К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет105/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу шаралары басқа ішек стронгилятоздарындағыдай тәртіпте 
жүргізеді.
 
2.44 Эзофагостомоз 
Бұл iшқұрт ауруы мал шаруашылығына әжептеуiр экономикалық зиян 
келтiретін, елімізде кең таралған гельминтоз. 
Қоздырғышы. Oesophagostomum (Molin,1861) туысына жататын жұмыр 
құрттар: O. columbianum, O. venulosum және O. Radiatum (H.M. Gerber,1975). 
Алғашқы екi түрi көбiнесе қойдан табылса, ал үшiншiсi - iрi қарада болады. Үй 
жануарларынан басқа бұл нематодалар кейбiр жабайы күйiсқайратындарды да 
залалдайды. Ересек құрттар малдың тоқ iшегiнде, ал оның балаңқұрттары ащы 
iшек пен тоқ iшектiң кiлегей қабаты астында бiршама уақыт тiршiлiк етедi.
Эзофагостомдар жуандау келген ақ түстi гельминттер, олардың тұрқы 1-2 
см, ауыз тесiгi терминалды, яғни құрт басының ұшында тiк орналасқан сақина 
тәрізді кiшкеңтай ауыз қуысы бар, оның түбiнде тiстерi жоқ. Басының ұшы
жалбағаймен (везикуламен) жабылған, ал ауыз саңлауы екi қатар орналасқан 
жапырақшалармен құрсаланған. Тең келген жіңішке қос спикуласы бар,
олардың ұзындығы 0,7-0,6 мм-ге дейiн жетедi. Ұрғашысының жыныс тесiгi 
дененiң артқы жағынан, анал тесiгiнiң қасынан ашылады. 
Эпизоотологиялық деректері. Эзофагостомозға қой мен iрi қара төлi 
көбiрек шалдығады. Өрiстегі мал көктем айларынан бастап, күзге дейiн 
паразиттi жұқтыра бередi. Қазақстанның Оңтүстiк, Оңтүстiк Шығыс 
аудандарында гельминтоз көп тіркеле бермейді, ал республикамыздың 
шығысында ауру жыл бойы сақа қойлар арасынан шығып тұрады. Инвазияның 
өршу мерзiмi жаз және күз айлары. Батыс Қазақстанда инвазияның 
экстенсивтілігі қой отарларында күзде 55 % дейiн жетеді. 
Аурудың дамуы. Инвазияның өршуi, балаңқұрттардың iшектiң кiлегей 
қабаты астында еніп, түйiншектер түзуiнен (түйiншектi эзофагостомоз) 
басталады. Олар түйінШектеу біртіндеп тастап, iшек қуысына қайта шығады.
Осы кезеңдерде балаңқұрттар түйiршектерге зардапты микробтар енгізіп, 
iшектiң iшкi қабығын iрiңдi жараға айналдырады, жалпы ағзаның қызметi 
бұзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет