БҼСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК МҼСЕЛЕСІНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
Дүйсекеева Л.Н.
1 курс PhD докторанты педагогика және психология мамандығы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті
Қазақстан, Астана
Аннотация. В статье автором рассматриваются психологические основы развития
конкурентоспособности личности. Делается обзор научных теории, которые легли в основу
разработки проблемы личностного развития и роста. По мнению автора в условиях
современности, эти теории будут служить основополагающей для обучения искомой
проблемы в подготовке как специалистов, так и образовательного потенциала по
форматированию конкурентоспособности.
Ключевые слова: личность, развитие личности, конкурентноспособность.
44
Summary. In the article author considers psychological essentials of person competitiveness
development and makes a review of scientific theories that formed the basis for the development of
the problem of personal development and growth. According to the author in the conditions of
modernity, these theories will be fundamental for teaching this problem in the training of both
specialists and the educational potential in formatting competition.
Keywords: personality, personality development, competitiveness.
Елбасының «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына
Жолдауында айтқандай ,біздің еліміздің кез келген азаматы біліміне сәйкес
білікті мамандық алып ,әлем елдерінің талабына сай сҧранысқа ие болатын
деңгейге жеткенде ғана,еімізде жасалып жатқан білім беру реформасының
жетістікке жеткенінің куәсі бола аламыз. Сондықтан, Президентіміз Нҧрсҧлтан
Назарбаевтың: «Біздің ҧлттың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейі оның
білімінде» дегенін естен шығармауымыз керек.
Олай болса,білім адамның дҥниені тану процесін қалыптастыру арқылы
жҥйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды,іскерлікті дамыту арқылы
жеке тҧлғаны қалыпиастыра аламыз.Сонымен тҧлға дегеніміз кім?
Тҧлға — ол қалыптасқан эстетикалық талғамы жоғары,ӛрісі кең,рухы
биік, ӛзін-ӛзі дамыта алатын, әлеуметтік белсенділігі жоғары азамат
Тҧлға – мазмҧнды кҥрделі ерекше әлеуметтік ҧғым. Оның ӛсуі мен
қалыптасуы ортасы мен қоғамдық ӛмірге тәуелді.
Сонымен қатар мектеп тҥлегінің негізгі қҧзырлылығы қҧндылықты-
бағдарлы, мәнедиет-танымдық, оқу-танымдық комуникативті,ақпараттық-
технологиялық,
әлеуметтік-еңбек
және
тҧлғаны
ӛзін-ӛзі
дамыту
қҧзыреттіліктері бойынша анықталатындығыда белгіленген .
Демек білім беру мазмҧнының тҥбегейлі тамырлы ӛзгерісінде
шығамашылық іс әрекет тәжіибесімен қаруланған бҥгінгі ӛзгермелі
жағдайларда білім алуға дайын тҧлғаны бағыттауға білім жҥйесі сай болу
қажет. Болашақтың бҥгінгіден де нҧрлы болуына ықпал етіп,,адамзат қоғамын
алға апаратын кҥш тек білімде ғана. Қай елдің болмысын ӛсіп-ӛркендеуі
ӛркениетті дҥниеде ӛзіндік орын алуы оның ҧлттық білім жҥйесінің деңгейіне
даму бағытына байланысты.
ХХІ ғасыр ӛркениеттің алға басуымен сипатталатын болса,ол әр адамның
жаратушылық болмысы нәтижесі. Ҧлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке
тҧлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Белгілі нәрсе туралы
абстрактылы тҥрде ойлай алатын, мәселені шешудің ӛзіндік жолын таба
білетін,заман талаптарына орай ӛзін саналы тҥрде ӛзгерте алатын шығармашыл
адамдар-қазіргі білімнің идеалы, мҧраты,осы тҧлға
Ерте кезден бастап-ақ тҧлға тҥсінігі қалыптаса бастаған. «Тҧлға» тҥсінігі
алғашында бетперде (маска) дегенді білдірген, ол бойынша оны кӛне театрдың
актѐрі киіп, рӛл ойнаған. Кейінірек «тҧлға» термині қоғамдық ӛмірдегі адамның
шынайы рӛлі деп тҥсіндірілді. «Тҧлға» тҥсінігі кӛпжақты. Кон И.С., бір
жағынан алғанда жеке тҧлға нақты бір индивидті, индивидуалды қасиеттері
және оның қоғамдық рӛлдерімен қоса сипатталатын әрекет субъектісі ретінде,
екінші жағынан, тҧлғаны еңбек ету, тҥсіну және қарым-қатынас жасау
субъектісі болатын, басқа адамдармен тікелей және жанама араласу процесінде
45
тҥзілетін, индивидтің интеграцияланған әлеуметтік мәнді сипаттар жиыны
тҥрінде, әлеуметтік қасиеттер ретінде қарастырады.
Тҧлға психологияда ең кҥрделі категория болып саналады. Бҥгінгі таңда
тҧлға тҥсінігінің қаншалықты анықтамасы болса, соншалықты психологтар осы
мәселені зерттеумен айналысады.
Леонтьев А.Н. ойынша, тҧлға – бҧл адамның қоғамдағы ӛмірінен
туындаған ерекше типтің психологиялық қҧрылымы. Әртҥрлі әрекеттердің
бағыныштылығы тҧлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол ӛмірлік
онтогенезде қҧрылады. Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін
қҧрайды деп есептеді. Индивидтің қасиеттері жеке тҧлғаның қасиеттеріне ӛте
алмайды. Ӛзгеруіне қарамастан, олар индивидтік қасиеттер болып қала береді,
қалыптасатын тҧлғаны анықтай алмайды, бірақ оның қалыптасуы ҥшін жағдай
жасайды. Тҧлға, индивид сияқты субъекттердің ӛмірлік қарым-қатынасын
жҥзеге асыратын интеграциялық процестің ӛнімі.
Петровский А.В. тҧлға тҥсінігіне келесі анықтама береді: «Тҧлға ретінде
психологияда индивидтің заттық әрекетінде және қарым-қатынасында қол
жеткізетін және қоғамдық қарым-қатынастарда ӛзін ҧстаудың деңгейі мен
сапасын сипаттайтын жҥйелік әлеуметтік қасиет тҥсіндіріледі».
Жоғарыда айтылған анықтамалардан тҥсінетініміз, тҧлға – бҧл ерекше
қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғысезімді» қасиеті болып
табылады. «Жоғарғы сезімді», яғни іштей бӛлшектенген, кҥрделі қасиет.
Индивидтің сезініп қабылдайтын қасиеттерiнен айырмашылығы: дене бітімі,
мiнез-қҧлық, сӛз, ымның жеке ерекшелiктерi, жалпы, ӛз тәртібімен, келбетімен
және т.б. бейнеленедi. Тҧлға ол әлеуметтiк байланыстар жҥйесінен ажырамайды.
Тҧлғаның әртҥрлі қасиеттерінің қалыптасуын жетік тҥсіну ҥшін, оның қоғамдағы
ӛмірін, қоғамдық қатынастар жҥйесіндегі қозғалысын зерттеу қажет. Қоғамдық
қатынастар - индивидтің әлеуметтiк қасиетi ретінде тҧлғаның бӛлiгі, бір жағы,
аспектiсi. Кез-келген қоғамға индивидтің қосылуы, орындалатын әрекеттердің
мазмҧны мен сипатын, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсiлдерi мен шеңберін,
яғни оның ӛмір сҥру, әлеуметтік тҧрмыс ерекшеліктерін анықтайды. Бiрақ
қайсыбір адамдар қоғамының, сонымен қатар жалпы қоғамның жеке
индивидтерінің ӛмiр сҥруі, тарихи дамып келе жатқан қоғамдық қатынастар
жҥйесімен анықталады. Сонымен бiрге, әр тҥрлi қоғамдық қатынастарға нақты
тҧлғаларды қосудың тәсiлдерi әртҥрлі. Сәйкесінше әр тҧлғаның ӛмiрінде оны
жҥзеге асыру дәрежесі әр тҥрлi, сондықтан әртҥрлі қызмет пен қарым-қатынастың
ӛзара байланысуы әртҥрлі жҥреді.
Тҧлғаның әлеуметтiк-психологиялық талдауын жасау ҥшiн, «индивид»,
«тҧлға», «даралық» деген ҧғымдардың шекарасын анықтап алу керек.
Айта кету керек, «адам» деген ҧғым жалпылама ҧғым болып табылады,
яғни, айқын сӛйлейтін, саналы, (абстрактiлi - логикалық ойлаумен, логикалық
есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, қҧралдарды қҧру, оны
еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.
Индивид - бҧл биологиялық тҥрдiң ортақ генотипиялық тҧқым қуалаған
қасиеттерiн тасымалдаушы биологиялық ағза. Бҧл «Homo sapiens» тҥрінiң ӛкiлi.
Леонтьев А.Н. ойынша бiрiншiден, индивид ҧғымы осы биологиялық тҥрдiң
46
жеке тҥрлерінiң бҥтiндiгін және бӛлiнбейтiндiгiн, екiншiден, осы тҥрдiң басқа
ӛкiлдерінен ерекшеленетін нақты ӛкiлiнiң артықшылықтарын бiлдiредi.
Генотипиялық шартталған даралық қасиеттер, адамның ӛмiр сҥру барысында
сантҥрлі ӛзгеруі мҥмкін, дегенмен бҧдан тҧлғалық болмайды. Тҧлға,
индивидтің алдыңғы тәжiрибесімен байытылған тҥрі емес. Индивидтің
қасиеттерi тҧлғаның қасиеттерiне ӛтпейдi. Ӛзгеріске ҧшырағанымен индивидті
қасиеттер болып қалады, яғни қалыптасатын тҧлғаны анықтамайды, оның
қҧрылуының алғышарттары мен жағдайын жасайды.
Бiз тҧлға болып қоғамдағы ӛмiрдің ықпалымен қалыптасамыз, оларға
тәрбие, оқу, қарым-қатынас, ӛзара қарым-қатынас жатады. Тҧлға – бҧл
әлеуметтiк ҧғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тҧлға туа
пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды.
Тҧлға тҥсінігін, нақты мазмҧнымен, қҧндылықтарымен, әрбір қатысушының
мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тҧлғааралық тҧрақты қатынастар
жҥйесінде ғана тҥсінуге болады. Осы тҧлға аралық байланыстар топқа, ҧжымға
кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында кӛрінедi. Әр
адам тҧлғасына басқа адамдардан оның ӛзiндiк ерекшелiгiн, оның
айырмашылығын қҧрайтын адамдардың психологиялық ерекшелiктерiнiң
ҥйлесімін - оның даралығын қалыптастыратын ерекшелiктерi мен қасиеттері ғана
тән. Кон И.С. ойынша, даралық бҧл әр жеке адамның қайталанбауы ретінде
биология айғақ. Биологтар мҥмкiн болатын мутациялар мен олардың адами
гендерінiң комбинациялану саны әлемдегі атомдар санынан артық емес дейді. Әр
адамның ағзасы тиiстi фенотипті (қандай да бір белгінің сыртқы кӛрінісі)
шарттайтын ӛз тегінде жалғыз генотип (ағзаның генетикалық конституциясы)
тасымалдаушысы болып табылады [2]. Ол сонымен қатар, адам ӛте иілгіш болып
келеді деп есептеді. Бірақ, оның даралығында, барлық зигзагтар мен ӛзара қарама-
қайшылықтары бар оның дамуының барлық сатылары диалектикалық тҥрде
сақталған. Адамның даралық ерекшелiктерi оның әлеуметтiк рӛлдерiн таңдауына
және оларды жҥзеге асыруына айтарлықтай әсер етедi.
Даралық танымдық процестердiң қасиеттерiнде, қабiлеттiлiктерінде, дара
қызмет ету стилінде, мінезінде, темпераментінде, әдеттерінде, басым болып
келетін қызығушылықтарында кӛрінедi. Сонымен бiрге, ол әр тҥрлi тәжiрибе,
бiлiм, икемділік пен сенiмдеріде байқалады. Бiз ӛз даралығымызды дәлелдеп,
бекiтемiз.
Осыған сәйкес, тҧлға және индивид тҥсініктері барабар емес, ал даралық
және тҧлға ҧғымдары тең емес, бiрлiк қҧрады.
Демек, даралық - адамның тҧлғасының тек бір жағы. Рубинштейн С.Л.,
зерделенуі адам әрекетінің психикалық мазмҧнын талдаудан басталатын
барлық психикалық процестер тҧлғада ӛтеді, және олардың әрқайсысы ӛзінің
шынайы ӛтуі барысында оған тәуелді деп тҧжырымдады. Психикалық
процестердiң даралық ретінде тҧлғаға тәуелдiлiгі, ең бастысы, жеке -
дифференциалды айырмашылықтарда байқалады. Даралықтың жалпы
қҧрылуына байланысты адамдар, қабылдау және бақылау, есте сақтау, кӛңіл
бӛлу тҥрлерi, сонымен қатар қабылданатын заттың мазмҧны бойынша бӛлінеді.
Ӛз кезегiнде есте сақтау және ҧмыту таңдау сипатына ие[6 ].
47
2. Кӛптеген психологтардың пайымдауынша, адам тҧлға болып туылмайды,
қалыптасады. Дегенмен қазіргі заманның психологиясында, тҧлғаның қалыптасуы
мен дамуы туралы ортақ біртҧтас теория жоқ. Келесі тәсілдемелерді айта кетуге
болады. Биогенетикалық тәсілдеме (Холл С., Фрейд З.), тҧлғаның дамуының негiзі
ағза толысуының биологиялық процестерi болып табылады. Әлеуметті-
генетикалық тәсілдеме (Торндайк Э., Скиннер Б.), тҧлға дамуының негізгі сәті
ретінде қоғамның қҧрылымын, әлеуметтену тәсiлдерiн, қоршаған ортамен қарым-
қатынасын қарастырады. Психогенетикалық тәсілдеме (Пиаже Ж., Келли Дж.),
биологиялық, әлеуметтік факторларды жоққа шығармайды, дегенмен бірінші
орынға жеке психикалық қҧбылыстардың дамуын қояды.
Тҧлғаның жалпыпсихологиялық теориясы келесі ғылыми жҧмыстардың
әсерінен дамыды: Абульханова-Славская К.А, Ананьев Б.Г., Анциферова Л.И.,
Выготский Л.С., Ковалев А.Г., Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф., Мерлин В.С., Мясищев
В.Н., Петровский А.В., Платонов К.К., Теплов Б.М., Рубинштейн С.Л. Бҧл теория
тҧлға психологиясын қызметтiң, тҧлғаның санасы мен iшкi себептер арқылы
істейтін оның басты сыртқы жағдайларының бiрлiгi ретінде тҥсінуге негізделеді.
Iскерлiк тәсiлдеме «екі фактор теориясын» жоққа шығарады, оған сәйкес тҧлға
бҧл адамның ӛзінің биологиялық ерекшеліктері және әлеуметтің, ортаның әсер
етуінің орташа нәтижесі. Бҧл екі фактор да екіншілей болып қалады, және
олардың әсері субъекттің қызметті белсенді таңдауымен тҥсіндіріледі.
Тҧлғаның даму кӛзі оның ішкі қарама-қайшылықтарында жатыр, яғни
оларды кез-келген тәсілмен шешу, тҧлғаның ӛзін қалыптастырады. Тҧлғаның
дамуы – қалыпсыз әрекетті қозғалыс: мҧнда тоқырау кезеңдері де, сынғыштық
сәттер де, қҧлдырау мен деградация кездері де болуы мҥмкін.
Қызмет ету теориясында тҧлға ӛзегi - бҧл қызметте жҥзеге асырылатын және
оның уәждемелерінде ӛзін табатын әрекетті қатынастардың жиынтығы, сондықтан
тҧлға негiзi оның уәждемелерінің иерархиялық қҧрылымы болып табылады.
Тҧлға туралы басқа адамдармен қарым-қатынасты реттейтін, басты,
алдыңғы қатарлы әлеуметті уәждемелері ретінде бӛліп кӛрсете отырып,
уәждемелерді бағындыру байқалған кезде ғана айтуға болады (Божович Л.И.,
1968). Тҧлға белгiсiз жағдайда белгілі бір амалдан басталады. Мҧндай жағдай,
таңдалуы ӛте қиын, екі, маңызы бірдей тҥрткілер немесе уәждемелер
арасындағы кҥрес. Тҧлғаның бірінші туылуының мысалы ретінде, Леонтьев
А.Н. сипаттаған «ащы кәмпит» қҧбылысын келтіруге болады. Бала, орнынан
тҧрмай, айтарлықтай алыс орналасқан ҥстелде жатқан затты алу керек делік
(және осы еңбегі ҥшін ол тәтті кәмпитпен марапатталады). Кӛзге кӛрініп
тҧрғандай, экспериментатор бӛлменің ішінде жҥрген кезде бала орнынан
тҧрып, ол затты ала алмайды. Дәл осы жағдайда, екі тҥрткінің (уәждеме)
арасында дау басталады: олардың бірі – болашақ жҥлде, ал екіншісі –
әлеуметтік мәдениетті тыйым, яғни ҥлкен кісімен шартты тҥрдегі келісім. Әрі
қарай, ҥлкен кісі бірнеше минутқа бӛлмеден шығады да, келесі бӛлмеден
баланы бақылайды. Сол кезде бала бӛлмеде ҥлкен адамның жоқ екенін кӛріп,
ҥстелдің ҥстінде тҧрған керек затын орнынан тҧрып алады. Келесі кезекте,
бӛлмеге ҥлкен кісі кіреді де, тапсырманың орындалғандығын байқап, баладан
орнынан тҧрған-тҧрмағанын сҧрайды. Бала орнынан тҧрмағандығын айтады,
48
сол кезде экспериментатор баланы тәтті кәмпитпен марапаттауды ҧсынады.
Бірегей қҧбылыс – феномен пайда болады, бала тәттіден бас тартып, жылай
бастайды. Дәл осы кездегі тәтті лайықсыз марапат болып табылады. Яғни,
әлеуметтік мәдениетті келісім шарттың бҧзылуы, Леонтьев А.Н. бойынша,
«тҧлғалық мәні бойынша ащы» . Осылайша, балада кҥресу мен уәждемелерді
реттеу процесі жҥреді: уәждемелердің бірі жетекші, ал екіншісі бағынышты
болады. Осылайша, тҧлғаның ӛсуі жҥреді, дәл осы уәждемелердің реттелуі
тҧлғаның ӛзегі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |