28
29
бірге, талдау көрсеткендей, мəдениет адам дамуының біріктіруші
көрсеткіші ретінде, осы дамудың тиімділігін қамтамасыз ететін
тұлғалық сапа ретінде алынады.
Адамзат іс-əрекетінің барлық пəндік нəтижелерін сырттай қамти
отырып, мəдениет өзінің ішкі мазмұны бойынша, адамның қоғамдық
тіршілік иесі, біртұтас жəне үйлесімді тұлға, іс-əрекет субъектісі
ретінде дамыту үдерісі болады. Өзін-өзі дамытудың акме- жəне өзін-
өзі жүзеге асырудың жетістік факторы ретіндегі тиімділігі, белгілі
тұлғалық сапаның акмеологиялық мəдениеттің қалыптасуына жəне
дамуына негізделеді.
Акмеология жаңа ғылыми бағыт ретінде өзінің зерттеу өрісін
кеңейтеді, басқа ғылымдар, атап айтсақ жаратылыстану ғылыми-
гуманитарлы бағыттағы ғылымдар үшін тартымды бола бастайды.
Адамның кемелденуінің шыңы (акме) – көпшамалы күй, ол
адамның ұзақтығы бойынша өмірінің біршама кезеңін қамтиды
жəне көрсетеді, аталған күй адамның тұлға, азамат, іс-əрекеттің
кəсіби саласында маман ретінде қалыптасқанын көрсетеді. Сонымен
бірге, акме ешуақытта орныққан құрылым болып табылмайды, ол
біршама нұсқалықпен, өзгермелілікпен айрықшаланады. Қазіргі
акмеологияны, бірінші кезекте, əртүрлі кəсіптегі адамдардың
қандай жаста өркендеу кезеңіне өтетіні жəне осы деңгейді қанша
уақыт нығайтатыны қызықтырады. Акмеологияның басты мəселесі
– толыққанды кемелдіктің хронологиялық ұзақтығы емес, кез келген
өмірлік кезеңді өркендеу кезеңіне айналдыруға қабілетті адамның
рухани күйі.
Акмеологияға деген ғылыми қызығушылық ешуақытта азай-
майды. Бастау көздері педагогика мен психологияда болатын
акмеология жаңа ғылым ретінде, білім беру сапасын арттыру
мəселесі қазір белсенді түрде зерттеліп келеді. Акмеологияның
пəнаралық сипаты жаңа мүмкіндіктерді іздеуге, сонымен бірге
акмеологиялық мектептердің үлгісін құруға жəне тəжірибеден
өткізудің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |