Деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата17.11.2023
өлшемі1.25 Mb.
#483546
1   2   3   4
Тұрмыс салт жырлары Pdf

Тойбастар
-
қыз ұзату
,
үйлену
, т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену 
тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен
қыз-
келіншектер
жиналып,
қоштасу
кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі 
ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар
әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы
құрғалы отырған екі жасқа игі тілек,
бата
, ақыл-кеңестер айту. Айтушының
қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла
береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. 
Тойбастар шілдехана,
сүндетке отырғызу
тойларында, үй-ішінің, ауылдың, 
қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың
аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді.


Сыңсу
-
қыз ұзату
дәстүріне байланысты туған
тұрмыс-салт жырларының
бірі.
Бұл -
қыздың
ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-
құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды 
ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі
әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері 
шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын,
қайғы
-
қасіретін
жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының
мұңы
әлеуметтік 
мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық
ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі 
құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген.



Беташар
— қазақтың
келін
түсіргенде жасалатын салтының бірі. 
Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде
өткізілген.
Шымылдық
ішінде отырған келіннің
басына
орамал
жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі 
келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың
тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын 
әйелдер
жесір
,
жеңілтек
, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. 
Орамалдың
теңге
түйілген ұшын
домбыраның
мойнына не 
таяқтың ұшына байлап,
жырау
беташар жырын бастайды. 
Ол
шаңыраққа
жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін 
таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, 
беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына 
жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге
беретін сый-сыяпатын атайды.



Қазақ даласында
ислам діні
берік орын тепкеннен кейін пайда
болған
тұрмыс-салт
жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза
ұсталатын
рамазан
айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде
ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына 
келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта 
үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып
Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні 
айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады.
Жарапазан айта келдім, сіз байларға,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бір келген он екі айда шақыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үш айда енді бізге қалам, Құран,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бес парыз мұсылманға минат болған,
Ораза, намаз, зекет, қажы, - ол- нұр 
иман!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет