Ресей
Ресейдің қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесі қазақстанның дәстүрлі
бағалау жүйесі сияқты 1937 жылдан бері қызмет етеді және объективтілігі
мен анықтығының жоқтығы тұрғысында бірнеше рет білім беру саласына
қатысты қоғам тарыпынан сынға ұшырады. Ресейдің мектептегі білім беру
жүйесінде келесі бағалау түрлері қолданылады:
сыныпішілік бағалау,
аттестациялық емтихандар (ГИА және ЕГЭ).
Сыныпішілік бағалау баға қою үшін, қосымша сабақты қажет ететін
оқушыларды анықтау үшін, оқушылардың оқу жетістіктері туралы ата-
аналарды ақпараттандыру тәсілдерінің бірі ретінде қолданылады. Бағалау
ағымдағы, аралық, қорытынды бағалаулардан тұрады.
Ағымдағы бағалау оқушылардың пәнге қатысты әрекеттерін түзетуге,
оқушылардың өз жетістіктерін бағалауға
көмектесетін және жоғары
нәтижелерге жету жолдарын анықтайтын кері байланыс беруге бағытталған.
Аралық бағалау оқушылардың пәндер бойынша білімді меңгеру
динамикасын тіркеу және жеке ілгерілеуін көрсету мақсатында өткізіледі.
Ресей Федерациясының «Білім туралы» Заңы мен жарғысына сәйкес білім
мекемелері өз бетінше оқушыларды бағалау жүйесін, формасын,
тәртібін
және аралық бағалаудың мерзімін таңдауға құқылы.
Қорытынды бағалау негізгі білім беру бағдарламаларын меңгеру
деңгейін және білім берудің келесі кезеңіне өту туралы шешім шығару үшін
критерий ретінде қызмет етуін көрсетеді.
Аттестациялық емтихандар (ГИА және ЕГЭ) – бұл орта білім берудің
оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестациялау
формасы. Бұл емтихандар оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын
меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мектепке қатысты емес сыртқы
қызметтермен өткізіледі.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін
бақылаушы өлшеуіш
материалы ретінде стандартталған формадағы тапсырмалар кешені
қолданылады.
10