Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет7/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
ӘУЕ КӨЛІГІ 
Қазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты 
әуе көлігі үлкен рөлге ие және оны алмастырар басқа көлік түр-
лері жоқтың қасы. Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і ха-
лықаралық рейстерге қызмет атқарады. Әуежайлардың көбісінің 
қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасы-


13 
малдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде 
ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасында-
ғы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air 
Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады. 
Соңғы ірі инвестициялық жобалар: 
Астана қаласындағы жаңа әуежайлық комплекстің құры-
лысы; 
Атырау қаласының әуежайындағы жаңа ұшу-қону жолағы-
ның құрылысы; 
Алматы әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалы-
ның құрылысы; 
Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі; 
Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі; 
Ақтау әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалы-
ның құрылысы. 
Қазақстандағы әуежайлық ақша жиналымы мен әуе билет-
терінің бағалары Ресей мен Батыс Еуропа елдеріне қарағанда 
жоғары емес, бұл елдегі әуе көлігінің дамуын тежеуде. 
 
Су көлігі 
Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзынды-
ғы – 3982 км. Кеме жүруіне жарамды су жолдары: Ертіс, Сырда-
рия, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қой-
масынан бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қой-
малары, Балқаш және Зайсан көлдері. 
Каспий теңізінің арқылы Қазақстан Ресей, Иран, Әзірбай-
жан, Түрікменстанмен байланысады. Ресей өзендері мен кеме 
жүретін каналдар арқылы Қара және Балтық теңіздерімен, одан 
ары Батыс Еуропа елдерімен байланысады. 
Ақтау порты Қазақстанның суы қатпайтын жалғыз теңіз 
порты болып табылады. Ол халықаралық су жолдарындағы стра-
тегиялық маңызға ие. 
2007 Қазақстан тарапынан Ресейге Каспий теңізі мен Азов-
Қаратеңіз бассейнін тікелей қосуға бағытталған Еуразия кана-
лын ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен болатын. Жоба жүзеге 


14 
асса, Қазақстан Ресей арқылы халықаралық теңіз жолдарына 
шығуға мүмкіндік алып, сол арқылы теңіз державаларының бірі 
аталуы мүмкін. 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет