П 15 Пікір жазғандар


Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яки параллелизм (грекше parallelos – қатар



Pdf көрінісі
бет19/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
әдебиет теориясы

Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яки параллелизм (грекше parallelos – қатар
жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып,
жұптап суреттеу. Мұның түрлері көп.
Көк ала бұлт сөгіліп
Күн жауды кей шақта
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар.
(Абай).
Бұл - адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеудің,
яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі: ақын жаздағы жаңбыр мае
адамның көз жасын қатар суреттей келіп, екі түрлі шындықты танытады да, шынайы
философиялық түйін шығарады.
Сарғая күтіп көктемді
Сап-сары боп су ақты...
Шынтаққа алып сексенді
Жағада жалғыз шал жатты.
Су сарғайды ылғайлы,
Шал қарғайды құдайды.
(Қ.Аманжолов).
Бұл да психологиялық параллелизм арқылы жасалған әсерлі сурет, сурет қозғаған
сезім, сезімнен туған сыр: шынында да табиғаттың биыл «кеткен» көктемі келер жылы


жаңғырып қайта оралады, ал адамның өткен жас шағы ғұмырда қайтып келер ме? Шал
соны ойлап күрсінеді...
Екі жаяу келеді:
Біреуінде күрек бар, лүпілдеген жүрек бар,
Біреуінде күрек жоқ,жүрек бар да, жүрек жоқ.
Бірі шаршап келеді, күні бойы жер қазып:
Бірі шаршап келеді, жолдасына ор қазып.
Бірі үй сап, сол үйдің жыдуынан тілейді:
Бірі – орға досының жығылуын тілейді.
Екі жаяу келеді, ортасында – бір күрек:
Сол күректің астына қашан түсер сүм жүрек.
(Е.Ибраһим).
Бұл – ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты, солар қалыптастырған екі түрлі
бітімді, осылардын туатын адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі ұғымды жарыстыра
егіздеу. Бұл параллелизм де парасатты байлауға апарады.
Сағындың ба Қарақұм,
Сарыарқадан жаңбыр болып келейін.
Сағындың ба, Қарақұм,
Жаңа туған ән-жыр болып келейін.
(М.Әлімбаев).
Манаурайды балбырап таң ғажайып,
Торғын төсін тосады таңға жайып.
(Қ.Шаңғытбаев).
Қыңыр болды не керек, - болайын деп болды ма?
Бір үн болды керемет, - болайын деп болды ма?
(Ж.Нәжімеденов).
Бұлар - әр алуан синтаксистік параллелизмнің үлгілері. Егіздеудің мұндай түрлері де
ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге
кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.
Әдебиеттер :
1. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы,1959.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1959.
4. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. – Алматы, 1990.
Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
1. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. – Алматы, 1990.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет