"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата28.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#484728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
критериалды бағалау

Финляндия 
Финляндияның бағалау жүйесі оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған 
және қалыптастырушы сипаттағы басымдыққа ие. Сондықтан бағалаудың 
негізгі мақсаты оқыту мен оқуды жетілдіру болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау мұғалімдерге оқушылардың белгілі бір 
тақырыпты меңгеру кезінде кездесетін қиындықтарын анықтауға мүмкіндік 
береді. Мұндай тәсіл мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан 
оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл жерде баға 
тек балл ғана емес, одан да маңызды болып есептеледі. «Мұғалімдер 
оқушыларға бұл бағалар нені білдіретінін және олар өздерінің оқу үдерісін 
қалай жетілдіруге болатынын түсіндіруі қажет» [Финнің білім беру 



мәселелері бойынша ұлттық кеңесі, 2010]. 
Финнің білім беру мәселелері бойынша ұлттық кеңесі (2004) бағалауды 
міндетті және ұлттық критерийлерге сәйкес болып табылатын екі категорияға 
бөледі: оқу үдерісіндегі бағалау (қалыптастырушы) және оқуды аяқтаған 
кездегі қорытынды бағалау (жылдық, біліктілік).
Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты зерттеу дағдыларының өсуіне 
жәрдемдесу, сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту 
болып табылады.
Жылдық бағалаудың мақсаты оқу үдерісінде оқушылардың ілгерілеуі 
туралы кері байланысты және білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды 
қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі білім берудегі қорытынды біліктілік бағалаудың мақсаты 
оқушылардың соңғы 2 жылдағы оқу жетістіктері деңгейін анықтау болып 
табылады.
Білім беру бағдарламаларын жаңарту үдерісінде мұғалімдер мен 
мектептің өзін-өзі бағалауы, ұлттық стандартталған бағалауды өткізу кезінде 
алынатын мәліметтер қолданылады.
Канада 
Канаданың бағалау жүйесінде жетістіктердің негізгі өлшеуіші жалпы 
тапсырмалар көлеміне дұрыс және барынша толық жауаптың пайыздық 
арақатынасы болып табылады. Барлық пәндер бойынша алынған бағалар 
негізінде орта балл есептеледі (пайыз). Келесі жылға өту үшін 50% артық 
жинау қажет. 
Оқу жетістігін бағалаудың стандартты тәсілі қалыптастырушы және 
жиынтық бағалаудан тұратын мектепішілік бағалау болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалау диагностикалық сипатқа ие және оқу жылы 
барысында жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Оның негізгі мақсаты 
оқушылардың күнделікті ілгерілеуін бақылау және оқыту мен оқу үдерісіне 
дер кезінде түзетулер енгізу үшін қолайлы жағдай жасау. Бағалау 
рәсімдерінің ажырамас бөлігі оқушылардың қойылған мақсатқа жетуінде 
қажетті көмек көрсетуге бағытталған кері байланыс беру болып табылады.
Жиынтық бағалау тіркейтін сипатқа ие, яғни, белгілі бір уақыт 
аралығында оқушылардың ілгерілеуге жетуі туралы қорытынды жасауға 
мүмкіндік беретіндей оқу барысын тіркеп отыруға бағытталған. Жиынтық 
бағалау оқу бөлімін, әрекетті, курсты, тоқсанды немесе бағдарламаны 
аяқтаған кезде өтетін алдын ала белгіленген іс-шара түрінде жоспарланады 
және баға қою мен есеп беру үшін қолданылады.
Канаданың бағалау жүйесі төмендегідей қағидаттарға сәйкес 
құрылады: 




баға барынша объективтілікті қамтамасыз ететіндей әдістердің
көптүрлілігіне негізделуі қажет;

баға және нәтижелерді талдау мұғалімнің міндеттеріне жатады:
мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, олармен, 
олардың ата-аналарымен бірге қызмет жасауға міндетті;

бағалау нәтижелері оқу мақсаттарына қатысты оқушылардың
ілгерілеуі мен шегінісін көрсететіндей болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет