Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет198/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   205
Акмеология

Жоғары өнімді іс-əрекет – тұлғалық жəне əлеуметтік-маңызды 
мақсаттарды көздейтін, квантификацияға жол беретін, негізгі 
көрсеткіштер бойынша сапаның жоғары көрсеткіштерімен сипатта-
лады. 
Жүйелі тұғыр – объектілерді жүйе ретінде түсіндіру негізге алы-
натын, ғылыми таным əдіснамасында жəне əлеуметтік тəжірибедегі 
бағыт. 
Жаңарту – қазіргі талаптарға жауап беретін жетілдіруді енгізу. 
Инновациялық орта – жаңалықтардың пайда болу ортасы, олар-
ды жедел меңгеру жəне тəжірибеде қолдану ортасы (инновациялық 
үдерістер болатын орта). 
Инновациялық технология – дамуды басқару бойынша ұйым-
дастырылған белсенділік үдерісі. 
Интеллект – психологиялық ұғым, ойлау, ұтымды таным 
қабілеті ретінде түсіндіріледі. 
Кəсіпқой – кең мағынасында, бұл əлеуметтік-позитивті мəні бар, 
тұлғалық жəне кəсіби жетістіктерге, өзіндік дамытуға жəне өзіндік 
жетілдіруге үнемі бағытталған, тұлғалық жəне əрекеттік нормативті 
реттеудің динамикалық дамушы жүйесі бар, жоғары кəсіби жəне 
əлеуметтік мəртебеге ие, іс-əрекетте тұлғаның кəсібилігінің жоғары 
көрсеткіштері бар, кəсіби іс-əрекет субъектісі. 
Кəсіби жоғары білім берудегі инновациялық технологиялар 
– студенттердің жүйелі техникалық ойлауын жəне қабілеттерін 
қалыптастыруға бағдарланған, кəсіби өндірістің міндеттерін ше-
шуде стандартты емес техникалық, технологиялық, конструктивті
идеяларды басқару қабілетін қалыптастыруға бағдарланған техноло-
гиялар. 
Кəсіби біліктілік – іс-əрекеттің нақты түрінде, белгілі деңгей-
дегі жəне күрделілікте қызметкерге еңбек функцияларын орындауға 
мүмкіндік беретін, қызметкердің кəсіби даярлық дəрежесі. Кəсіби 
біліктіліктің көрсеткіші ретінде қызметкерге аталған кəсіптің 
нормативті сипаттамаларына сəйкес берілетін біліктілік категория-
лары болып табылады.
Креативтілік – (латын тілінен. creatio – құру, жасау) инди-
видтің жаңа ұғымдарды құру қасиетін жəне жаңа дағдыларды 
қаыптастыруды көрсететін қабілеті; яғни шығармашылық қабілеті; 
аталған ұғым интеллектіден тəуелсіз зерттеледі жəне тұлғаның 
шығармашылық жетістіктерімен байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет