Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет44/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   205
Акмеология

84
85
Адамды жəне іс-əрекетті бір мезгілде зерттеу принципі. Қазіргі 
кезде кəсіпқой тұлға жəне еңбек субъектісі болып табылады. 
Акмеологиялық зерттеулерде екі тең объект – адам жəне оның іс-
əрекеті зерттеледі. Акмеологияда іс-əрекетті оны орындайтын 
адамнан бөліп зерттеуге, ал адамды іс-əрекеттен тыс қарастыруға 
болмайды. Тұлғаның кəсібилігі мен іс-əрекетінің диалектикалық 
бірлігінде кəсібилікті қарастыру, осы əдіснамалық принципті жүзеге 
асыру болып саналады. 
Жалпыда жекені, жекеде жалпыны зерттеу принципі. Зерттеу 
нəтижелерін талдау, акмеологияда қарастырылатын принциптің 
жалпы, бірегей жəне ерекшені анықтауда жүзеге асырылатыны ту-
ралы негіз жасауға мүмкіндік береді. Ол нақты кəсіби іс-əрекетке 
тəн кəсібилікті қалыптастырудың жалпы заңдылықтарын, кəсіби 
шеберлікті жеке дамытуды зерттеуде көрініс табады. 
Даму жəне детерминизм принципі. Өзін-өзі дамытуға ынта-
ландыратын ішкі жағдайларды анықтау, дамудың детерминантта-
рын анықтау акмеологиялық зерттеулердің құрамдастары болаты-
нын көрсетеді. Акмеологиялық зерттеу əдетте екі сатыдан тұрады. 
Бірінші сатыда іргелі заңдылықтарды іздеу жүзеге асады, ал екінші 
сатыда — акмеологиялық жағдайлар, факторлар, детерминанттар 
анықталады. 
Белсенділік принципі. Кəсібилікке, жеке дамуға итермелейтін 
жолдарды белгілеуде еңбек субъектісінің рөлін анықтауды қамтиды. 
Инварианттылық принципі. Акмеологиялық зерттеулерде да-
мудағы тұрақтылыққа назар аударудың қажеттілігі анықталады. 
Бұл принципті ерекше жағдайда мамандардың іс-əрекетінің жəне 
кəсібилігінің акмеологиялық инварианттарын құрастыруда ерекше 
есепке алады. 
Акмеологиялық жағдайларда жалпы əдіснамалық принциптер-
ден басқа, зерттелетін объектінің өзгешелігін көрсететін жекеленген 
принциптерді қолданады: ғылымилық, шынайылық, прагматикалық 
жəне т.б. 
Мамандардың іс-əрекетінің нəтижелілігі мəселесі, акмео-
логиялық өлшемдер мен көрсеткіштер туралы мəселелерді туын-
датады. Мұнда акмеологиялық өлшемдер мен көрсеткіштерді
олардың адам туралы басқа ғылымдарда қолданылатын өлшемдер 
мен көрсеткіштерден айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтау 
басты болып саналады. 
Өлшем ретінде болып жатқан өзгерістер туралы тұжырым 
жасауға мүмкіндік беретін сипаттамалар – бағалаудың, ой-пікірдің, 
көрсеткіштің бағалануының бірқатар шамасын атау қабылданған. 
Акмеологиялық өлшемдер мен көрсеткіштердің мазмұны ең 
алдымен, мамандардың кəсібилігімен жəне олардың іс-əрекетінің 
нəтижелілігімен байланысты болады. Акмеологиялық өлшемдер – 
бұл нəтижелі іс-əрекеттің сипаттамасы, кəсіби міндеттердің зама-
науи құралдарын жəне мазмұнын меңгеру дəрежесінің сипаттамасы. 
Акмеологиялық көрсеткіштер ретінде кəсіпқойдың еңбек субъектісі 
ретіндегі сапаларының сипаттамасы алынуы мүмкін. 
Тиімділік іс-əрекет сапасының жалпылаушы өлшемі болады 
жəне нақты, интегралды, бөлшекті көрсеткіштермен сипатталатын 
жалпы жəне ерекше өлшемдерді (дəлдік, сенімділік, жылдам əрекет 
ету, тұрақтылық) қамтиды. 
Жылдам əрекет ету əдетте бірнеше тұғырларда қарастырылады, 
сондықтан бұл өлшемнің өзгеше көрсеткіштері болады: уақыттың 
дəлдігі; ақпараттың басқару пішіні бойынша өту уақыты; шұғыл 
белгі берілгеннен кейін, реттеудің талап етілген деңгейіне қол 
жеткізілетін уақыт; қарапайым сенсомоторлы реакция уақыты. 
Белгілі бір көрсеткішті қолдану нақты міндеттерге байланысты 
болады. 
Дəлдіктің көптеген анықтамалары бар, мəні бойынша олар 
маманның əрекетінің ұсынылған алгоритмге сəйкестігінің 
көрсеткіштері болып табылады. Сенімділіктің анықтамалары да 
бірнеше. Мысалы, маманның іс-əрекетінің сенімділігі ретінде, оның 
іс-əрекеттің біршама күрделену жағдайында талап етілетін жұмыс 
параметрлерін қолдау қабілеті алынады. 
Тұрақтылық – белгілі уақыт барысында іс-əрекеттің негізгі 
көрсеткіштерінің нұсқалық сипаттамасы (мысалы, ауысым бары-
сында). Тұрақтылықтың көрсеткіші ретінде, белгілі уақыт кезеңінде 
іс-əрекеттің сапасына жетудің аясынан шықпау алынады. 
А.А. Деркач жəне Н.В. Кузьмина акмеологиялық тұғырдың 
аясында «аса жоғары нəтижелерге жетуге сəйкес келетін немесе 
кедергі келтіретін факторларды талдаудың» қажеттілігін атап 
көрсетеді. 
Педагогика жəне психологияда факторлардың мəнін жəне 
мазмұнын түсіндірудегі бірнеше тұғырлар қалыптасты. Н.В. Кузь-
мина жəне А.А. Реан даралықтың кəсіби іс-əрекеттің шыңдарына, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет