384
385
Өзіндік білім алу – адамның өзін қызықтыратын саласындағы
білімді іздеумен жəне меңгерумен байланысты, белсенді, мақсатты
бағытталған, танымдық іс-əрекеті.
Өзіндік бағалау – адамның
өзіндік жетістіктерін, сапаларын,
жетістіктерін жəне
кемшіліктерін, басқа адамдардың арасындағы
орнын бағалауы.
Өзіндік реттеу – (латын тілінен. regulare – тəртіпке келтіру,
жақсарту) адамның өзіндік психологиялық жəне
физиологиялық
күйлерін, əрекеттерін басқару үдерісі.
Өзіндік тиімділік – А. Бандураның тұжырымдамалы түрде
ұсынған тұлғаның қасиеті, адамның өз бетімен мінез-құлқын жəне
дамуын өнімді болатындай басқаруға сенімділігін қамтиды.
Принцип – (латын тілінен. principium – негіз, бастапқы негіз)
белгілі бір теорияның, ілімнің, ғылымның негізгі, бастапқы қағидасы;
жетекші идея, мінез-құлықтың, іс-əрекеттің негізгі ережесі.
Профессиограмма – денсаулық күйіне
байланысты қарсы
көрсетілімдер, қажетті білім, білік жəне дағдыларды, кəсіби маңызды
сапаларды қамтитын, қызметкердің
құқықтары мен міндеттерін,
еңбек шартының сипаттамасын қамтитын кəсіптің сипаттамасы.
Профессиограмма адамның кəсіби жарамдылығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Профессиология – тұлғаны кəсібилендірудің
заңдылықтарын
жəне үрдістерін зерттейтін,
философия, əлеуметтану жəне
психологияның түйісуінде болатын ғылыми пəн.
Психологиялық құзыреттілік – бұл бір мезгілде кəсіби
құзыреттіліктің өзге түрі жəне өзіндік түрі. Жалпы түрде
психологиялық
құзыреттілік, кəсіби жəне басқа өзара əрекетті
жүзеге асыратын, жеке немесе бірлескен іс-əрекетке енгізілген, ин-
дивид, еңбек субъектісі жəне тұлға ретіндегі адам туралы білімнің
құрылымданған жүйесін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: