Шабуын таппай кетілдім,
Қайрасаң тағы жетілдім...
( Махамбет)
Метафора (көшіру деген ұғым береді). Метафора сыртқы үйқасына қарап, бір
нәрсені бірнеше нәрсеге балау, екі нәрсенің арасындағы теңбе – теңдік мағынасын қою.
Сөзді ауыстыру мағынасында қолданады. Метафораның бес түрі бар:
1) Жай түрі. Ол жалғаусыз, жұрнақсыз тікелей балау арқылы жасалады.
2) Мын, пын, бын, сын деген тәуелдік жалғаулары арқылы немесе н, ы, м, деген
тәуелдік жалғаулары арқылы жасалады.
3) Еді, едім, екен, ем, ең көмекші етістіктер арқылы жасалады.
4) Күрделі метафора. Күрделі метафора іштей 3 түрге бөлінеді:
а) Бірнәрсені бірнешеге балау.
ә) Әңгіме алдымен теңгірелетін нәрсе, суреттеп алып балау.
б) Балайтын немесе сөйлейтін бір мағынасы болмай, ажыраталатын түрі. Метафора
немесе теңеу бірнеше эпитеттен жалғасып, ұласып келсе, күрделі метафора, күрделі теңеу,
не тұтасқан сөз өрнегі жасалады. Тегінде, қандай да болсын бейнелі сөздер, әсіресе эпитет
пен теңеу, эпитет пен метафора бір-бірімен жалғас, қат-қабат алынып қолданыла береді.
Қаптаған қара бұлыттай
Қайнап біткен болаттай
Тұлғасына қарасам
Сайдан шыққан бұлақтай.
(«Ер Тарғын»)
Бұл мысалдан эпитеттің теңеуге оп-оңай қосарланып отыратынын көреміз. Кейде
теңеуге метафора түрінде қолданылаған бейнелеу де, ілесе туады.
Мысалға Ақтан
ақынның:
Қатты жауған жаңбырдай
Алдарында қаптайын, –
деген жолдарында бейнелеу теңеуден бастап, әрі қарай метафораға ауысқан.
Метафорада астарлы, ауыспалы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туатын болса,
метонимияда олардың бір-бірімен жалғастығы, байланысты негізінде туады.
Метонимия
Достарыңызбен бөлісу: