Қарлұқтар туралы деректер Реферат (1)


Зерттеу жұмысының құрылымы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата25.11.2023
өлшемі332.76 Kb.
#484460
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Қарлұқтар туралы деректер Реферат (1)

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысының құрылымы қойылған 
мақсат пен міндеттермен анықталған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, 
қорытындыдан жəне пайдаланылған əдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу 
жұмысының көлемі ...бет. 
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының жоспары 
мен мазмұнына сəйкес б.з.VIII-X ғасырлардағы жəне қазіргі кезге дейінгі Қарлұқ 
қағанаттың қалаларын, өнерін, қарастыру. 


1 Қарлұқ қағанатының қалыптасуы жəне саяси тарихы 
1.1. Қарлұқ қағанатының шығу тарихы
Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) «бұлақ» деген атпен мəлім 
болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері 
бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың 
оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі 
ретінде мəлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. 
Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тəуелді 
болып жүрді. 
Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы бірнеше 
рет қарсы соғыс жорықтар жасап отырған. 742 жылы Монғолия даласындағы 
саяси жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның 
қарлұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт 
басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады. 
ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, 
Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. 
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған 
түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде 
ғана болды. Жікіл, Тухси жəне Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған 
үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес жəне іс жүзінде тəуелсіз иеліктерін 
нығайтуда ұмтылды. Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты 
мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.) - Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың 
ортасында қарлұқтар елеулі əскери-саяси күшке айналды да, Түрік 
қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге 
Орхон тағына Тон Йағбу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да 
күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бəсекелесіп, «
он тайпа 
қағанының (он-ок бодун)
байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды.
Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне 
айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде 
олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде 
Қарлұқ қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста 
Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның 
солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 
8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен 
қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар 
мен саяхатшылар 8 – 9 ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-
қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай 
мен Жетісудың саяси жəне əскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы 
да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайдан(Ертіс алабын), содан 
соң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, 
сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында 
яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ 
қаласының құрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кəсіп 
еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда 


бақшалы, мəдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында 8-9 ғасыр 
Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті 
отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті жəне асыл металдар (алтын, күміс, 
мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары 
болды. Əсіресе, Тараз, Құлан, Меркі, Ашпара қалалара көбірек белгілі болды.
8 – 10 ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта 
Азия қалаларынан өзгеше болды.Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын 
бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, 
олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да 
қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты 
аса зор жəне дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. 
Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен 
жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан
Шаш (Ташкент),Тараз, Құлан, Суяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл 
ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. 
Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар 
алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мəдениетін өсірумен 
бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі 
ата-бабалар дінін ұстанған (тəңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген 
«мəжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу 
халықтарының арасында əлеуметтік-экономикалық, этнограф жəне саяси 
бірлесудің берік негізі қаланды.
Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында 
батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы 
Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды. Қарлұқ 
тайпаларынын мекені – Алтай маңында орналысқан. 8 ғ. бастап 
қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. Арабтар 
Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ 
тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 
755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы 
қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мəжбүр болды. 
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. 
Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің 
шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. 
ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері 
Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен 
Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте 
феодалдық мемлекет құрады. 
Араб географы Əл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын 
айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, 
шігілдер, əзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар 
кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, 
Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш 
пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп 
жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. 
Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен 


құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен 
қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, 
Барысқан жəне т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп 
шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси 
жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары 
өздерінің бұрынғы күш-құдіретінен айрылды. Соның салдарынан бытырап кеткен 
түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар 
ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық 
жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді.»,- деп 
көрсетілген. Жетісуда түргештердің мұрасы үшін қарлұқтар мен оғыздар арасында 
күрес өрістеді. 
Алдыңғы ортағасырлық жазбаша деректерде келтірілген оғыздардың атақты 
аңыздарына сəйкес Ыстықкөл мен Талас аумағы оғыздардың ежелгі отаны деп 
аталған. Осы тайталастың нəтижесінде оғыздардың негізгі бөлігі Жетісу шегін 
тастап шығып, Сырдарияға кетуге мəжбүр болды. 766 жылы түргештердің екі 
қағанның ордалары – Тараз жəне Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар 
жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси жəне əлеуметтік биліктердің қарлұқ 
көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұқ мемлекетінің біржола қалыптасуына 
жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет