Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет48/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   205
Акмеология

92
93
асыруға ұмтылысы алынады. Нəтижесінде, кəсіби өзіндік білім 
алуды біз өзін-өзі жүзеге асырудың компоненті ретінде қарастыратын 
боламыз. Принциптерге негізделетін білімнің ерекше синтезі 
ретіндегі тұғыр ұғымына сүйене отырып, аталған мəселедегі 
акмеологиялық тұғырдың кəсіби өзіндік білім алуға деген адамның 
қабілеттерін қалыптастырудың мақсатын, мазмұнын жəне əдістерін 
анықтайтын принциптер жиынтығы екендігін атаймыз. 
Акмеологиялық тұғырдың принциптері ретінде келесі прин-
циптерді қарастырамыз:
– адам өзін-өзі жетілдірудің субъектісі ретінде болады, бұл өз 
кезегінде оның мақсаттар мен эталондарды таңдаудағы жоғары, 
еркін дербестігін жəне белсенділігін қамтиды; 
– тұлға өзінің табиғи нышандарын білуге жəне қолдануға
сонымен бірге мінездің қажетті белгілерін дамыту жолы арқылы 
кемшіліктердің орнын толтыруға сүйеніп, белгілі іс-əрекетте жоғары 
жетістіктерге жетуге қабілетті; 
– тұлғаның өзіндік дамытуға бағдарлануы «басқалардың есе-
бінен» дамытуды білдірмейді, бұл даму қоғамдық мүдделерді ескере 
отырып қоғам үшін даму болып саналады. 
Болашақ мамандардың кəсіби өзіндік білім алу қабілетін 
қалыптастыруда, оларды кəсіби даярлау үдерісіндегі аталған прин-
циптердің қалай жүзеге асырылатыны туралы мысал келтіреміз. 
«Кəсіби өзіндік білім алудың негіздері» модульды курсының 
практикалық сабақтарының барысында, білімгерлерге іс-əрекеттің 
таңдаған түрінде кəсіпқойдың акмеологиялық моделін құру 
ұсынылады.
Акмеологиялық модель – бұл түпнұсқа-объектінің, яғни кəсіп-
қойдың идеалды бейнесінің немесе тұлғалық-кəсіби дамудың 
эталонының мəнді қасиеттерін қайта жаңғыртатын объектілер мен 
белгілер жүйесі. 
Мұндай модель кəсіби құзыреттіліктің құрылымдық бөлім-
шелерін, тəжірибені, біліктерді, кəсібиліктің акмеологиялық ин-
варианттарын, тұлғалық-кəсіби сапаларды, психологиялық жəне 
акмеологиялық мазмұны бар мотивацияларды қамтуы қажет. 
Бірінші сатыда білімгерлерге студенттің нақты таңдаған кəсібінде, 
идеалды кəсіпқойдың сапалары мен қасиеттерін көрсететін, кез 
келген қолайлы формадағы салыстырмалы қарапайым модельді 
құру ұсынылады. Келесі болжам жасалады: білімгерлер бұл 
модельді өзінің білімі мен ұғымдарының негізінде, сонымен бірге 
біліктілік сипаттамаларын, кəсіби стандарттарды, алуан түрлі 
ақпарат көздерін, танылған кəсіпқойлармен жеке кездесуде алынған 
ақпаратты қолдану негізінде жасауы мүмкін. 
Əрі қарай, акмеологиялық модельдің құрылымы туралы 
білімін толықтыра отырып, білімгерлер өзінің құрған моделін 
жетілдіреді, соның негізінде кəсіби өзіндік білім алудың бағ-
дарламасын құрастырады. Кəсіпқойдың моделі жəне өзіндік 
білім алу бағдарламасы жоба түрінде ұсынылуы мүмкін, ол іс-
əрекет нəтижесі ретінде өзіндік білім алу қабілетінің деңгейін 
бағалау үшін қолданылады. Екінші принцип – кəсіби өзіндік 
білім алу үдерісі адекватты өзіндік бағалау негізінде құрылуды 
қамтиды. Білімгерлердің өзін-өзі тану дағдыларын диагностикалық 
əдістемелерді, рефлексияны қолдану арқылы дамыту қажет. 
Тұлғалық саналы ұғыну мен өзіндік қабылдаудан кейінгі өзін-
өзі тану нəтижесінде алынған ақпарат, кəсіби өзіндік білім алу 
үдерісіне жəне мотивацияға біршама дəрежеде ықпал етуі мүмкін. 
Студенттердің өздері құрастырған кəсіпқойдың акмеологиялық 
моделімен тұлғалық-кəсіби даму деңгейін салыстыру негізінде, 
дамудың қажеттілігін, əдістері мен құралдарын таңдауды саналы 
ұғыну жүзеге асады. Мұның бəрі кəсіби өзіндік білім алудың жеке 
бағдарламасында көрініс табуы керек. 
Аталған қабілетті қалыптастыруда акмеологияның гуманистік 
принципін қолдану, маманның кəсіби өзіндік білім алуының 
қоғамдық мүдделерді есепке алуға, қамтамасыз етуге, өзінің 
кəсіби білімдері мен біліктерін толықтыруды қоғам мүддесі 
үшін мəнін саналы ұғынуға, тұлғалық өсу мен дамуды басқа 
қоғамдық мүдделердің есебінен толықтыруға жол бермеуге деген 
бағыттылықты қамтиды. Бұл принциптерді қолдану жалпы жəне 
кəсіби пəндерді оқытуда акмеологиялық технологияларды ендіру 
жағдайында, оқытушылардың кəсібилігін үнемі арттыруда, оқу 
жоспарына «Кəсіби өзіндік білім алудың негіздері» модульды кур-
сын енгізуде, жоғары оқу орны студенттерінің өзін-өзі анықтау, 
өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі жүзеге асыруды психологиялық-
педагогикалық қамтамасыз етудің мақсатты бағдарламасын 
құрастыру мен өмірге ендіруде мүмкін болады. 
Акмеологиялық тұғыр бойынша кəсіби өзіндік білім алу қабіле-
тін қалыптастыру – кешенді жəне көпқырлы үдеріс болып саналады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет