К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет106/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгiлерi. Аурудың бірінші кезеңін балаңқұрттар 
туындатады, ал екінші кезеңін ересек нематодалар жалғастырады. Бiрiншi 
кезеңде, ас қорыту мүшелерi қызметiнiң бұзылғандығы байқалады. Малдың 
жем-шөпке зауқы шаппайды, нәжiсi қан аралас, шырышты-сұйық болып өтеді, 
мал көтерем, кейде түйнеу белгiлерi байқалады, кейде дене қызуы көтерiледi


114 
қан аздық бiлiнедi. Ал дерттiң екiншi кезеңi көмескi, субклиникалық түрiнде 
білінедi, оқта-текте малдың iшi өтедi. 
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері паразиттiң санына және 
олардың iшек қатпарларында болу мерзiмiмен байланысты. Ағзаның кiлегей 
қабығы қанталаған, домбыққан, түйiншектенген. Тоқ ішектің кілегейі қабынып 
домбыққан, қызарған. Сір қабығы жағында орман жаңғағындай түйіншіктер 
көзге ілінеді. Түйіншіктің орта тұсы сары түсті - ішінде оралып жатқан личинка 
табылады. Кейде құрсақ қуысына қарай жарылған түйіншіктің іріңі перитонит 
тудырады. Түйіншіктің көптеп орналасуы әдетте ішектің шажырақайға бекінген 
жерінде болады. Мыңдаған түйіншіктер конгломерат құрғанда ішек айналып 
(инвагинация) кетуі кездеседі. Түйіншіктерді кесіп қарағанда ірің арасында 
эзофагостомдар табылады.
Түйiншектердiң саны мыңдаған, олардың көлемi иненiң жасуындай, тары, 
бұршақ дәнiндей. Балаңқұрттар тек қана жас түйiншектерден табылады, ал 
ересек құрттар тоқ iшектiң iшiнен iздестiрiледi. Көпшiлiгi жансызданған 
(некроз) немесе iшi iрiңге толған, кейбiреулерiнiң аузы тыртықтанып бiтелген, 
iрiңдi колит (тоқ iшектiң қабынуы) белгiлерiн байқауға болады.
Балау әдеттегідей инвазиялық балаңқұрттарын зерттей отыра расталады. 
Өлген малдың өлексесінде тоғышардың ересегі тоқ ішектің саңылауында, ал 
балаңқұрты ішек қабатында табылады.
Емі. Тиімді препарат ретінде нилверм (15мг/кг), фенотиазин (0,5г/кг), 
панакур, ринтал, альбендазол, альбен қолданылады. Сонымен бірге тиабендазол 
мен мебенвет ұсынылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет