Ашық және жабық түрдегі тапсырмалардың
жаңа форматы сабақта
оқушылардың жас ерекшелігіне, оқу мақсаттарына қарай қарапайымнан
күрделілігіне қарай күрделендіріп қолдануға мүмкіндік береді.
Критерийлерді үш ойлау дағдылары тобына бөлу (оқу материалын білу және
түсіну; оқушылардың білік
пен дағдыларды оқуда қолдануы; оқушылардың
талдау, жинақтау дағдылары, өз білімдері
мен тәжірибелері негізінде
бағалауды өткізу) сыныпта оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін
басқару, тиімді мониторингілеу, дифференциалды оқудың негіздемесі
ретінде қызмет етеді. Мысалы, егер оқушылар жоғары деңгей дағдыларымен
берілген тапсырмаларды 20%-дан төмен, ал
қолдану дағдысындағы
тапсырмаларды 80%-дан төмен орындаса мұғалім бұл жағдайға көңіл
аударып, оның шығу жолдарын анықтауы қажет.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау кезінде барлық тапсырмалар
дескрипторларға сәйкес (тапсырманы орындауы
барысында қадамдарын
сипаттау) немесе тоқсандық жиынтық бағалау кезінде балл қою кестесіне
сәйкес тексеріледі. Сонымен қатар, дескрипторлар
немесе балл қою кестесі
мұғалімнің әр оқушыға қатысты объективті шешім қабылдауына көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалау кезінде де әрі қарай жоспарлау,
қателіктердің алдын алу, сындарлы кері байланыс беру үшін
қолданылуы
мүмкін.
Пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың
барлық түрлеріне бақылау тапсырмаларын,
әдістерін, оқу жылындағы
өткізілу кезеңдерін қамтып, жиынтық бағалауды жоспарлау ұсынылады. Бұл
оқушылардың жүктемесін рационалды бөлуге және графикті анықтауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: