К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет49/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық 
деректер. 
Орталық Азияда, Крымда, Таяу Шығыста 
және Қазақстанда тіркелген. Ұлудан шыққан 
спороциста қабырғалары жуан, сол себепті 
ішіндегі 
церкарий 
клиникалыққы 
ауа 
құбылыстарынан қорғайды. Ішкі қабығы 
жақсы дамыған. Неорганикалық тұздың 
қаныққан ерітіндісінде өлмейді. Төлдердің 
және 
ересек 
қойлардың 
зақымдалуы 
көктемде және жазда көтеріледі.Жануардың 
жасына байланысты инвазия интенсивтілігі 
көтеріледі.Дефенитивті 
ие 
организмінде 
эуритрема паразитінің өмір сүру мерзімі бір жылдан аспайды.
Патогенезі ұйқы без өзегінің ішінде тіршілік етіп, эуритремалар оларды 
бұзады, кенейтеді, кейде бекітеді, сондықтан бездің кей жерлерінде атрофия 
білінеді. 


60 
Клиникалық белгілері интенсивті инвазия кезінде малдар ариды. 
Оларда созылмалы 
диарея және бас, мойын, кеуде аумақтарында ісіктер білінеді. Кахексия кезінде 
өлім болуы мүмкін. 
Патологиялық-анатомиялық өзгерiстер ұйқы безі үлкейген, қызыл 
түсті, консистенциясы былжыраған іші көп санды трематодаларға толған. 
Балау тірі кезінде овоскопия арқылы, ол үшін Дарлинг және кезендік 
шаю әдісін қолданады. Эуритрема жұмыртқалары қара - қоңыр түсті, ұзындығы 
0,044-0,48 мм. Бір шетінде қақпағы болады, ал екінші шеті тығынды болады. 
Эуритрема жұмыртқаларын дикроцеллиоз жұмыртқасынан ажырату керек. 
Сойып ашып қарағанда ұйқы безінде мінезді өзгерістер және көп гельминттерді 
көруге болады. 
Емі және алдын алу шаралары: зерттелмеген. 
 
 
2.13 Құстың эхиностоматидозы 
 
Эхиностаматидоз – үйрек, қаз, сирек тауық, күрке тауық, көгершін және 
тағы басқа суда жүзетін құстардың ауруы. Трематода Echinostomatidae 
тұқымдасы, Echinostoma, Echinoparyhium және Hypoderaeum туыстығы. 
Эхиностоматида аш іШектеун артқы жағында және тоқ ішекте тіршілік етеді. 
Қоздырушысы –Echinostoma revolutum кең таралған толық жынысты 
гельминттер, ұзындығы 7-12 мм, ені 2 мм- ге дейін. Адоральді дискте 35-37 
тікенек болады. Жұмыртқалары сопақша келген 0,1-0,13 

0,05-0,07 мм, бір 
жағында қақпағы бар, түсі ақшыл – сарғылт, қоңырға дейін. 
Echinoparyhium reсurvatum. Трематода денесінің ұзындығы 2,0-5,0 мм, 
максимальді ені 0,85 мм. Адоральді дисктің екі қатарында 45 тікенек 
орналасқан. Жұмыртқа сопақша келген 0,09-0,1; 0,05-0,06 мм, бозғылт-сары 
түсті. Жұмыртқаның доғал жағында қақпағы бар, ал қарама - қарсы жағында 
төмпешік. 
Hypoderaeum conoideum ұзындығы 8-11 мм, ені 1,6 мм- ге дейін. 
Адоральді диск нашар дамыған, онда 47-53 ұсақ екі қатарлы тікенек бар. 
Жұмыртқа сопақша келген 0,1 - 0,06 мм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет