Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет45/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205
Акмеология

86
87
яғни жоғары жетістіктерге өзіндік қозғалысын негіздейтін факторға 
объективті себеп ретінде анықтама берді. 
Ғалымдар факторлардың үш түрін айқындап көрсетеді: 1) объ-
ективті, адам əрекетінің шынайы жүйесімен жəне бірізділігімен бай-
ланысты; 2) субъективті, кəсіби іс-əрекеттің жетістігінің субъективті 
алғышарттарымен байланысты (мотивация, бағыттылық, қабі-
леттер, креативтілік); 3) объективті-субъективті, кəсіби ортаны 
ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, кəсіби іс-əрекетті басқарудың 
сапасымен байланысты. 
Акмеологиялық заңдылықтар – тұрақты байланыстар жəне 
қатынастар. Оның үлгісі ретінде адамның дарындылық деңгейі
оның кəсіби шеберлікке қозғалысы арасындағы байланыстар мен 
қатынастар алынуы мүмкін. Бұл заңдылықтар адамды жəне оның іс-
əрекетін зерттейтін ғылымның жалпы объектісіне қарай объективті 
жəне субъективті болады. Объективтілік шынайы бар акмеологиялық 
жағдайлармен жəне факторлармен байланысты, ал субъективтілік — 
дара-тұлғалық алғышарттар жəне объективті факторларды тұлғалық 
мəнге «ауыстырумен» байланысты. 
Ғылым дамуының қазіргі сатысында қоғамда болып жатқан 
үдерістерді түсіндіруге, адамның оны алуан түрлі көріністерде
игеруіне жақындаудың мүмкіндігі туралы мəселе қойылады. 
Акмеология – тиімді іс-əрекетте аса жоғары нəтижелерге жетуде 
адамның дамуын кешенді зерттеумен шұғылданатын ғылым. Ол 
дамудың негізгі принциптерінің бірін – өркендеу шыңын, яғни 
болашаққа ұмтылуды қарастырады, бұл өз кезегінде тұлғаның 
мақсатты болжауды құруына жəне позитивті əлеуметтік идеалды 
қалыптастыруға ықпал етеді. 
Мамандардың өздерінің кəсіби білімдері мен біліктерін үнемі 
жаңартудағы, кəсібиліктің шыңына жетудегі бағыттылығында 
қабілеттері мен қажеттіліктерін қалыптастыру – өзекті заманауи 
мəселе болып саналады. Аталған мəселені мақсатты бағытталған 
тұрғыда, кешенді шешуге мүмкіндік беретін аса тиімді тұғырлардың 
бірі ретінде, акмелогиялық тұғыр алынады. Аталған тақырыпнама 
білім беру акмеологиясының пəніне қатысты, оның орталық 
міндеті ретінде, болашақ мамандардың əлеуетті мүмкіндіктерін, 
кəсібиліктің шыңына жетуге ұмтылыстарын өзекті ететін жəне 
дамытатын тəсілдер мен жолдарды іздеу алынады. 
Мұнда акмеологиялық тұғыр ұғымын нақтылау қажет. 
Акмеологияның жəне акмеологиялық білімнің құрылымының 
теориялық негіздерін қарастыруда, акмеологиялық тұғырдың 
келесі ұғымдар арқылы сипатталатынын атап көрсетеміз: жетілдіру 
үдерісінде қасиет болып саналатын жəне реттеуші функцияны 
атқаратын нүкте ұғымы; нəтижеге жетудің шектеулі нүктесі; 
дамудың жоғары (акме) жəне төменгі (кате) сатыларының шектеулі 
параметрлері; алдын ала құрылған нормативті нүкте ретіндегі даму 
сатысы, одан кейін дамудың келесі сатысы – дəлдік басталады. 
Адамның философиялық тұжырымдамасы, əлеуметтік синер-
гетика идеясы контексіндегі акмеологиялық тұғыр адам дамуының 
үдерістерін толыққанды мағыналауға көмек береді. Яғни, адамның 
Ежелгі дүние тарихындағы іс-əрекет нəтижесі ретінде нақты 
шыңдарға жетудің логикасын акмеологиялық талдауда табады. 
Бұл үдеріс тиімді іс-əрекетпен шұғылданатын адамға тəн болады. 
Адамзаттың дамуының акме-шыңдарын түсінбейінше, дамудың 
сапалық сипаттамасын анықтау қиынға соғады. 
Н.В. Кузьмина жəне Л.Е. Паутованың пікірінше, «білім беруде-
гі акмеологиялық тұғыр төмендегі тұрғыда зерттеу стратегияларын 
біріктіреді: 
– Н.В. Кузьмина алғаш қолданған білім беру жүйелерін 
зерттеудегі жүйелі тұғыр;
– Б.Г. Ананьев негіздеген адамды зерттеудегі тұтастық тұғыры; 
– функционалды жүйелер теориясы, онда жүйе құраушы фактор 
ретінде П.К. Анохин құрастырған жаңа ортаға шығудағы соңғы 
нəтиже алынады. 
Сөз жоқ, іс-əрекеттің белгілі саласындағы болашақ маманның 
құзырлылығын қалыптастыратын ЖОО жас адамды оның кəсіби 
іс-əрекетінде жəне біртұтас өмір сүру əрекетінде əрі қарай шыңға 
жетуге ықпал ететін құзырлылықтармен қаруландыруы қажет, бұл 
өз кезегінде құзырлылықтың мазмұнын іріктеудегі акмеологиялық 
тұғырдың өзектілігін күшейтеді. Атап өтетін бір жайт, акмеология 
– адам туралы ғылымдар жүйесіндегі пəнаралық білім саласы. 
Ол педагогика мен психологияның орнын алмастырмайды, ол 
аталған пəндердің жалғасы, құрамдас бөлігі болып табылады; ол 
тиімді іс-əрекетті аса жоғары нəтижелерге жетуде адам дамуын 
кешенді зерттеумен шұғылданады, сонымен бірге дамудың негізгі 
принциптерінің бірі ретінде – өркендеу (шың) принципін, яғни 
болашаққа ұмтылу принципін қарастырады, бұл өз кезегінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет