Деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата17.11.2023
өлшемі1.25 Mb.
#483546
1   2   3   4
Тұрмыс салт жырлары Pdf

Арбау өлең — ауыз әдебиетіндегі
тұрмыс-салт өлеңдерінің
бір түрі. Адамды
немесе малды жылан, қарақұрт, бүйі, шаян шаққанда, уытын “қайтару” үшін 
айтылады. Халық әр түрлі ырым жасап айтылған Арбау өлеңдері арқылы 
жыланның немесе қарақұрттың т.б. уытын қайтаруға, өздерін арбап әлсіретуге 
болады деп түсінген. Әрбір жәндіктің жаратушысы, “тәңірісі” болады деп
ұғынған адамдар оларға сөз арқылы әсер етуге боады деп сенген. Арбау өлең
— әлем халықтары фольклорының бәрінде бар, түркі халықтарының ауыз
әдебиетінде кең тараған. Көбінесе 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқасқа құрылады.
“Кер, кер, кер жылан,
Кереге басты мер жылан,
Бір жылан бар — сұр жылан,
Бір жылан бар — сұм жылан,
Бір жылан бар — жеті жылғы 
ту жылан.
Құралай таудың басынан
Қуып келген қу жылан,
Дегелек келді, шық жылдам!”.



Бақсы сарыны 
әдет
-ғұрыптық
әндердің
бір түрі.

Көне заманнан келе жатқан
бақсылыққа
байланысты туып,
ата-
баба
аруағын қастерлеу,
Көк тәңірге
табыну, болашақты болжау, 
ауруды
жын
-
перілердің
жәрдемімен айықтыру, т.б. байланысты
қалыптасқан.

Оның негізгі сипаты — синкреттілігі.
Бақсы
сарынын орындаушы
әрі
ақын
, әрі
биші
, әрі
сазгер
. Ол
аруақтармен
өлең-жыр арқылы 
тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге 
асырған.
Бақсы
сарыны халық
поэзиясына
тән 7 — 8 буындық жыр
немесе 11 буындық
қара өлең
өлшемінде құрылып, арнайы
музыкалық сарынмен орындалған. Ерте кездерде бақсылар 
асатаяқ, кепшік секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланса да, 
негізгі құралы — құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан 
қасиетті
қобыз
.



Қоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың
дәстүрлі
салт
жыры
.
Ел-жұртымен

туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік 
атымен,
қыран
құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қоштасу өлеңі
эпос

дастандарда көп кездеседі. “
Қозы Көрпеш – Баян сұлу
” жырындағы 
Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын
Қоштасуы ел арасында кең тараған. “
Елім-ай
” өлеңі кіндік қаны тамған 
жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін
шығарма.
М.Әуезовтың
жіктемесі бойынша Қоштасу жырлары:
а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері);
ә) Сарыарқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде
айтқаны);
б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу (
Сабырбай ақынның
қызы Қуандыққа 
айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы);
в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу (
Қаратоқа Есет бидің
еңкейген 
шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге 
бөлінеді.
Қоштасу өлеңдерін түрлерге жіктеу әдебиеттану ғылымында қазіргі күнге 
дейін өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақ халқының “
Қыз Жібек
”, 

Ер Тарғын
”, “
Қобыланды батыр
”, т.б.
лиро-
эпостық
және
батырлық
жырларында Қоштасудың көркем үлгілері 
кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет