К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет47/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгiлерi. Инвазияның ағымында 3 сатысы бар: 
1-шi сатысы. Тауық түрiне қарай сау. Онымен салынған жұмыртқалар 
басында мөлшерi мен құралы қалыпты, бiрақ скорлупасы жiңiшкерiп, жұмсақ 
болады, кейiн қабықсыз жұмыртқалар пайда болады. Сосын жұмыртқа салу 
қиындайды және жұмыртқа шығуы тоқталады. Простогонимоздың 1-шi сатысы 
мамырдың 2-шi жартысында немесе маусымның басында басталып, 1 айға 
дейiн созылады да, ауру тауықтар жазылуы мүмкiн. 
2-шi сатысы. Құстардың көпшiлiгі ауру. Олар солғын, азықтануы төмен, 
кейде клоакадан жұмсақ скорлупаның шетi шығып тұрады немесе қою 
сұйықтық ағады (әк ерiтіндiсiне ұқсас). Тауықтардың iшi үлкейген. Тепе-теңдiгi 
бұзылады. Құлап кетпеу үшiн құс аяқтарын әр түрлi жақтарына қояды. Осылай 
1 аптаға дейiн созылады. 
3-шi сатысы. Дене температурасының жоғарлауымен, шөлдеудiң 
күшеюiмен, ауру түрмен, күштердiң төмендеуiмен сипатталады. Құрсақты 
басып көргенде ауырсынады. Клоака қызыл түстi, оның қасында және iштiң 


58 
2 сызба. Prosthogonimus sp. даму сызбасы 
артқы жағында қанаттары түсiп қалады. Осындай ауыр жағдай 2-8 аптаға дейiн 
созылады да, кейiн құс өледi. Ауру 1,5 - 2 айға созылуы мүмкiн. 
Патологиялық-анатомиялық 
өзгерiстер 
өлген 
сойылмаған 
тауықтардың клоака аумағында қабыну процесстерi көрiнедi. Ашып сойғанда 
жұмыртқалық және жұмыртқа жолы қабынған, қабырғалары жатымсыз иiстi 
қою сұйық iрiндi – фибринозды массасымен қапталған. Жұмыртқа жолында 
деформальды жұмыртқаларды немесе белоктық заттарды табуға болады. 
Простогонимустардың инвазиясы жоғары болғанда патанатомиялық 
өзгерiстер айқын көрiнедi. 
Балау клиникалық белгiлердiң, Эпизоотологиялық деректердiң және 
клоакадан алынған бөлiнділерiн зерттеу негiзiнде қойылады. 
Жұмыртқалары – сары-қоныр түстi, мөлшерi 0,02 х 0,01 мм, қақпағы және 
төмпешiгi болады. Өлген кезде құстарды ашып союына және жұмыртқа жолын 
немесе фабрициялы қапшығын зерттеуiне негiзделген. 
Емi аурудың басында ғана нәтижелерi болады. Гексахлорэтанды. 12 сағат 
аш ұстағаннан кейiн iшке 3 күн бойы, 0,5 дозада әр құсқа берiледi. 
Четырехлорлы сутекті өңештi зонд арқылы iшiне 1 рет немесе шприц арқылы 2-
5 мл дозада әр тауыққа ұйқы безiне еңгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет