Кəсіби құзыреттілік – акмеологиялық түсіндіруде, бұл тұлғаның
іс-əрекетінің кəсібилік жүйесінің когнитивті басты компоненті,
кəсіби шеңбер саласы, жоғары өнімділігі бар кəсіби іс-əрекетті
орындауға мүмкіндік беретін, үнемі кеңейтілетін білім жүйесі,
шешілетін мəселелер шеңбері.
Құзыреттілік – бұл əрекеттегі білімнің жиынтығы (жүйе).
Қабілеттер – белгілі бір іс-əрекетті табысты жүзеге асырудың
субъективті жағдайлары болатын, тұлғаның дара ерекшеліктері.
Қалаулар деңгейі – адамның белгілі бір іс-əрекеттің түрінде
қалайтын барынша көп жетістік.
Мотивация – адамды мақсатқа жетуге ынталандыратын
мотивтердің жиынтығы.
Маман – белгілі бір іспен негіздемелі тұрғыда айналысатын
адам.
Мақсат – адамның əрекеті бағытталған алдын ала біліп қойған
нəтиженің саналы ұғынылған бейнесі.
Оқытушының инновациялық іс-əрекеті – оқытушының
білімгерді оқыту жəне тəрбиелеу тəжірибесінде, педагогикалық
жаңалықтарды құру, меңгеру жəне қолдану, білім беру мекемесінде
белгілі инновациялық ортаны құру бойынша іс-əрекетке енуі.
Оқытудың инновациялық формалары – оқу сабақтарын,
студенттердің іс-əрекетін ұйымдастырудың дəстүрлі емес тəсілдері.
Орта – адамның дамуы жүзеге асатын шынайы болмыс.
Өзіндік даму – индивидтің өзіндік тұлғасын мақсатты
бағытталған, саналы ұғынылған жəне дербес бақыланатын тұрғыда
детерминациялау үдерісі.
Өзін-өзі жүзеге асыру – тұлғаға өзінің шығармашылық əлеуетін
барынша іске асыруға мүмкіндік беретін, тұлғалық-маңызды
мəселелерді шешуде айқындалған мақсаттарға жетуге арналған,
шығармашылық түпкі ойды жүзеге асыру үдерісі.
Өзіндік маңыздану – (латын тілінен. actualis – шынайы, нағыз)
адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін аса толық айқындау жəне
дамытуға ұмтылысы.
Достарыңызбен бөлісу: |