П 15 Пікір жазғандар


№14 практикалық сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
бет46/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
әдебиет теориясы

№14 практикалық сабақ тақырыбы: Жанр ұғымы, жанр теориясының даму жайы
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымдағы жанр, оның теориясының даму жайындағы
мәселелрді топтастыра отырып, мағлұмат беру.
Сабақтың жоспары:
1.Әдеби жанр
2.Әдеби шығарманың түрлері
3.Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі турасында
4.Әдеби процесс және оның жанрға әсері
Бақылау сұрақтары:
1.Жанр дегеніміз не?
2.Әдебиетте қандай тектер және оның жанрлары бар? Рет-ретімен жаз.
Глоссарий:
Эпос – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі. Дәлірек айтқанда, өмір
шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең
ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып
оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Шағын көлемді эпикалық жанрға тән
жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Ертегі – адам өміріндегі немесе хайуанат дүниесінде
болуға лайық, әралуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре
әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі.
Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен
жазылады.
Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көлемді
көркем шығарма.
Фельетон – эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі.
Повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі
Поэма – орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі.
Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол
өмір сүрген уақыт пен кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Проза – қазақ әдебиетінде кешеңдей туған, бірақ орасан, шапшаң дамыған сала.
Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының
тарихы.
Әдеби процесс – эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің теориясы мен тарихының,
сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа
түседі. Әдеби процес - көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін
методологиялық әдіс.
Дәстүр мен жаңашылдық – әдеби процеске тән жалғастықты, жазу
творчествосындағы халықтық үлгілер мен өзіндік соны сипат-қасиеттердің бірлігін
танытатын ұғым, қалыптасып, сұрыпталған көзқарас, түсініктер, көркемдік үлгі-өрнектер,
тәсілдер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет