24
25
үдерістерімен бірлікте, оны біртұтас жəне өзіндік дамыту үдерісі
ретінде қарастыру қажет, ал ересек білімгерді – əлеуметтік-
адамзаттық іс-əрекет субъектісі жəне білім берудің əлеуметтік-
дамытушы қызметін таратушы ретінде қарастыру қажет.
Кемелдену сатысы – онтогенездің шыңдарына жеткен,
қатып қалған форма емес, ол вариативті жас шеңберлері, акме
жетістіктерінің көрсеткіші, айқын жеке сипаты бар онтогенетикалық
даму сатысы. Білім беру қарым-қатынас пен танымның факторларын
«қамтитын», адамның жаңа шыңдарға, шығармашылыққа,
ойлаудың таптаурындарын жеңуге, жаңа əлеуметтік байланыстар
мен қатынастарға, ішкі күш-қуат қорын жұмылдыруға деген
қозғалысты қамтитын қажетті шарт ретінде болады. Бұл əсіресе жаңа
мыңжылдықта маңызды, ол кезде қоғам өмірінің жаңа жағдайлары
«жалпы ересектенуді» талап етеді, болмыстың күрделенген
жағдайында өмірлік кемелденуді игеруді талап етеді. Оған шынайы
өмірге бағдарланған адамның қиындықтарды шешудегі «өмірлік
сауаттылығына» бағытталған білімі көмек береді. Білім беру
жаңа акмеге жетелейтін ересек адамның онтогенетикалық жəне
əлеуметтік-мəдени дамуының факторы болып саналады.
Қазіргі заманғы праксеология адамтану мен қоғамтанудың
мəліметтерін ескеріп, жүйенің жалпы теориясы тұрғысында,
əлеуметтік тəжірибенің алуан түрлі аясында іс-əрекетті ұтымды
ұйымдастырудың позитивті принциптерін айқындауға ұмтылады.
Акмеологияның қазіргі заманғы қоғамтану, қолданбалы
əлеуметтік жəне іргелі философиялық ғылымдармен байланысы
дүниетанымдық жəне əдіснамалық бағыттар бойынша жүзеге
асырылады.
Философия əдіснамалық тұрғыда акмеологияны іргелі-ғылыми
сипаттағы дербес ғылыми пəн ретінде негіздейді. Философия
дүниетанымдық тұрғыда акмеологияның қоғамдық ғылым ретінде
аксиологиялық жəне праксеологиялық идеалдарын ұсынады,
сонымен бірге бір мезгілде қазіргі адамтанудың ерекше бөлімі
ретінде қарастырады.
Қоғамдық-гуманитарлы табиғатына жəне аксиологиялық-
гносеологиялық мəртебесіне сəйкес, акмеология тарих жəне
мəдениеттану, əлеуметтану жəне экономика, менеджмент жəне
маркетинг, саясаттану жəне конфликтология, педагогика жəне
экология сияқты əлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысты,
ол акмеология үшін маңызды ұғымдарды – іс-əрекет, кəсібилік,
ұйымдастырушылық жəне реттеу сияқты ұғымдарды түсіндірудің
алуан түрлі əлеуметтік аспектілерін анықтайды.
Адамтану тұрғысынан акмеологияның адам туралы ғылым-
дармен өзара əрекеттестігі «шығармашылық» категориясын
сипаттайды. Ол шеберлік, даму, кемелдену, дарындылық, қабілеттер,
креативтілік, жетілдіру, рефлексия, эвристика, сана, тұлға, даралық
сияқты акмеология үшін түйінді ұғымдарды анықтайды, сонымен
бірге акмеологияның адам туралы салалас ғылымдармен өзара
əрекеттестігінде қарастырылатын басқа категорияларды анықтайды.
Оқыту үлгілеріндегі қазіргі заманғы даму, білім берудің құн-
дылықтарына, түрлеріне, əдістері мен технологияларына өзгерістер
енгізеді. Жетекші құндылықтар ретінде мінез-құлық нормаларын,
формалды білім мен біліктерді меңгеру емес, өзара қатынастардың
ізгілігі, өзін-өзі көрсетудің еркіндігі, даралықты насихаттау,
шығармашылық өзін-өзі таныту жəне т.б. алынады. Оқытудың
дəстүрлі əдістері – сабақ, білімді игерудің дəрістік-семинар түрлері,
ұтымды-дидактикалық формалар дамытушы технологиялармен,
рефлексивті тəсілдермен, интенсивті-ойын тренингтерімен толық-
тырылады.
Əдіснамалық тұрғыда акмеология – іргелі-қолданбалы сипатта-
ғы кешенді ғылым. Іргелілік басқа ғылымдарда зерттелмейтін бол-
мыс аясындағы заңдылықтарды танумен анықталады. Акмеология-
ның танымдық сипаты тəжірибелік-бағдарланған акмеологиялық
технологияларда көрініс табады.
Акмеологиялық тұрғыда жас ерекшелік, білімділік, кəсіби ше-
берлік сияқты аспектілер айқындалады. Акмеологиялық креативті,
экзистенциалды жəне мəдениеттанушылық мүмкіндіктер зерттеледі.
Мұнда жүйе құраушы фактор ретінде шеберліктің рефлексивтілігі
алынады.
Акмеология – зерттеулер кешенді сипатта болатын интегративті
пəн. Осындай зерттеулердің нəтижесінде ашылатын деректер мен
заңдылықтар жүйелі тұғырда түсіндіріледі. Басқару теориясымен,
педагогика жəне психологиямен өзара əрекеттестікте акмеология
кадрларды кəсіби даярлау аясына біршама өзгерістер енгізеді.
Кадрларды даярлаудағы акмеологиялық тұғырда мамандардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту жəне олардың біліктілігін
жетілдіру мəселесі басым орын алады. Мəселелер келесі бағыттарда
шешіледі:
|