П 15 Пікір жазғандар


№12 практикалық сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
бет44/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
әдебиет теориясы

№12 практикалық сабақ тақырыбы: Лирикалық шығарма ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымының екінші тегі – лирика жөнінде мағлұмат
бере отырып, оның жанрлық түрлерімен таныстыру.
Сабақтың жоспары:
1.Лирикалық түр және оның сипаттамасы
2.Әдебиет тегінің бір саласы – лирика және оның жанрлары.
Бақылау сұрақтары:
1.Лирика жанрының басқа жанрлар мен тектерден айырмашылығы неде?
2.Лирикалық текке қандай жанрлар жатады?
Тапсырмалар:
1.Баллада жанрының табиғатын аш. Оның аралық жанрындағы ақауларға қалай
қарайсың? (Ол лирикалық па әлде эпикалық жанр ма?)
2.Романс жанрына сипаттама бер, қазақ әдебиеттану ғылымында романс жанры бар
ма? Бар болса кімнің қандай шығармасын білесің?
Глоссарий:
Лирика (грекше – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) - әдебиеттің
Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі
көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық
шығармалардың түрі.
Ода ( грекше ode – ән ) – есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған я
болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр.
сонет (итальянша sonetto; sonare – сылдырау, сыңғырау) – арнаулы өлшеммен, әр түрлі
тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең;
идиллия (грекше eidyllion – суреттеу, сурет ) – әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз
қызық, уайым­қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр.
баллада (итальянша ballare – билеу ) – лиро­эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең.
Блиц-тест.
1. Күлімсіреп аспан тұр
Жерге ойлантып әр нені


Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Қапамын мен, қапамын
Қуаныш жоқ көңілде
Қайғырамын, жатамын
Нені іздеймін өмірде?
Өлеңнің жанрын белгіле.
А) Сонет. В) Элегия; С) Романс; Д) Табиғат лирикасы; Е) Ода;
2. Хайуанаттар немесе заттар туралы сатиралық сипаттағы өлең қалай аталады?
А) Мысал;В) Мемуар.С) Очерк; Д) Ертегі; Е) Роман;
3. Ш.Уәлиханов қазақ әдебиетінің қай жанрын зерттеді?
А) өлең; В) айтыс; С) лирика; Д) дастан.Е) поэма;
4. Новелла-эпиканың қай түрі?
А) шағын көлемді эпика; В) орта көлемді эпика; С) тар көлемді эпика.Д) кең көлемді
эпика; Е) лирикалық эпика;
5. Өмір шындығын көтеріңкі көңіл, салтанатты сарынмен толғайтын лирикалық жанр
үлгісі
А) Ода; В) Идиллия; С) Толғау; Д) Сонет.Е) Элегия;
6. «Бойда қайрат,ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз…»-дегенде толғаудың қай түрі қолданылған?
А) налыс толғау; В) марқайыс толғау;
С) сап толғау; Д) налыс толғау. Е) сұқтаныс
толғау;
7. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиет түр:
А) Айтыс; В) Ертегі;С) Мысал; Д) Тұрмыс-салт жыры. Е) Наурыз жыры;
8. Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау
Қайтқаннан соң әрнеден
Өлеңдегі ой көңіл-күй сарыны тұрғысынан лириканың қай жанрына жатады?
А) Элегия В) Толғау С) Сюжет Д) Арнау Е) Баллада
9. Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әр нені.
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңілде.
Қайғырамын, жатамын,
Нені іздеймін өмірде?
Өлең лирикалық поэзияның қай түріне (жанрына) жатады:
А) Ода. В) Элегия. С) Романс. Д) Сонет. Е) Табиғат лирикасы.
10. Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типін көрсетіңіз .
А) әдеби шығарма В) әдеби ағым С) әдеби үрдіс Д) әдеби бағыт Е) әдеби
жанр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет