тұлғаны рухани қалыптастыру. 
Педагогикалық акмеологияны педагогтің кəсібиліктің деңгейлері 
бойынша өту жолдары туралы ғылым ретінде қарастыруға болады: 
эрудициядан – шеберлікке, шығармашылыққа, педагогикалық 
зерттеуге жəне т.б. Əртүрлі педагогтарда кəсібиліктің деңгейлері 
кəсіби өмірдің барысында бірдей қалыптаспайды. 
Қазақстандық ғалымдар пікірлерінше (Сейталиев Қ.Б., 
Өcтeмipoв К., Мoмынбaeв Б.К., т.б.), педагогті кəсіби қызметке даяр-
лау дегеніміз тек тұлға дайындау емес, сонымен қатар педагогикалық 
шығармашылық субъектісін дайындау, яғни тұлға даярлау.
Кəсіби шығармашылыққа дайындау мəселесін шешу əдістері 
оның құрылымын анықтауға тікелей қатысты болмақ. Мысалы, 
Ceйтeшoв A.П., Caипoв A. педагогикалық шығармашылыққа 
дайындаудың төрт деңгейін атап көрсетеді – базалық, оптималдық, 
шығармашылық жəне зерттеушілік, автор бұл сатылардың əр-
қайсысына сəйкес алғышарттардың, педагогтің қызметінің мазмұ-
ны мен шығармашылығының сапасының негізінде сипаттама бе-
реді.
Педагогтің шығармашылық ізденіске дайындығын диагнос-
тикалаудың негізгі бағыттарын саралай келе, C.A. Жoлдacбeкoвa, 
Ю.Н. Кaмaлoвтар оларды маңызды үш топқа жіктеп көрсетеді: 
жоғары мəдениеттілік, шығармашылық əрекет көрсеткіштерінің 
тиімділігі жəне мұғалім шеберлігін өз бетінше диагностикалау.
Кəсібилік ұғымының «еңбек психологиясы» категориясымен 
ортақ белгілері болады, олар: іс-əрекеттің дара стилі, ол индивидке 
тəн қойылған мақсатқа жетудің əдістері мен тəсілдері, дағдылар 
жүйесі ретінде қарастырылады. Акмеологияға қатысты іс-əрекеттің 
дара стилі, шеберлікте жəне кəсібилікте даралықты көрсетуде жүзеге 
асады. 
Шеберлік жəне кəсібилік кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі жүзеге 
асырумен, жоғары нəтижелерге жетудің мотивацияның жоғары 
деңгейінің болуымен байланысты болады.
Оқыту модельдеріндегі қазіргі заманғы даму, білім берудің 
құндылықтарына, түрлеріне, əдістері мен технологияларына 
өзгерістер енгізеді. Жетекші құндылықтар ретінде мінез-құлық 
нормаларын, формалды білім мен біліктерді меңгеру емес, өзара 
қатынастардың ізгілігі, өзін-өзі танытудың еркіндігі, даралықты 
насихаттау, шығармашылық өзін-өзі таныту жəне т.б. алынады. 
Оқытудың дəстүрлі əдістері – сабақ, білімді игерудің дəрістік-
семинарлық түрлері, ұтымды-дидактикалық формалары дамытушы 
технологиялармен, рефлексивті тəсілдермен, интенсивті-ойын 
тренингтерімен толықтырылады. 
Философиялық, педагогикалық, психологиялық жəне акмео-
логиялық əдебиеттерді талдау, бұл мəселелік өріске «акме», «өзін-
өзі жүзеге асыру», «адамның тұтастығы», «өзін-өзі дамыту», 
«мəдениет» категориялары ұғымдарын енгізеді. 
Кең мағынасында акме – бұл адамның кемелденуінің барлық 
сатысы, оған жалпылама түрде тұлғаның дене, тұлғалық жəне 
субъектілі кемелденуі жатады. 
Осы ұғымның мазмұнын ашуға алғаш рет ұмтылысты Е. П. Кон-
дратьева өзінің «Акмеологическая культура как научно-культурный 
феномен» атты мақаласында жасады. 
Аса тар мағынасында «акме» ұғымы келесі жағдайларда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет