Құрал-сайман тақтасы – таңдау кезінде
белгілі бір іс-әрекетті
орындауды көздейтін пиктограммалар жиынтығы.
Барлық тақталардың келесі артықшылықтары бар:
– олар пайдаланушыға керек функцияны тінтуір арқылы жылдам
шақыруға мүмкіндік береді;
– олар пайдаланушыға жады жұмысының аз істеуіне мүмкіндік береді;
– олар көзге көрінетін интерфейс байлығын арттырады;
– олар өзінің көрнектілігі арқылы жүйемен жұмыс істеп үйренуді
үдетеді. Бірақ та олардың кемшіліктері де бар: экранда көп орын алады,
сондықтан қалаған нәрсенің бәрін орнату мүмкін емес. Бұл проблеманы екі
жолмен шешуге болады.
Біріншіден, тақтаға тек жиі қолданатын командаларды қолданған дұрыс
(пайдаланушының
жеке
талабына
сай
тақтаны
баптау
мүмкіндігі).
Екіншіден, тақтаны пайдаланушының әрекеттер контекстіне
тәуелді етіп жасауға болады. Екі
тәсіл бір-біріне қарсылық
туғызбайтындықтан екі тәсілді де пайдалануға болады.
Құрал-сайман тақтасын функцияны шақырудың жалғыз тәсілі етіп
жасамаған дұрыс.
Қазіргі кезде тақтаға еркін алынған басқару элементтерін
орналастыруда техникалық проблема туындамайды (тек қана бір шектеу
бар, ол – орналасатын элементтер өлшемі), күрделі
тақта құрастыруға
кедергі болған бөгеттер ғайып болды. Мінекей, осындай мүмкіндіктерді
пайдалану керек, себебі бұл сұхбат терезелерін ашып жабуға кететін
уақытты үнемдейді және жүйемен өзара әрекеттесуде интегралды сапаны
арттырады (пайдаланушыларға күрделі тақталарды пайдаланған ұнайды).
Достарыңызбен бөлісу: