Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
РАДИОТЕХНИКА 
 
Радиотехника – радио диапазонындағы электромагниттік тер-
белістер мен толқындар арқылы генерациялау және күшейту, та-
рату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін 
зерттейтін ғылым. Электромагниттік тербелістер мен радио диа-
пазонындағы толқындарды радиобайланыста, телевизацияда, ра-
диолокация мен радионавигацияда, ондай-ақ технологиялық про-
цестерді бақылау және басқаруда, тағы да басқа ғылыми-зерт-
теулерде пайдаланатын технология саласы да радиотехника деп 
аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған км-ден 
мм-дің ондаған бөліктеріне дейін электромагниттік толқындар 
жатады. 
 
 
Радиотехниканың дамуы 
Радиотехника дамуында М. Фарадейдің электр және магнит 
өрістері туралы ілімі, Дж. К. Максвеллдің электр және магниттік 
құбылыстарды теңдеулер жүйесі арқылы сипаттап беруі маңыз-
ды рөл атқарды. Электро толқындарды эксперимент жүзінде 
байқаған және оны зерттеген Г. Герц болды. А.С. Попов электро 
толқындарды генерациялау және қабылдау негізінде сымсыз 
байланыс жасау мүмкіндігін тұңғыш рет 1895 жылы 25 сәуірде 
іс жүзінде дәлел берді. Бұл күні КСРО-да радио күні тойланып 
өтті. Радиотехниканың күшті қарқынымен дамуына электрон-
дық лампаның пайда болуы зор ықпал етті. Генераторлық лам-
паның жасалуы өшпейтін тербеліс алуға мүмкіндік берді. Элек-
трондық лампаларды жетілдіру саласында кеңес ғалымдары 
М.В. Шулейкин, М.А. Бонч-Бруевич, Л.И. Мандельштам,
Н.Д. Папалекси және тағы да басқалары елеулі еңбек етті. ХХ ға- 


15 
сырдың 20-жылдары радиотелеграфтық байланыспен қатар, ра-
диохабар тарату да кеңінен дами бастады. Арнаулы шамдарды 
пайдаланатын радиотолқындар диапазонының кеңдігі артты-
рылды. Орыс ғалымы В.П. Вологдин жасаған жоғары жиілікті 
индукторлық машина негізінде 1925 жылы Мәскеу мен Нью-
Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды. ХХ ғасыр-
дың орта кезінде телевизия пайда болды. Қозғалмалы объек-
тілерден берілетін ақпараттың мол болу себебі бұл байланыс өте 
жоғары жиілікті тербеліс арқылы ғана жүзеге асырылады. Осы 
салада Б.А. Введненский, А.Н. Шукин, В.А. Фок, А. Зоммер-
фельд және тағы басқа ғалымдар үлкен еңбек сіңірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет