Ҽдебиеттер
1. Байарыстанов А. О. Жоғары математика теориясы және жаттығулар жинағы:
оқулық . - Алматы, 2013
2. Махмеджанов Н.М. Жоғары математикадан тапсырмалар жинағы: оқу қҧралы. -
Алматы, 2014
3. Нысамбаев Ж. Аналитикалық геометрияның есептер жинағы: Оқу қҧралы.-Астана,
2013
4. Бадаев, С. А. Сызықты алгебра мен аналитикалық геометрия: оқу қҧралы. -
Алматы, 2010
255
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ
ТИІМДІ ҼДІС-ТҼСІЛДЕРІ
Суюндикова Ж.Т.
Аға оқытушы, б.ғ.к, магистр, Ӛ.Сҧлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Қазақстан, Қостанай
Зарлықанова Ә.Т.
Магистр, А.Байтҧрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай
Аңдатпа: Қазіргі уақытта ғылыми қызметтің кӛптеген салаларында методология
мәселелері, оның дамуы және биологияны оқытудың жаңа инновациялық әдістері туралы
мәселе жиі кездеседі. Мақалада биология пәні мҧғалімдеріне ең тиімді, ыңғайлы, заманауи,
кӛрнекі, оқу материалдарын тҥсіну мен меңгеруде қарапайым әдіс таңдауға кӛмектесетін
маңызды міндеттердің бірі ҧсынылады.
Кілт сҿздер: биология сабағы, методология, педагогика, формативті бағалау, әдіс-
тәсілдер.
Summary. Nowadays in many spheres of scientific activity the question of methodology
problems, its development and new innovative methods of teaching biology is more and more
frequently raised. The article proposes one of the important tasks that will help teachers of biology
in schools to choose the most rational, convenient, modern, visual, easy to understand and learn
teaching material method in biology.
Keywords: biology lesson, methodology, pedagogy, formative assessment, methods.
Заманауи биология сабағы әр тҥрлі әдістемелік тәсілдерді, әдістемелерді
және жаңа технологияларды қолдану арқылы қҧрылады. Бірақ оқу процесі ҥшін
әлі де ӛзекті мәселе сабақта оқушының қызметін жандандыру мәселесі болып
отыр. Әрбір оқушы сабақта ӛз қабілеттерін кӛрсету, материалды талқылауға
қатысу, сҧрақтарға жауап беру ҥшін оқытудың белсенді әдістеріне назар аудару
керек.
Биологияны оқыту оқытудың тҥрлі әдістері мен қҧралдарын қолдануды
кӛздейді. Пәннің ерекшелігіне байланысты зерттелетін объектінің маңызды
белгілерін жиі бӛліп, жинақтау қажет деп айту қажет емес, бҧл тек онымен
тікелей жҧмыс істеу кезінде ғана мҥмкін. Бҧл ретте, жетекші тірі объектілерді
зерттеу әдістері, яғни бақылау және эксперимент болып табылады.
Практикалық іс-әрекет оқушылардың қоршаған орта туралы тҧтас тҥсініктерін,
объектілер мен қҧбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты нақты
анықтай білуін қалыптастыруға мҥмкіндік береді.
Білім берудің мазмҧны жаңарып, жаңаша кӛзқарас пайда болды. Осыған
байланысты ҧстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін ҥнемі жаңартып отыру
және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тҧр.
Мемлекетіміздің білім беру ҥдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы - заман талабына сай келешек ҧрпақтың сҧранысын
қанағаттандыратын жаңа бағдарлама. Жаңартылған бағдарлама бойынша
бағалау тҥрлері формативті бағалау әдістері арқылы жҥргізіледі [1].
256
Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың тҥсіну
қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық қҧралдар мен
мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мҧндай бағалаудың
қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
Формативті бағалау әдістер қатарына «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі,
«Сӛйлемді жалғастыр» әдісі, «Қысқа да нҧсқа» әдісі, «Жеке кеңес» әдісі,
«Қошемет» әдісі және т.б жатады [2].
Биология сабағында жаңа тақырыпты оқушыларға «Ассоциативті қатар» әдісі
арқылы анықтауға мҥмкіндік беру арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыруға болады. Мысалы жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныпта ӛткізілетін
«Жҥйке жҥйесінің қҧрам бӛліктері» тақырыпты алуға болады. Мҧғалім тақтаға бір
сӛз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған
сӛзден пайда болған пікірлерін жазуды ҧсынады. Сабақ тақырыбына қатысты
ассоциация-сӛздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сӛздерді оқып, артық
деп санаған сӛздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тҧжырымдайды. Мысалы:
нейрон, жҥйке, дендрит, аксон, дене және т.б.
Мҧғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды
қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-
қҧрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі
анықталады (оқушының ӛз тәжірибесі). Мҧндай жҧмыстар оқушылар мен
мҧғалімге ойын жіктеуді ғана емес, ӛздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере
отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мҥмкіндік береді.
Жаңа тақырыпты талдаудың тағы бір биология сабағында қолдануға
болатын әдіс ретінде «Атаулар туралы ҥш сҧрақ» әдісі қаралады. Бҧл әдіс
арқылы 8 - сыныпта «Саңырауқҧлақтар патшалығы» тақырыбын ӛткізуге
болады. Мҧғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тҥбіртек, жеуге
жарамды, тҥлкіжем сияқты ҥш терминдітақтаға жазып, оқушыларға осы
атауларға қатысты мынандай сҧрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
1. Қайда? Бҧл терминдерді сіз бҧрынырақта қайда және қандай мағынада
кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Ӛз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын
келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бҧл атаулар қандай қолданыста болады деп
ойлайсыз?
Әдеттегідей бҧл жҧмысты оқушылардың жеке, жҧппен (шағын топ
ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мҧғалім
бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.Мҧғалімнің сҧрақтарды шығармашылық
тҧрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты ӛзгертіп отыруы тиімді.
Жаңа тақырыпты игеріп болғаннан кейін оны бекіту әдістері қолданылады.
Мысалы 8-сыныпта «Жасушаның қҧрамындағы органикалық заттар» тақырыбын
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша былай ӛткізуге болады. Оқушылар
ішкі және сыртқы екі шеңбер қҧрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тҧрып,
ӛтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сҧрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тҧрған
оқушылар ауысып ӛздеріне жаңа жҧптар қҧрады. Сӛйтіп сҧрақтар қою әрі қарай
жалғаса береді.Оқушылар осылай жаңа сабақты бекітеді.
257
Сабақтың ортасында міндетті тҥрде орта буында сергіту сәті болуы керек.
Жаңа әдіс тәсілдер қатарына «Атомдар мен молекулалар» әдісін жатқызуға
болады. Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім.
Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жҥргізуші «Атомдар!»
деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жҥруі керек, ӛйткені
олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жҥргізуші
«Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, ҥш немесе тӛрт, бес, алты)
оқушылар сол аталған сан қҧрамында топтарға жедел тҥрде бірігуі керек.
Қалыс қалған оқушылар (топ қҧрамын аталған саннан кем қҧрғандар) айып
ретінде бір тапсырма орындайды: ӛлең оқиды, ән айтады т.с.с. Ойынның
нәтижесінде қҧралған топтар сол қҧрамда парталарға да отыруына болады: олар
сабақты осы қҧрамда жалғастырады[3].
Келесі биология сабағында қолдануға болатын әдіс «Айналмалы
бекеттер» деп аталады. Бҧл әдісті 7 сыныпта «Жасуша, ҧлпа, мҥше, мҥшелер
жҥйесі тҥсініктері» тақырыбын талқылауға болады. Әр шағын топты бекетте
орналастырып, арандататын сҧрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе
тақтаға жазуға 10 минут беріледі. Сҧрақтар: ҧлпа тҥрлерін ата, жасушаның
қызметі, ас қорыту жҥйесінің мҥшелері және т.б. болуы мҥмкін. Уақыт
аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жҧмысын жалғастырады.
Ауысу әр 10 минут сайын болып тҧрады, әр топ барлық позицияларда болып
шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса
береді. Бҧл әдісті сабақтың қорытынды бӛлімінде ӛткізуге болады.
Қорыта келе формативті бағалаудың әдіс-тәсілдері жеткілікті, оны
биология сабағында пайдалану мҧғалімнің қҧзыреті. Ҧстаз ҥшін баланың ӛз
ойын толық жеткізуі маңызды. Осындай әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдана
отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, білім сапасын арттыру – пән
мҧғалімінің міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |