Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет96/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   205
Акмеология

186
187
психофизиологиялық, тұлғалық жəне субъектілі ерекшеліктерін 
ескеріп, оларды дамыту жəне өзіндік дамыту үдерістерін оң-
тайландыру мақсатында, олардың акме-бағдарланған өзіндік 
өзгерістерінің жетістігіне ықпал ететін білім беру ортасы.
Акмеологиялық орта тұлғаның өзіндік дамуын жəне өмір 
жолының белгілі сатыларында рухани байытылуын, бірінші кезекте 
акмеологиялық мəдениетті қамтамасыз ететін тұлғалық жаңа 
құрылымдардың қалыптасуына жəне дамуына ықпал етеді. 
И.В. Богомолова, С.В. Рудакованың ғылыми зерттеулерінде, 
қызмет ететін акмеологиялық ортаны келесі үдерістерді қамтамасыз 
ететіндігі эксперименттік тұрғыда көрсетілген: тең субъектілі 
принципінде оқыту үдерісін жүзеге асыру жəне білімгерлердің 
тұлғалық əлеуетін ашу. Мұнда іс-əрекетке даярлық пен өзбетінділік 
қалыптасып қоймайды, сонымен бірге акме-бағдарланған өзіндік 
қайта құруға қабілеттілік пен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі өзекті 
болады. 
Акмеологиялық жағдайлардың жиынтығы ретінде, арнайы 
ұйымдастырылған акмеологиялық орта білімгерлердің акмео-
логиялық мəдениетін аса тиімді дамытуға объективті ықпал етеді
сонымен бірге өзіндік қайта құрушы іс-əрекеттің тиімділігін 
субъективті сезінуді құрайды. 
Нəтижесінде, тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамыту 
үдерісін оңтайландырудың интегралды шарты ретінде, акмео-
логиялық ортаны ұйымдастырудың қажеттілігі туралы мəселені қою 
дұрыс болады. 
Оқытушы мен студенттің аналитикалық логикасының өзара 
əрекеттестігі барысында, рефлексивті диалогтың қатысушылары 
үшін аналитикалық-дамытушы, акме-бағдарланған орта құрылады. 
Мұнда рефлексивті диалог оқыту құралы болып қоймайды, сонымен 
бірге жүйе құраушы элемент ретінде, оның мақсатын, мазмұнын 
жəне құрылымын анықтайды. Осылайша, рефлексивті диалогтың 
аясында, оқытушы мен тыңдаушы өзін-өзі ұйымдастырушы екі 
жүйе ретінде болады. 
Басқарушы кадрларды кəсіби дамытуды қамтамасыз ететін 
акмеологиялық ортаны анықтаудың негізі ретінде, кəсіпқойды 
дамытудың, тұлғалық-кəсіби дамытудың акмеологиялық тұжы-
рымдамасы, ортаны түсіндіруде философиялық, психологиялық, 
педагогикалық тұғырларды біріктіретін, адамды дамытудағы шың 
ретінде акмеге жету алынады. 
Ортаны философиялық тұрғыда түсіндіру, ортаны «бірнəрсені» 
(зат, бұйым, адам жəне т.б.) қамтитын болмыстың бір бөлігі ретінде 
қарастыруға мүмкіндік береді. «Бірнəрсе» ұғымынсыз, орта ұғымы 
өзінің мəнін жояды, себебі орта міндетті түрде ондағы бар нəрсені 
жəне əсер ететін нəрсені қамтиды. Мысалы, индивидтің ішкі ортасы 
– білім, білік жəне дағдылардың жиынтығын, əлеуметтік-мəдени 
тəжірибені қамтитын «өзінің ортасы» туралы, оның бейнесі туралы 
модельденетін ұғымдар. 
Бірінші экоқұрылым – өмірлік кеңістік, тікелей «мен» өмір 
сүру ортасы, өзіндік «Меннің» жалғасы. Топтық экоқұрылым – 
қауымдастық ортасы – жұмыс орны, бірлескен өмір сүру ортасы 
(В.А. Козырев).
Сонымен бірге «белсенді-білім беру ортасы» ұғымы қолданы-
лады, ол рухани-адамгершілік, мəдени-дамытушы, əлеуметтік-
белсенді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, табиғи, материал-
дық, тарихи, əлеуметтік жəне рухани факторлардың жиынтығы 
ретінде қарастырылады. 
Білім беруде акмеологиялық ортаның қасиеттері анықталған: 
тұлғаның, қоршаған ортаның, қоғамның өзгермелі қажеттіліктеріне 
сəйкес, білім беру құрылымдарының жедел қайта құру қабілетін 
білдіретін икемділік; білім беру қызметіндегі қажеттіліктерге 
сəйкес ортаның өзгеруін қамтитын вариативтілік; құрылымдардың 
өзара əрекетін күшейту арқылы тəрбие міндеттерін шешуді 
қамтамасыз ететін интегративтілік; басқаруда білім берудің барлық 
субъектілерінің кең қатысуын қамтитын ашықтық; тұлғаны дамыту 
жəне өзіндік дамыту үдерістеріне негізделген өзіндік дамыту жəне 
өзіндік реттеу; бірлескен əрекеттік оқытуға бағдарлану, білім беру 
үдерісінің барлық субъектілерінің диалогы. 
Акмеологиялық 
ортаны 
құру, 
болашақ 
маманның 
шығармашылық ойлауын дамытуды, кəсіби құзыреттілігін өзіндік 
дамытуды ынталандырады, тұлғалық-кəсіби дамытудың авторлық 
бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді, оқытушылар мен 
басшыларға білім беруге, кəсіби үдерістерді шығармашылықпен 
құруға мүмкіндік береді, болашақ маманның кəсіби «Менін», өзін-
өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жүзеге асыру субъектісі ретінде 
қалыптастырады, кəсіби үдерісте болашақ мамандардың кəсіби 
жетістігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Мəселенің генезисінде ғылыми əдебиет қайта талданған, онда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет