Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет27/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Key words: research activities, development, research method, cognitive activity. 
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Тӛртінші 
ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мҥмкіндіктері» атты 
Жолдауында «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде 
ӛзіміздің озық жҥйемізді қҧруды жеделдету қажет. Цифрлық білім беру 
ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді 
видеоқҧрылғылармен жабдықтау жҧмыстарын жалғастыру қажет» дей отырып, 
білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы ӛзгерістерге ҥнемі бейім 
болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс екендігін баса 
айтқандығы баршаға мәлім [1].
Білім мазмҧнын жаңарту жағдайында оқушының білімді игеруде 
зерттеушілік қызметке тартудың маңыздылығы артып отыр. 
Зерттеушілік қызмет мәселесінің тарихы ӛте терең, ӛйткені кӛптеген ғалымдар 
бҧл мәселемен ҧзақ жылдар бойы айналысып келеді. Зерттеушіліккке оқытудың 
негіздері туралы Сократ сҧқбаттарында, белгілі риторик Квинтиллианның 
еңбектерінде, сондай-ақ қайта ӛрлеу дәуірінің педагог-ойшылдарының (Ф.Рабле, 
Т.Мор, В.Да-Фильтре) ілімдерінде де кездестіруге болады, олар таным белсенділігі 
туралы, балаларды ғылымға икемдеу, тарту қажеттігі туралы айтқан [2]. 


53 
Я.Коменский, Дж.Локк, Ж.-Ж.Руссо, И.Песталоцци, Ф.Дистервег және 
т.б. балаларды оқыту мен тәрбиелеудің аса маңызды міндеттерінің бірі 
оқушылардың бойында «білім іздеу рухын» ояту деп санаған, оқушыларды 
бақылауға, эксперименттер жасауға, қорытындылар жасауға ҥйреткен. 
Дидактиканың негізін салушы Я.Коменский, алғашқылардың бірі болып, 
баланы оқытудың тиімділігі – басқа біреулердің тҥсінгендері мен 
байқағандарын тҧтынушы ретінде емес, «ақиқатты тҧңғыш ашушы» сияқты 
сезіндіру тҥрінде оқыту деп санаған. Я. Коменский қҧбылыстар мен заттарды 
бақылағанда «біреудің кӛзімен», «біреудің ақылымен» емес «...әрбір оқушы 
барлығын ӛзі зерделеп, ӛзі сезінетіндей» етіп ҧйымдастыру керек деп атап 
кӛрсетті [3]. 
XVII ғасырда ӛмір сҥрген ағылшын философы, педагог Дж. Локк 
тәрбиелеудің басты міндеті білімді әр ғылым бойынша жинақтай беру емес, 
«...ақыл ойды кез келген ғылымға барынша, ең жоғары дәрежеде қабілетті 
болып шығатындай етіп дамытып, бейімдеу», яғни баланы білімді ӛз кҥшімен 
ізденіп табуға дайындау деп жазды [4]. Ағартушы, философ Ж.-Ж.Руссоның 
пікірі бойынша, баланың дамуындағы аса маңызды мәселе оның жеке 
практикалық тәжірибесі болып табылады, ол бақылаулар мен эксперименттер 
жасау барысында заттар мен қҧбылыстарды ӛз кҥшімен зерттеудің негізінде 
тҥзіледі. Бала ғылымды зерделегенде жаттап емес, оның сырын ӛзі ашып, 
тереңіне ҥңіліп зерделеуі керек. Тәрбиелеушінің міндеті, баланың 
қызығушылығын оятып, оқып-ҥйренудің әдістерін ҥйрету [5]. 
Швейцариялық педагог И.Песталоцци білімнің қайнар кӛзі табиғаттағы 
қҧбылыстар мен ҥдерістерді ӛз кҥшімен зерттеуде жатыр, деген пікірді 
ҧстанған. Мҧндай қызметте бала дамиды, логикалық тҥрде ойлауды ҥйренеді, 
фактілерді салыстырып, қорытады және осының негізінде ҧғымдар туындайды. 
Оның оқыту жҥйесі (элементарлық білім беру теориясы) тҧлғалық дамуды 
қамтамасыз ететін осы зерттеуге де жақын. Дамыта оқыту, И.Песталоццидің 
пікірі бойынша, бақылаудан тәжірибеге, тҧжырымдар мен қорытуларға, 
білімдерді жинақтауға жетелеуі тиіс [5]. 
Неміс педагогы Ф. Дистервег аса маңызды жалпыдидактикалық ҥш 
принциптің бірі – кӛркемӛнерпаздық принципі (балалардың шығармашылық 
белсенділігін дамыту). Оқыту жолдарының бірі ретінде ол эвристикалық әдісті 
ҧсынған, ол оның пікірі бойынша бастауыш мектепте ӛте маңызды, ӛйткені 
кішкентай балаға іздену, ойлау, білімдерді ашу мҥмкіндігін береді. Оқытушы 
оқушының бойында ақиқатқа ӛз кҥшімен, ӛз ойларының, зерттеулерінің 
нәтижесінде жетуге ҧмытылысты дамытуы тиіс. «Жаман оқытушы ақиқатты ӛзі 
айтып береді, жақсы оқытушы оны іздеп табуды ҥйретеді». Ресейде, ХІХ 
ғасырдың ортасында Дистервегтің идеялары ӛте танымал және кеңінен 
таралған болатын [5]. 
Оқу-зерттеушілік қызмет идеясы ХІХ ғасырдың екінші жартысында –
ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Бҧл кезеңге осы әдістің шетелдерде іс 
жҥзінде іске асырылуы сәйкес келеді. Азаматтық тәрбие беру теоретигі, және 
оның қҧралы ретінде еңбек мектебі идеясын ҧсынушы, неміс педагогы 
Кершенштейнердің тәжірибесі ӛте қызықты. Ол оқытудың әдістері мен 


54 
жағдайларын ӛзгертіп, оқушылардың мҥмкіндіктеріне қарай зертханалар мен 
шеберханаларда ӛткізілетін зертханалық, шығармашылық жҧмыстарды, 
зерттеушілік қызметті енгізді [6]. Американдық философ, психолог, 
әлеуметтанушы, педагог Дж. Дьюи келесі шартарды ескере отырып, 
дидактикалық жҥйені әзірлеп шығарды: оқушыларды зерттеушілік жҧмыстарға 
тарта отырып, олардың белсенділігі мен танымдық дербестігін дамыту
«ойлаудың толық акті» тҧжырымдамасына негізделген проблемалық оқыту, 
оның кезеңдері мыналар болып табылады: қиыншылықты сезіну, оны табу 
және анықтау, оны шешудің негізгі ойын тқжырымдау (болжамдық шешу 
жолынан туындайтын гипотеза мен қорытуларды қҧрастыру, гипотезаны 
логикалық тҧрғыдан тексеру, одан арғы бақылаулар мен эксперименттер 
арқылы гипотезаны қабылдау немесе жоққа шығару) [2]. 
Оқытудағы зерттеушілік тәсілдеме идеясының ӛзін ағартушы, алғашқы 
балалар журналының негізін салушы Н.И.Новиков алғаш рет ХVIII ғасырдың 
екінші жартысында жария еткен болатын. Ресейдің ҧлы қайраткерлері мен 
педагогтары Н.И.Пирогов, Н.Г.Чернышевский, Д.И.Писарев, Н.А.Добролюбов, 
К.Д.Ушинский және т.б. балалардың зерттеушілік қызметін теориялық 
тҧрғыдан негіздеу проблемасына ӛз ҥлестерін қосты. Олар оқушылардың 
дербестігін, ғылыми ойлау, шығармашылық әрекет ету қабілеттерін дамыту 
қажет екені туралы жазды. Н.И.Пирогов мҧғалімдерге оқушының ойын ояту 
қажеттігін, олардың ойлау қабілеттерін дамытуды, ӛзіндік жҧмыс жасау 
дағдыларын ҥйретуді ҧсынды. Д.И.Писарев зерттелетін қҧбылыстың тҥпкі 
мәніне дейін баланың ӛз кҥшімен жҥріп ӛтуі, және оның кезінде бҥкіл ғылымды 
ашқан ҧлы ойшылдардың жҥріп ӛткен зерттеушілік жолымен жҥріп ӛтуі аса 
маңызды деп жазды. Ресейдің ҧлы педагогы К.Д. Ушинский, ӛзінің 
педагогикалық тәжірибесін қорыта келіп, оқушылардың дербес, ӛзіндік қызметі 
«...кез келген табысты ілімнің бірден бір мықты негізін қҧрайды» деп санаған. 
К.Д.Ушинский де балаларды ой еңбегіне ҥйрету қажетті туралы жазды, 
кӛптеген әдістермен бірге «...баланы оқыту емес, оқып-ҥйренуге ҥйрету қажет» 
екенін кӛрсеткен.
Оқытудағы зерттеушілік бағытты әзірлеуге В.П.Вахтеров, Н.Ф.Бунаков, 
П.Ф.Каптерев, С.А.Рачинский және т.б. ҥлес қосты. В.П. Вахтеров баланың 
шығармашылық қабілетін дамытуға жетелейтін дамыта оқытудың жақтаушысы 
болған, осы тҧрғыдан ол бастауыш мектептегі оқытуды жаңарту керек деген 
ҧстанымын білдірген. Ол «ақиқатты қалай ашуға болатынын ҥйрету керек» 
деген ойды білдірген. Осыған байланысты мектеп оқушылардың бойында ӛз 
кҥшімен ойлауды дамыту ҥшін жағдайлар тудыруы тиіс, ол ҥшін бақылауды, 
эксперменттер жҥргізуді, қорытуды, салыстыруды, қорытындылар жасауды, 
жіктемелеуді, ғылыми әдістерді ҥйрету қажет. П.Ф.Каптерев алғашқылардың 
бірі болып оқытуда «генетикалық тәсілдеме» деп аталған зерттеушілік 
тәсілдемені қолданды. Бҧл тәсілдеме оның ойынша оқыту ҥдерісінде ғылыми 
фактілерді қарастырып қана қоймай, сонымен қатар оларың ашылу тарихын 
зерделеуге де мҥмкндік береді. С.А.Рачинский болса, қҧрғақ формалистік 
оқыту әдісін сынға алып, баланың ӛздігінен білім алуға ҧмтылысын оятуға 
ықпал ететін әдістер әзірледі [7]. 


55 
Революциядан кейінгі кезеңде заманауи мектептегі зерттеушілік әдісті 
насихаттаған Н.К.Крупская мен С.Т.Шацкий болды, олар зерттеушілік әдістің 
арқасында оқушылардың бойында ӛзіндік зерттеушілік жҧмыстың қарапайым 
әдістері мен тәсілдері қалыптасады деп санады. Зерттеушілік әдісті дамыту және 
оны заманауи мектептегі оқыту ҥдерісінде қолданудың негізін қалағандар 
Б.Е.Райков, 
К.Б.Ягодовский, 
В.Н.Верховенский, 
П.П.Лебедев 
болды. 
«Зерттеушілік әдіс» терминін ХХ ғасырдың басында (1911 жылы) Б.Е.Райков 
ҧсынды. Ол бҧл терминді былай деп анықтады: «Зерттеушілік әдіс дегеніміз 
оқушылар дербес бақылайтын немесе іс жҥзінде қабылданатын нақты 
фактілерден туындаған қорытынды пікір». Б.Е.Райков, оқушылардың 
зерттеушілік жҧмысын сипаттай келіп, бҧл қызмет нақты факторларға дербес 
бақылау жасауға сҥйенетін логикалық ойлаудың білгілі бір ҥдерісін білдіреді 
және ол тӛрт сатыдан ӛтеді: бақылау және мәселелерді қою; болжамды шешу 
жолдарын табу; болжанған шешу жолдарын зерттеп, оның ішінен ең дҧрысын 
таңдап алу; гипотезаны тексеру және оны тҥпкілікті бекіту деп есептеген. Б.Е. 
Райков зерделенетін материалдың баланың ақыл-ойы енді ғана қалыптасып, 
дамып келе жатқан кезде, яғни білімнің бастапқы кезеңінде оқушылардың ӛздері 
қол жеткізген, тікелей меңгерген фактілерінің негізінде дербес зерттеулердің 
кӛмегімен қарастырылғаны ӛте маңызды деп санаған [8]. Осы кезеңде 
зерттеушілік әдістің әзірленуіне Б.В.Всесвятский, П.П.Блонский, А.И.Пинкевич, 
елеулі ҥлес қосты, олардың пікірі бойынша белсенділіктің ең жоғарғы сатысы – 
зерттеудің мақсатын оқушының ӛзі қойып, зерттеудің жоспарын ӛзі қҧрғанда 
және оны ӛз кҥшімен орындаған кезде жҥзеге асырылады. 
Мектептер кешенді бағдарламалар бойынша жҧмыс істеген кезеңде (1923-
1931 жж.) Ресейде оқытудың зерттеушілік әдісін шамадан тыс бағалау ҥрдісі орын 
алды. Зерттеулер, бақылаулар, практикалық жҧмыстар, материалдарды кітап 
бойынша ӛзіндік зерделеу, экскурсиялар ҧйымдастыру ең дҧрыс, ең тиімді жалғыз 
жол деп саналды. Нәтижесінде «жҧмыс кітаптары» бойынша зерттеулер жасаған 
оқушылар жҥйелі де тҧрақты білім ала алмады. Сондықтан, кейінірек зерттеушілік 
әдістен бас тартылып, сынға алынып, «әдістемелік әдебиеттер мен оқыту 
практикасында ҧзақ жылдарға ҧмытылды» [9]. 
1960-шы жылдардың басында, «жылымық» жылдары елдің қоғамдық 
ӛмірінде жастарды ғылым, техника, ӛндіріс, ӛнер саласындағы жоғарыбілікті 
мамандардың басшылығымен оқу-зерттеушілік қызметке тарту идеясы қайта 
жанданды. Осы жылдары әралуан мектеп ҥйірмелерінің, мектеп клубтарының 
жҧмысы біршама белсендіріле тҥсті [10]. Одан әрі Ресейде оқытудағы 
зерттеушілік әдіске деген қызығушылық қайтадан қолға алынды, белгілі 
дидакттар мен әдіскерлер осы мәселеге бірқатар еңбектерін арнады (М.Н.Скаткин, 
И.Я.Лернер, В.Н.Федорова, С.Г.Шаповаленко, М.И.Махмутов және т.б.). 
Зерттеушілік қызметтің кӛрініс беруін сабақтың дидактикалық мақсаты 
тҧрғысынан қарастыруға болады: жаңа білімдер алу мақсатындағы зерттеулер; 
білімдерді қорыту мақсатындағы зерттеулер; білімдерді бекіту мақсатындағы 
зерттеулер. М.А.Данилов былай деп жазды: танымдық міндеттері элементарлық 
ғылыми зерттеулермен байланыстырылған оқу сабақтары ӛте маңызды болып 
табылады, оқыту кезінде оқушыларды «ақиқатты іздеу», оны негіздеу және 


56 
дәлелдеу ҥдерісіне қатысушы етіп кӛрсету қажет, ӛйткені осылай еткенде ғана 
дербес зерттеу жҧмысының элементтері ең жақсы нәтижелерді береді». 
Б.П.Есипов зерттеушілік сипаттағы жҧмыстың қҧндылығын былай деп атап 
кӛрсетеді: «... оқушының бақылау жасаудан бастап шығатын нәтижеге, 
қорытындыға жетуі ҥшін жҥріп ӛткен жолы – ең қҧнды және ең мәнді жол. 
Зерттеушілік сипаттағы дербес жҧмыстар оқушыны ғылымға жақындата тҥседі». 
Қазіргі уақытта Н.М.Скаткин мен И.Я.Лернер ҧсынған оқыту әдістерін 
оқушылардың оқу материалын меңгеру кезіндегі танымдық қызметінің 
сипатына қарай жіктемелеу кеңінен таралған. Авторлар мынадай әдістерді 
ерекше атап ӛтеді: тҥсіндірушілік-кӛрнекілік; репродуктивтік; проблемалық 
мазмҧндау; ішінара-іздестірушілік; зерттеушілік. И.Я.Лернердің пікірі 
бойынша, зерттеушілік әдістің функциясы – оқушылардың шығармашылық, 
зерттеушілік қызмет тәжірибелерін меңгеруі ҥшін жағдайлар тудыру, соның 
барысында оқушылар субъективті ақиқаттарды ашады, ӛз жаңалықтарын ашу 
кезінде мҧғалімнің тарапынан айтарлықтай қолдау табады. Н.М.Скаткин, 
оқушыларды тиісті дайындықтан ӛткізу кезінде зерттеушілік әдісті қолдану 
қажет, атап айтқанда, оқушылардың алдына бір проблемалық мәселе қойылады, 
ал олар осы проблема туралы ойларын ортаға салып, оны шешудің тҥрлі 
болжамдарын жасауға, осы болжамдардың дҧрыстығын тексеруге, болжанып 
отырған тәжірибені ойластыруға, ӛз кҥштерімен тәжірибе жасауға, бақылау 
нәтижелерін белгілеуге, қорытындылар жасауға, оларды бастапқыдағы 
айтылған болжаммен салыстыруға, сыныпта іздестірудің барысы мен 
нәтижелері туралы баяндауға, жасалған қорытындының дҧрыстығын қорғап 
шығуға тиіс болады. 
М.И.Махмутов мектептегі зерттеулерді мҧғалім оқушылардың алдына 
проблемалық жағынан әртҥрлі болып келетін теориялық және практикалық 
тапсырмаларды қою арқылы ҧйымдастыратынын атап кӛрсетеді. Ол зерттеу 
әдісін «жалпыдидактикалық әдіс» деп атаған. М.И.Махмутов, әсіресе қазіргі 
мектептегі зерттеушілік тапсырмаларының 20-шы – 30-шы жылдардағы 
мектептерде қолданылған тапсырмалардан ӛзгеше екенін кӛрсетеді: олар 
әмбебап сипатқа ие емес және оқушылар айналысатын басқа да қызмет 
тҥрлерімен ҥйлесімділікте қолданылады; практикалық жҧмыстар теориялық 
білімдермен, олардың қолданылуымен тығыз байланысты. 
П.И.Пидкасистый ілімді «зерттеушілік элементтерін қамтитын жеке 
танымның ерекше нысаны» деп тҥсіндірген, бҧл ретте оқушы ӛзінің дербестігін 
барлық ақпаратты нық сеніммен бірден қабылдай салмау арқылы танытады, 
алдымен оны әртҥрлі дереккӛздер, эксперименттер мен тәжрибелер арқылы 
тексеріп кӛруге тырысады, туындаған сҧрақтарға ӛз білімдерін, ӛз ойлау 
қабілетін пайдалана отырып ӛзі жауап іздейді. Оқушының жеке танымында 
ғылыми зерттеушілік элементтерін дамытудың негізгі жолы – оқыту ҥдерісінде 
проблемалық жағдайларды кешенді тҥрде қолдану». П.И.Пидкасистыйдың 
«танымдық оқу қызметіндегі дербестіктің, шығармашылық ҥдерістердің тҥпкі 
негізінде ең алдымен зерттеушілік ізденіске қажетті білімдердің, дағдылар мен 
бейімділіктердің саналы және нық меңгерілген кӛлемі жатыр» деп атап кӛрсетуі 
де ӛте әділ пікір. 


57 
Кӛптеген психологтар оқу ҥдерісіне зерттеушілік тапсырмаларды қосудың 
орындылығын негіздейді. Мысалы, Д.Н.Богоявленский былай деп жазады: «Кез 
келген мазмҧн оқушы ҥшін оқу қызметіне бағыт беретін және ынталандыратын 
белгілі бір мәселеге айналғанда ғана оқу мәніне ие болады». В.В.Давыдов болса, 
оқу қызметінің қҧрылымындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерделеу 
қажеттілігін атап кӛрсетеді, ӛйткені олар ерекше тҥрде нақты зерттеушілік және 
іздестірушілік әрекеттерді ӛзгеше бір қырынан кӛрсетеді. 
Біздің осы зерттеу жҧмысымыз ҥшін балалардың зерттеушілік 
бастамашылдығын зерттеген А.Н.Поддьяков, оқушылардың зерттеушілік 
қызметін жобалау туралы жазған А.В.Леонтович, нәтижелі ойлау қабілетін 
дамыту туралы зерттеген А.И.Савенков сияқты психологтардың еңбектері аса 
маңызды. Бҧл авторлар балаларды, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларын 
да дамытудың маңызды қҧралы ретінде оқушылардың зерттеушілік қызметін 
ҧйымдастырудың тиімділігін негіздеп, дәлелдеген.
Қорыта келе, біз бастауыш сынып оқушыларының оқу зерттеушілік 
қызметіне тӛмендегідей сипаттама беруге болады: бҧл ӛзінің қҧрылымы жағынан 
мақсаттылықпен, белсенділікпен, мәнділікпен, уәжділікпен және саналылықпен 
сипатталатын ғылыми қызметке сәйкес келетін оқушылардың арнайы 
ҧйымдастырылған танымдық шығармашылық қызметі. Бҧл қызметтің нәтижесі – 
танымдық уәждемелер мен зерттеушілік дағдылардың қалыптасуы, оқушылар 
ҥшін субъективті тҧрғыдан жаңа білімдер мен қызмет тәсілдерінің ашылуы 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет