Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет4/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
АВИАЦИЯ 
 
Авиация
– Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр 
аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ т.б.) ұшуды білдіретін 
ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп та-
мыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді. Осы аппараттардың 
ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құра-
мына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлі-
неді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығу-
лық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығын-
да, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық ау-
лау кәсібін барлау үшін т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиа-
цияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан 
қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады.
 
 
Авиация тарихы 
 
Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан
басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері
соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген ха-
лықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі 
адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ 
ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу – соның айғағы. 
Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да Винчи еңбекте-
рінде ұшу аппараттарының жобалық эскиздері (нобайы) кезде-
седі.
1754 жылы орыс ғалымы Михаил Ломоносов серіппе күші-
мен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппарат-
тың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді.
ХІХ ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қал-
қыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 жылдары неміс ға- 



лымы Отто Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірне-
шеуімен ұшып та көрді. ХІХ ғасырдағы бу машинасын жасау-
дың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне 
алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі 
әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент 
алды. Қалқыма ұшақ 1885 жылы жасалды, бірақ ұшу кезінде 
апатқа ұшырады. 1894 жылы Англияда конструктор Хайрем 
Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте 
жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың 
қанатын көзге елестететін «Авьон» аппараты да бірнеше онда-
ған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады. Бұл 
сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса 
ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты.
ХІХ ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданыл-
ған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі 
қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны 
ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер 
мен Орвилл Райт пайдаланды. 1903 жылы 17 желтоқсанда олар-
дың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті 
ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 
1908 жылы сенімді басқара отырып, бір жарым сағатқа дейін 
ұша алатын күйге жеткізді. 1909 жылы 25 шілдеде француз кон-
структор-ұшқышы Луи Блерио өзінің монопландық сұлбада 
жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш 
бұғазы үстімен ұшып өтті. 1910 жылы Борис Юрьев Ресейдегі 
алғашқы тікұшақтың жобасын жасады. Дегенмен де бұл кезең-
дегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салда-
рынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған 
көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық 
және тәжірибелік ізденістерге кірісті. 1914 жылы басталған I дү-
ниежүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер бол-
ды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья 
Муромец», Францияның «Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», 
ағылшынның «Coпвuч», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға 
болады. Олар сағатына 90 – 120 км жылдамдықпен ұшты. Кейі-
нірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200 – 220 км, 
биіктеуі 7 км-ге жетті. 



ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Англияда, Францияда, АҚШ-
та, Германияда және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақ-
тардың бірнеше жүздеген типтері жасалып, олардың көпшілігі 
көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин 
S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 жылы америка 
ұшқышы Чарлз Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант 
мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 жылы орыс 
ұшқыштары Валерий Чкалов, Георгий Байдуков және штурман 
Александр Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік по-
люс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км қашықтық-
ты қонбай ұшып өтті. 1930 жылдардың 2-жартысында КСРО-да, 
Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактив-
ті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағы-
нан жаңа сатыға көтерілді. 1950 жылдардың басында алғаш рет 
Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) 
бір орындық МиГ-19 ұшағы, 1960 жылдардың 2-жартысында 
Американың «Фантом» F-4 жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ 
көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона 
алатын, ұшқан кезде қанатының пішінін қажетке қарай өзгерту-
ге болатын F-111 ұшақтары жасалды. ХХ ғасырдың 60-жылда-
рының соңына қарай бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұша-
тын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500 – 3000 км, ұшу қашық-
тығы 6 – 8 мың км) жолаушы таситын ұшақтар (Англия мен Фран-
цияда – «Конкорд», КСРО-да – ТУ-144) жасалды. 1990 жылдар-
дың басында сериялы ұшақтардың ұшу жылдамдығы – сағатына 
3000 – 3500 км, биіктігі – 30 мың м, ұшу қашықтығы 15 000 км-
ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. 
Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау 
жұмыстары қолға алынды. Авиация мен ракеталық техникалар-
дың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасы-
ғыш ракеталарды шығаруға негіз қалады.
("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: 
"Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998. – 56-58 бб.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет