туралы монографиялық еңбектер кейінгі кезеңде пайда болды. Қарлұқтардың
тілін зерттеуде А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, А.К. Бороков, Н.А.Баскаков, ал
этнографиялық мəселелерін қарастыруда А.К.Писарчик, Б.Х. Кармышева жəне
а н т р о п ол о г т а р Д . В . О ш а н и н , O . И с м а ғ ұ л о в е ң бе кт е р і н ат ап ө ту ге
болады.В.В.Радлов жəне Н.А.Аристов өз еңбектерінде
қарлұқтардың тарихи-
географиялық мəселелеріне көбірек тоқталды.Келесі ірі қадамды тарихшы ғалым
C.Сыздықов жасады. Зерттеушінің “Қарлұқ мемлекетінің тарихы” атты арнайы
монографиялық еңбегінің өзі қарлұқ тайпасының зерттелу тарихындағы маңызды
оқиға болды. С.Сыздықов
қарлық тайпасының саяси, əлеуметтік- экономикалық
тарихын, рухани мəдениетін
толық қамтып жаза отырып, еңбегінің кіріспе
бөлімінде біздің тақырыбымызға тікелей тоқталған.
Зерттеуші алғашқылардың
бірі болып қарлұқ тайпасының зерттелу тарихын кезеңдерге бөледі. Алғашқы
кезең ретінде XIX ғасырдың бас кезеңін атаса, екінші кезең ретінде XIX гасырда
Орталық Азия "Бартольдық кезеңненң. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғын
атайды. Үшінші XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастайды да əр
кезеңнің өз
ерекшеліктерін, қарлық тарихының зерттелу кезеңдеріндегі эволюциялық
тенденцияларды ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: