61
13-15
күн ішінде толық жынысты трематодаға айналады. Барлық
Қоздырғышының даму биологиясы 4-5 айда аяқталады.
Эпизоотологиялық деректері. Құстар ерте көктемнен күздің соңына
дейін зақымдалады. Көбіне үйрек және қаз 3-4
айлық балапандарда өлім
байқалады. Инвазияны үй және жабайы суда жүзетін құстар таратады. Одан
басқа су қоймаларда қыстап шыққан аралық және қосымша иелер арқылы
сақталады.
а)
б)
10 сурет.
а – Echinostoma revolutum ; б– Hypoderaeum conoideum
Патогенезі және клиникалық белгілері инвазия интенсивтілігіне
байланысты, әсіресе жиі балапандар аурады. Оларда тәбеті жоғалады, іші өтеді
және жалпы әлсіреу байқалады. Өсуі және дамуы баяулайды. Ірі құстар
жұмыртқалауы төмендейді. Кахексия кезінде өлім болуы мүмкін.
Патологиялық-анатомиялық өзгерiстері. Шектеун кілегей қабығы
ісінген, саңылауда қою сұйықтық, кейде қан аралас. Аш және тоқ ішек
геморрагиялық қабынған, онда көптеген трематода табылады.
Балауды гельминтоовоскопиялық кезендік
шаю әдісімен және өлексені
зерттеу арқылы қояды. Өлексені сойғанда көп мөлшерде трематода байқалады.
Эхиностома және гиподерлар жақсы көрінеді, ал эхинопарифийлар кішкентай
болғандықтан оны табу қиын. Ол үшін ішек
кілегейінен жұғынды алып, оны лупамен қарайды.
62
Емі келесі антигельминтиктар қолданылады: феносал, мөлшері 0,6 г/кг,
азыққа
топтық әдіспен береді; төртхлорлы көміртек, мөлшері 2-4 мл бір басқа.
Достарыңызбен бөлісу: