Англиядағы оқу үшін бағалау жүйесін төмендегідей сипаттамалармен
беруге болады [Болотов, Вальдман, 2013]:
−
оқыту үдерісі мен оқу толық кіріктірілген және олардың ажырамас
бөлігі болып табылады;
−
мұғалімдерге де, оқушыларға да
оқу мақсаттарын талқылау, келісу
ұсынылады;
−
оқушылардың оқу мақсаттарына жетуде қажетті көмек көрсетуге
бағытталады;
−
оқушыларды өзін-өзі бағалауға және өзара бағалау үрдісіне
қатыстырады;
−
оқушылардың келесі қадамдарын анықтау үшін кері байланысты
қамтамасыз етеді;
−
әр оқушының жақсы жетістіктерге жетуіне
болатындай сенімділігін
шыңдайды;
−
мұғалімдер мен оқушыларды бағалау мәліметтерін қарастыру және
рефлексиялау үдерісіне қатыстырады.
Зерттеушілер мен практиктердің пікірінше, мектепішілік критериалды
бағалау жүйесі мұғалімге оқушының қажеттілігі туралы толық ақпарат
алуына мүмкіндік береді, алынған нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығын
арттырады, бұл барынша кең ауқымды дәлелдерді ұсынады [Mansell, James,
Assessment Reform Group, 2009].
Мектепішілік критериалды бағалау жүйесімен қатар оқушылардың
нәтижелерін қорытынды бағалау жүйесі де жұмыс істейді.
Қорытынды
бағалау 1 негізгі кезеңді (7 жастағы балалар), 2 негізгі кезеңді (11 жастағы
балалар), 3 негізгі кезеңді (14 жастағы балалар) аяқтағаннан кейін, «GCSE»
(16 жастағы балалар) және «A level» (18 жастағы балалар) ұлттық
емтихандарды ретінде өткізіледі.Соңғы екеуі мектептегі білім беруді аяқтау
кезеңдері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: