1.2. Қағанаттың ішкі-сыртқы саясаты
Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мəуереннахрдың солтүстігіндегі
жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті
басқарды. Арабтарға қарсы əр түрлі атаныстарды қарлұқтар талай рет белсене
қолдады. Қарлұқтардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бəсекелестік болған
əрекеттері кейін сəтсіздікке аяқталды.
791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің əскерлерін
талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып,
ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен
малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін
қарлұқ жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы
билігін мойындауға мəжбүр болды.
Ұйғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті.
Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған гулиган халқы
аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай
тауларына дейін, оңтүстік-шығыста — Саян жотасына дейін барды.
Қырғыздардың көршілері батыс жақта қимақтар, солтүстік жақта – бома халқы,
оңтүстік-шығыста ұйғырлар болды. Қырғыздар Минуса ойпатында мейлінше
жинақы мекендеді.
Қырғыздар 80 мың жауынгер жасақтай алатын, халқы көп бірлестік болған еді.
Жиырма жылға созылған табанды күрестің нəтижесінде қырғыздар 840 жылы
ұйғырларды талқандап женді. Ішкі Азиядаласындағы бұл маңызды оқиға
мұсылман тарихнамасында көрініс тапқан. Мəселен, Гардизи бұл жөнінде
мынадай хабар келтіреді: «Түркістандықтар (кырғыздар) хақан халқына шабуыл
жасады; олар бұл халықтың беделді-беделді он екі бастығын өлтірді, семсермен
турап,хақандықтардың бəрін қырып жойды.
Хақандықтардың бүкіл патшалығы Чун-пан мен халлухтардың (қарлұқтардың)
қолдарында қалды».Ұйғырлардың біразы Жоңғария — Тарбағатайдың солтүстік-
батыс шетіндегі қарлұқтарға қашты. Ал ұйғырлардың негізгі көпшілігі Шығыс
Түркістанға жəне Ганьсудің батыс жағына қоныстанды, онда орталығы Тұрфан
алқа- бында (847—1369 жылдар) жəне Ганьсуда (847—1036 жылдар) болған
тəуелсіз мемлекет құрды. Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде
күшейіп алған қарлұқ жабғуы пайдаланды.
Қарлұқтардың көсемі Білге Күл Қадыр-хан — Испиджаб билеушісі (Гардизи
мəліметгері бойынша Илмалмасын — жабғу) өзінің бұрынғы атағы — жабғуды
тастап, қаған атағын алып, билікті өзінің алуға хақылы екенін ашықтан-ашық
жариялады. Алайда қарлұқтардың билігі берік болмады, өйткені ол Орталык,
Азияның түрік тайпаларына таралған жоқ.
Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас
аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлүқтардың бір тобы
766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың
екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде
қарлүқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып
қоныстанды.
Бұл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі жəне жартылай көшпелі
əр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер,
ша-рухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның қүрамында
оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта жəне төменгі ағысына
көшкеннен кейін Жетісу жеріндеқалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып
кеткен Жетісу соғдылары болды. Қарлұк қағандығы билікті өз қолдарына
алғаннан кейін, батыстағы Мəуеренахрдың араб жаулаушыларымен,
саманидтермен үзақ жылдар бойы соғыс қимылдарын жүргізді.
Қарлұқ жабғуы IX ғ. басында арабтарға қарсы Ферғана жəне Жетісу
қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы
шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансиясы қаласына жетеді. 812 жылы
араб-тар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың
жабғысы Қимак еліне қашып кетуге мəж-бүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік
Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.
Қарлұқтардың шығыстағы Ұйғыр қағанаты мен жүргізген бəсекелестік əрекеті,
қақтығыстары да сəтсіздікпен аяқталады. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде
қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен əскерлерін талқандайды. 812 жылы олар
қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа
отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары мен малдарын
қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады.
Осы жеңілістен кейін Қарлүқ жабғуы Монғолиядағы Ұйғыр қағанының билігін
мойындауға мəжбүр болады. 840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды
тарихи оқиға орын алды. Енесей қырғыздары ¥йғыр қағанатын талқандап, оның
халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бүл оқиғаны
Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге қүл Қадырхан шебер пайдаланады.
Ол жаңадан қаған атын алып, езінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін
ашықтан-ашық жария-лайды. Алайда қарлүқтардың билігі берік болмады. Сол
жылы Орта Азия саманилері оған қарсы «қасиетті соғыс» жариялап, Исфиджабты
басып алды. Қала көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды.
893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ
кағаны Оғүлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала қүлап, халқы ислам
дінін қабылдайды.
Оғұл-шақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, самани-лерге қарсы соғыс
əрекеттерін одан əрі жүргізе берді. Бүл кезде Жетісу түріктері саманилердің
қысымына тойтарыс беріп қана қоймай, олардың мемлекетіне жорықтарда жа-сап
түрды. 904 жылы олар Мəуеренахрға басып кіреді, бірақ көп үзамай тастап кетуге
мəжбүр болды.
Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік
тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл, əрине, басқарудың орталықтанған түрінің
бекуіне жəрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар
билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мəнінде тəуелсіз иеліктерін
кеңейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлүқ жабғылары билігінің аты
болмаса, заты жоқ тұғын. Қарлұқ феодалдық қоғамында əлеуметтік жəне жіктік
теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның
ешбір құқы жоқ тобы – кұлдар болатын.
Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы
мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Кошпелі
тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы
жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты,
Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды.
940-жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.
Ү ғасырдағы жазба деректерде қарлұқтар тирек (теле) тайпаларының құрамында
кездеседі.Қытай деректеріндегі Алтай тауының баурайын мекендеген
қарлұқтардың руы: Бұлар ҮІІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу»
хроникасында көрсетілген қарлұқтардың құрамындағы тайпалар:яғма,жікіл,
ташлық.Араб тарихшысы əл- Марвизидің хабарлауынша қарлұқтардың құрамына
кірген тайпалардың саны: 9.Үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін жəне тухси
(лазана мен фаракия рулары да аталған.)
Араб-парсы деректері бойынша қарлұқтар: ежелгі түріктер. Қарлұқтардың негізгі
топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқашқа дейін.Əл- Марвизи өз
еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис(Алтай) тауында тұрды жəне тоғыз –
оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді.
Түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай
жылжыды .» деп жазады. VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі
қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып
алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да
болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың жəне бір
толқыны Жетісуға қарай жылжиды.Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған,
қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды.
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына əкеліп, олар бұл
күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында
айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты». Осылайша, VIII
ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс жəне Шығыс Қазақстан жеріне
қарлұқ тайпалары келді.Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына
кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның
төмені ағысына қарай ығыстырды.
Түргеш қағанатының əлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті
қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды. Жетісу аумағында өздерінің саяси
үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.
VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына
дейінгі аумағына қоныстанды. X ғасырда араб дерегінде «Қарлұқтар жерін
батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған» деп келтіріледі.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды.
Қарлұқ қағанатында басқарудың əскери-əкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет
басында жабғу болғанымен, олардың билігі əлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің
мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше
əлсіретті.
Қарлұқ бірлестігі көптеген ру-тайпалық топтардан тұрды. Халықтың
негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ал ең төменгі құқығы жоқ топты құлдар
құрады.Көшпелі тайпаларды басқарушы ақсүйек қауымы тек жайылымға ғана
емес, қалаларға да иелік етті. Деректерге сəйкес қарлұқтар еліндегі 25 қала мен
қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.840 жылы Енисей
қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Қарлұқ жабғуы
Ұйғыр қағанатын бағындырып, қаған лауазымын иеленді.
Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мəні зор
қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі
жорық жасаумен болды. IX ғасыр соңында арабтар Таразды жəне оның
маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Арабтарға
қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны
Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.
Қытай тарапынан теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқтар түпкі
мақсаттары жағынан жақын одақтастар еді. Олар Шаш ханымен туыстық
қатынасы бар қара түргештер арқылы арабтармен жақындасады. Бұғанға дейін
түркештерге бірнеше жеңісті жорықтар жасап, Жетісу мен Мауренахрға ене
бастаған Тан империясы араб халифаты иелігіне тікелей қауіп төндірді.
Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында
қытайларға қатты соққы берді. Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді.
Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді. 940 жылы Қашғар
түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша 200 жылдай өмір сүрген
Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды.Қарлұқ тайпалары VIII-X ғасырларда
Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең
байтақ жерлердің бəрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын,
Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньннің баурайларын мекендеді.
Қарлұқтардың бір тобы 766–775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII
ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді.
IX ғасырдың бас кезінде қарлұқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар
(Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды. Бұл кезде Қарлұқ конфедерациясына
түркі тілдес көшпелі жəне жартылай көшпелі əр түрлі тайпалар: жікілдер,
бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, шарухтар, аргулар,
барсхандар кірген. Қарлұқ жабғуы IX ғасырдың басында арабтарға қарсы Ферғана
жəне Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды.
810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан (қазіргі Луговой
стансасы) қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып,
қарлұқтарды жеңеді. Олардың жабғысы Қимақ еліне қашып кетуге мəжбүр
болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір
бөлігінде араб билігі орнайды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар
мен тибеттіктердің біріккен əскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтарды
жеңеді. 840 жылы Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап оның халқын
Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді.
893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ
қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам
дінін қабылдайды. VII – X ғасырларда Алакөл ойпаты мен Сырдарияның орта
ағысы арасындағы аумақ қарлұқ тайпаларынан əскери – тайпалық ақсүйектерінің
билігінде болды.Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік – тайпалық
жүйенің дамыған түрлері болуымен сипатталады, мұның езі бір орталықтан
басқару түріне жəрдемдеспеді.
Қарлұқтар жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, тухси жəне яғма
сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай
дербес жəне іс жүзінде тəуелсіз иеліктерін нығайтуға ұмтылды. Мəселен,
жікілдердің билеушісі «алтын Аргу-Талас пен Кашудың ханы, Ордукент пен
Жікіл-Балықтың билеушісі» сірə, қарлұқтардың жабғуына тəуелсіз болса керек.
Əрбір үлестік билеушісінің бекіністі қалада немесе елді мекендерде орналасқан
ордасы мен əскері болды. Тайпа шонжарларына мұрагерлік сипатта болған
артықшылықтар берілді.
Қарлұқтар мемлекетіндегі əскери-əкімшілік басқару жүйесі олардың көшпелі
жəне жартылай көшпелі тұрмысының ерекшелігін бейнеледі. Билік етуші ақсүйек
үстем топтардың иерархиялық қаған жүйесі айқын бейнеленіп қана қойған жоқ,
сонымен қатар қарлұқ конфедерациясының рулары мен тайпалары да əлеуметтік
маңызына қарай бөлінді. Көшпелі тайпалардың билеп төстеуші шонжарлары
жайылымдық жерлерді ғана емес, қалалық орталықтарды да иеленеді.
Қарлұқтар тұрған аймақ түріктерге қарасты аумақтар арасында халық мейлінше
көп қоныстанған жəне ең бай жер болған. Онда қалалар мен отырықшы қоныстар
көп еді. Нақ сол деректемеге сəйкес, қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болған,
олардың ішінде Құлан, Мерке, Аталық, Түзун, Балық, Барсхан, Сикуль, Талғар,
Тоң жəне басқалар бар.
Қарлұқтардың көптеген астанасы мен олардың көптеген қалалары Қазақстанның
оңтүстігі мен Жетісу тұрғындары үшін дипломатиялық жəне сауда жолы ретінде
де зор маңызы болған Ұлы Жібек жолының бойында жатты. Өзара қырқыс, билік
пен жайылым үшін күрес қарлұқтардың этникалық-əлеуметтік қауымын əлсіретті,
солай бола тұрса да, онда патриархаттық-феодалдық қатынастар нақ сол кезде
одан əрі дамыды.Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мəуереннахрдың
солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға
қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы əр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай
рет белсене қолдады. Қарлұқтардың шығыста Ұйғыр қағанатмен бəсекелеспек
болған əрекеттері кейін сəтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық
түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің əскерлерін талқандады.
812 жылы олар қарлұқтарды толық жеңді. Қарлұқтаарды қуа отырып, ұйғыр
қағанаты Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын
қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы қатаң жеңілістен кейін қарлұқ
жабғуы Моңғолиядағы орталығы Отюкен болған ұйғыр қағанының жоғарғы
билігін мойындауға мəжбүр болды.
Ұйғырлардың билеп төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті.
Қырғыздардың иеліктері шығыста Байқал маңында тұрған гулиган халқы
аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай
тауларына дейін, оңтүстік-шығыста Саян жотасына дейін барды. Қырғыздардың
көршілері батыс жақта кимектер, слтүстік жақта – бома халқы, оңтүстік-шығыста
ұйғырлар болды. Қырғыздар 80 мың жауынгер жасақтай алатын, халқы көп
бірлестік болған еді. Жиырма жылға созылған табанды күрестің нəтижесінде
қырғыздар 840 жылы ұйғырларды талқандап жеңді. Ішкі Азия даласындағы бұл
маңызды оқиға мұсылман тарихнамасында көрініс тапқан. Мəселен, Гардизи бұл
жөнінде мынадай хабар келтіреді: «Түркістандықтар (қырғыздар) хақан халқына
шабуыл жасады; олар бұл халықтың беделді-беделді он екі бастығын өлтірді,
семсермен турап, хақандықтардың бəрін қырып жойды». Ұйғырлардың біразы
Жоңғария-Тарбағатайдың солтүстік-батыс шетіндегі қарлұқтарға қашты. Ал
ұйғырлардың негізгі көпшілігі Шығыс Түркістанға жəне Ганьсудың батыс жағына
қоныстанды, онда орталығы Турфан алқабында болған тəуелсіз мемлекет құрды.
Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде күшейіп алған қарлұқ жабғуы
пайдаланды. Қарлұқтардың көсемі Білге Құл Қадыр-хан Испиджаб билеушісі.
Гардизи мəліметтері бойынша Илмалмасын – жабғу өзінің бұрынғы атағы –
жабғуды тастап, қаған атағын алып, билікті өзінің алуға хақылы екенін ашықтан-
ашық жариялады. Қарлұқ тайпаларының билігі берік болмады, өйткені ол
Орталық Азияның түрік тайпаларына таралған жоқ. Қалалық орталықтарда
отырған билеуші қарлұқ шонжарларында елеулі əскери күш болмады. Мəселен,
тегін атағы бар, Барсхан билеушісі 6 мың жауынгер жинай алатын еді,
Пенджикент билеушісінің – 8 мың, Беклиг қаласында Иналтегіннің 7 мың
жауынгері болды, Суябтың ялан-шахы 20 мыңға дейін əскер шығара алды жəне
Қарлұқ қағанатындағы үлестік тайпалық басқару жүйесі орталық билікті
мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Соның
салдарынан қарлұқтардың билеуші əулетін жойған күштер олардың өз ортасынан
есіп шықты.
|