Дәріс 1 Операциялық жүйелердің (ОЖ) концептуальды негіздері. Тарихы. Қызметі. Жүйелік шақырулар. Операциялық жүйелер құрылымы



Pdf көрінісі
бет19/56
Дата04.12.2023
өлшемі1.8 Mb.
#485405
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
толық лекция

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Алгоритм ұғымын түсіндіріңіз? 
2. Алгоритмнің қасиеттерін атаңыз. 
3. Алгоритмнің берілу тәсілдері? 
4. Алгоритмнің блок-схема түрінде тұрғызылуын түсіндіріңіз. 
5. Алгоритм көрсетілімінің әдістерін атаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Енгіз
у N, X 
S:
= 0 
I :
= 1 
S: = S + 
Xi 
I:
= I + 


<=N 
Баспаға 
шығару S 
Ба
сы 
Со
ңы 


№8 Дәріс
Тақырыбы: Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мәлімет. Турбо Паскаль
бағдарламалау жүйесі. Орындалатын операторлар 
Дәріс жоспары: 
1. Турбо Паскаль программалау тілінің стандартты функциялары, арнайы таңбалар 
2. Программаның құрылымы 
Турбо Паскаль ортасына кіру үшін 
Turbo.exe 
файлын жүктеу қажет. Жүйені сәтті 
жүктегенде экранның жоғарғы қатарында Турбо Паскаль ортасында жұмыс істеудің мүмкін 
режимдерінің «мәзірі» пайда болады. 
File__Edit__Search__Run__Compile__Debug__Tools__Options__Window-_Help 
__________________________________________________________________ 
 
Жұмыс барысында функционалдық пернелерді пайдалана отырып программаны 
компиляциялау немесе орындау командасын бере аласыз. Сіз оларды қаншалықты тез есте 
сақтасаңыз, компьютермен жұмыс істеу соншалықты жеңілдей түседі. 
 F1 - анықтаманы шақыру; 
F2 - терілген (редакторланған) программаны файлға сақтау
F3 - дискіде сақталған программа мәтінін редактор терезесіне шығару(файлды ашу); 
F4 - өңдеу режимінде қолданады (өңдеу режимін қара); 
F5 - өңдеу терезесін толық экранға үлкейтеді; 
F6 - редакторлау терезесін өңдеу терезесіне алмастырады; 
F7 - өңдеу режимінде қолданады (өңдеу режимін қара); 
Alt - F9 - программаны компиляциялау;
Ctrl - F9 - программаны компиляциялау және орындауға жіберу; 
Alt - F5 - нәтижені көру; 
Alt – X - Турбо Паскаль ортасынан шығу. 
Жұмыс режимі 
Мәтіндік редактор (Editor) 
Мәтіндік редактор пайдаланушыға программа мәтінін теруге және түзеуге мүмкіндік 
береді. Мұның көмегімен мәтін бойынша жылжу үшін төмендегі пернелерді қолдануға болады. 
PgUp – бір бетке жоғары жылжу; 
PgDn – бір бетке төмен жылжу;
Home – ағымдағы жолдың басына жылжу;
End – ағымдағы жолдың соңына жылжу; 
Ctrl – PgUp – текст басына жылжу; 
Ctrl – PgDn – текст соңына жылжу; 
Кез келген мәтіндік редактордағы секілді курсор мәтінді енгізу орнын көрсетеді.
Текст редактор бір мезе тте Alt және BackSpace пернелерін басу арқылы шақыруға болатын 
Undo командасының көмегімен орындалған іс - әрекетті болдырмауға мүмкіндік береді. Егер Сіз


орындалған іс- әрекетті болдырмауға асығыстық жасап қойсаңыз, онда оны Redo командасының
көмегімен кері қалпына келтіре аласыз (бұл команданы Shift – Alt – BackSpace пернелерін бір 
мезетте басу арқылы шақыруға болады).
Көпшілік жағдайда іс - әрекетті абзацты жою үшін қолдануға тура келеді. Алдымен оны 
Shift және курсорды басқару пернелерінің (алфавитті – цифрлық пернелігінің оң жағындағы 
бағытшалар) көмегімен айырықшаландырып аламыз. Содан кейін Shift пернесін басып тұрып, оны 
жібермей Delete пернесін басамыз. Нәтижесінде абзац алмасу буферіне ауысады. 
Жұмыс барысында Сізге бағдарламаның айрықшаланған блогын алмастыру буферіне ойып 
алуға (Cut) (бір мезетте Shift және Delete пернелерін басу) немесе оны алмастыру буферіне 
көшіруге (Copy) (Ctrl және Ins пернелері), сонан кейін жаңа орынға қоюға (Paste) (Shift және Ins 
пернелері) тура келеді. 
Бағдарлама текстің теру барысында қате жібермейтін адам кем де шығар. Егер Сіз басқа 
әріпті не цифрды жазып қойсаңыз, онда оны егер белгі курсор позициясында тұрса Delete 
пернесінің көмегімен өшіресіз. Ал, егер “дұрыс емес” белгі курсордың сол жағында тұрса, онда 
оны өшіру үшін BackSpace пернесін қолданамыз. 
Толық жолды өшіру үшін Ctrl және Y пернелерін басу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет